Методич. материал Әдеп әліппесі

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бұрғамбаева Қарлығаш Нұрғалиқызы

Мектепалды сынып мұғалімі

Абай атындағы ОМ МДШО

Ақсу ауданы

Бағыты: бастауыш сынып

Бағдары: әдеп әліппесі

Әдеп әліппесі

(қолданбалы курс бағдарламасы, мектепалды сынып)

Түсінік хат

Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңында «Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері» туралы 5-6 жастағы балаларды мектепке дайындауға арналған бағдарлама жасалынды. Сол бағдарламаны басшылыққа ала отырып, баланы рухани және жан-жақты дамыту оны оқыту және тәрбиелеу арқылы жүзеге асыру-ұстаздардың міндеті.

Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асылда абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани адамгершілік тағлымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алған жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез- құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.

Мақсаты:

- халқымыздың әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, ілтипаттық, қонақжайлылық сияқты қасиеттерін жас ұрпақтың санасына сіңіру, халықтық педагогиканы, сан ғасырлардан қалыптасқан дәстүрлерді, әдет ғұрыптарды жан-жақты терең білу, ұлттық-мәдениетті өмірмен байланыстыру.

Міндеті:

  • халқымыздың ғасырлар бойы атадан балаға берілген тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ережелерін өмірмен байланыстыра отыра тәрбиелеу.

Өзектілігі:

  • күнделікті тұрмыста халықтық педагогикаға және салауатты өмір сүруге насихаттау.

Нәтиже:

  • өзін-өзі дамытуға, осы алған білімдерін өмірлік тәжірибелерінде пайдаланумен қатар қолдану.



Тақырыптық күнтізбелік жоспар

Р/с

Тақырыбы

Сағат саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

Әдептілік әліппесі Ә.Асылбеков.

Әдептілік әлемі Е.Өтетілеуов.

Өзіне-өзі қызмет ету

Сәлем - сөздің анасы

Үлкенге құрмет, кішіге міндет

Жақсы мен жаман Р.Тышқанбаев.

Қандай болып өсемін С.Қалиев.

Әдеппен сөйлеп әдеттен (әңгіме)

Не деу керек? Ә. Дүйсенбаев.

Ойын және әдептілік

Адам болам десеңіз. Абай.

Ырымдар әдептілікке бастайды

Отбасындағы сыйластық. Кішіпейілділік.

Мектептегі әдептілік сақтау ережелері

Дос болу, досын сыйлау

Ғылым таппай мақтанба. Абай.

Имандылық, қайырымдылық, мейірімділік

Дастархан басындағы әдеп

Атаның баласы болма, адамның баласы бол

Алтын сөз. Адамға жақсылық тілейік

Бабалар сөзі - даналық көзі

Ұлылардан ұлағат.Шешендік сөздер

Адамдық іс. Т.Ізтілеуов.

Әке мен бала.Ы.Алтынсарин

Аулақ бол жаман әдеттен

Тыйым сөздер

Туыстық қарым-қатынастар

Жақсыдан қашпа, жаманға баспа

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Обал-сауап,ысырап, үнем және әдеп

Табиғатты аялайық (сурет салу)

Мақал-мәтелдер


1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Қолданылған әдебиеттер:

1.«Мектепалды» журналы № 1,2, 2013ж

2.Ә.Табылдиев. «Тәрбие өрнектері» Алматы «Мектеп» 1989ж

3.Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы,2006ж.

4. Халықтық педагогика - даналық мектебі. Аманова Ғ.Алматы,2012ж



© 2010-2022