Білім сабағы Менің Отаным-Қазақстан

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім сабағы

«Менің Отаным -Қазақстан»

Сабақтың тақырыбы: Менің елім Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

  1. Танымдық бөлімі: «Мәңгілік ел» ұлтық идеясының құндылықтары.

Мемлекеттік рәміздері, өз елінің дәстүрлері, тарихы, мәдениеті.

  1. Тәрбиелік бөлімі: Балаларда патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

  2. Шығармашалық бөлімі: «Сәт сапар, Білім кемесі»

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихын түсіндіру, олардың халқының бірлігін нығайтудағы маңызын аша отырып, бірлік күн көзін балалармен құру.

Сабақтың құралдары: Плакаттар. «Менің Отаным -Қазақстан», «Бір халық, бір ел, бір тағдыр». Республика рәміздері, белгілі тұлғалардың және көрікті жерлердің фотосуреттері, күн көзінің макеті.

Кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

1.Мотивациялық

қозғаушы кезең










Балалар біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.Әрбір республиканың республика екенін білдіретін өздерінің әні,туы, елтаңбасы, ел басшысы болады.

Қазақстан ел басшысы кім ? деп сұрақ қойылады

Ал енді бәріміз тұрып ән тындайық. Ол біздің әнұранымыз.

Ән сендерге ұнады ма?

Мына суретке қарайық. Мынау Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, тудың түсі неге ұқсайды?

Көк аспан көгілдір, бұрышында күн шығып, аспанда қыран бүгкіт ұшып келе жатыр.

Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап, қыран бүркіттей ұша берсін дегені.Халқымыздың бірлігін сақтау үшін әр адамның бойында қандай қасиеттер( сүйспеншілік, қайырымдылық, қамқорлық,сенімділік, жауапкершілік, сыйластық, сабырлық,достық, патриоттық) болу керегін біз анықтап «Бірлік» күн көзін құрайық

Балалар тәрбиешімен амандасады.

Қазақстан Республикасының рәміздерімен танысады.

Балалар жауап береді.

Н.А.Назарбаевтың фото суретін көрсетеді.

Ән ұранды тыңдаиды.


Көрсетілген тудың суретін қарап, қандай түсті екенін анықтайды.


Балалар ата-аналардың көмегімен

«БІРЛІК» күн көзін құрастырады

Ұйыдастырушылық ізденістер кезеңі







Рефлекстік зертеуші кезең

Біз өмір сүретін әлемдегі барлық адамдар қайда тіршілік етеді?

Жер бетінен басқа бізге не ортақ?

Кең байтақ Қазақстан республикасының жері туралы толық танысамыз.

Астана қаласын картадан көрсету.

Балалар картамыз қандай түспен боялған?

Картаның түсі әр түрлі болса біздің жеріміздің табиғаты да әртүрлі, біздің жерімізде тұратын кісілер де әр түрлі үлттар . Біз бәріміз тату тәтті өмір сүреміз.

Балалар бүгін сабақта біз сендермен көп қызық пен танысып көрдік. Қорытындылау:


Балалар жер беті деп жауап береді.

Күн, су, ай,жел ортақ

Қазақстан республикасының жерімен (картасымен) танысады.

Астана қаласының фотосуреттерін қарап танысады

Әр түрлі түспен деп жауап береді

«Достық » әні шырқалады. (ата-аналар көмегімен)



. Қазақстан рәміздерімен, жерімен, көп ұлттар мекендейді,табиғатымен таныстық, ән ұран орындау тәртібімен таныстық.

Балалар сабақты «Ұлытау» сергіту биімен аяқтайды



Сүйспеншілік

Қайырымдылық

Қамқорлық

Сенімділік

Жауапкершілік

Сыйластық

Сабырлық

Достық

Патриоттық

Бірлік



«Менің Отаным -Қазақстан»

«Бір халық, бір ел, бір тағдыр»

«Сәт сапар, Білім кемесі»


Достық

Ортақ мекен жер шары

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлтың баласы

Достығымыз жарасқан

Ортақ бізге бір Отан

Ортақ жердің байлығы

Еңбек ортақ, жыр ортақ

Ортақ бізге барлығы


© 2010-2022