Баланы жазалауға болама болмайма

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



«Баланы жазалауға бола ма, болмайма?»

«Баланы бес жасқа дейін ханыңдай сыйла, алтыд­ан бастап құлша жұмса, он бестен кейін досыңдай сырлас» дейді. Бұл нақыл сөзде баланы­ жас шыбықтай иілгіш кезінен еңбекке баулып, жалқаулық дертіне шалдықтырмай, еңбекпен ширатып, шыныққан шымыр азамат болып өсуін айтқан. Өкінішке қарай бүгінгі тәрбие өзгеше.

Бір күні жұмысқа асығып келе жатсам, жолдағы үйден: «Ей, жетесіз, оңбаған. Сен неге айтқанды істемейсің, бір айтқанда тұрып кетсең, еш нәрсе болмайтын еді» деп айқайлап жатыр екен. Жаңағы сөздерді естігенде шошып кеттім. «Балан­ы неге сонша сөгеді, жәй сөзбен айтса да түсінеді ғой» деп жаңағы баланы ойлап келдім. Мен ойлағаннан не пайда? Анасы «Қой балам, барып қайта ғой, сен жақсы баласың ғой» десе, осы жылы сөзді естіген бала қуана жүгіріп кететін­ еді. «Баланы алдымен экономикалық жағынан қамтамасыз етсе болды, қалғаны өздігінен шешілед­і» деп ойлайтын ата-аналар баршылық. Ол да дұрыс, бірақ бала үшін ата-ана тәрбиесінің алатын орны ерекше. Абайсызда бір нәрсе бүлдіріп алған балаға анайы сөздер айтып, ренжі­тетін ата-аналар бар. Оған «айналайын», «жаным» деген сөзінен басқа еш нәрсе керек емес.

Бір күні мәдиналық бір кісі бақшасында өсіп тұрған құрмасына тас лақтырған баланы сүйреп отырып Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) әкеледі­. Келген кісі ашуланып: «Мына баланы бақшам­да өсіп тұрған құрмаға тас лақтырып жатқан­ жерінен ұстап алдым», - дейді. Пайғамбарымыз сабырлы қалыппен: «Балам, құрма ағашына неге тас лақтырдың?» деп сұрайды. Бала: «Қарным ашты. Үйде құрма болмаған соң құрма жегім келді» дейді. Пайғамбарымыз: «Жерге­ түскенін жесең же, бірақ енді құрмаға тас лақтырма жара­й ма?» деп басынан сипап, оған былай деп дұға жасайды: «Уа, Алла тағалам! Бұл баланың қарнын тойдыра гөр» дейді. Осыдан кейін бала бай болып шығыпты-мыс.

Пайғамбарға әкеле жатқанда бұл бала қандай­ қорқынышпен келді десеңші?! «Маған қандай жаза қолданар екен? Не деп ұрысып, қалай жаза­лар­ екен?» деп қатты қорқып келген балаға Пайғам­барымыз: «Балам» деген жалғыз-ақ сүйіспеншілікке толы жылы сөзін айтқанда, бала да бар уайымын ұмытып, Пайғамбарымызға мейірлене­ қарады.

Міне, осы мысалда балаға қандай мейіріммен қарағаны туралы баяндалған. Қазіргі кезде­ ата-аналардың дені айтқан тілді алмайтын балал­арды жазалау арқылы тәрбиелеу керек деп ойлайды. Мұндай зорлық-зомбылықты көріп өскен бала есейгенде ешкімге дес бермейтін, безбүйрек, қатал болады. Қоғамдағы адамдықтан ада, қатыгез қылмысқа баратындардың көпшілігі - осы балалар. Жақсы нәрселерді тілмен айтқанн­ан гөрі, көзбен көргенді тез қабылдайтын баланы тәрбие­леу­ші ата-ана жақсы қасиеттердің иесі болғаны жөн.

«Тәрбие басы - тал бесік» деп ата-бабамыз айтқандай, әрбір бала ата-анасына жақын өсуі керек­. Қиналған сәттерінде олардан еш нәрсе жасырмай кеңесіп отыруы керек. Бұндай бала өсе келе сана-сезімі, ойлау қабілеті жоғары болады. Күніне 5-6-сағат уақытын балаға арнаса, бала отба­сына жақын, туған-туыс­тарына мейірімді, бауырмал болып­ өседі. Өсе келе жақсы мен жаманды ажыратып, бір нәрсені жасарда ата-анасымен ақылдасып, ойланады.


Баланы жазалаған дұрыспа?

Бірқатар ата-аналар баласын жөнге салу үшін оларды әлі күнге дейін ұрады, оларға ұрсады, әртүрлі тиымдар салады. Этнограф Жағда Бабалықұлының айтуынша, дүниеде адамды ұрып-соғу тәрізді жазалардың жүз жиырма түрі бар. Ал баланы жазалау дегеніміз оны міндетті түрде таяққа жығу емес. Ата-ана тарапынан бір нәрсеге рұқсат бермеу, шектеу қою, өкпелеу, сөйлеспей қою да жаза түрлеріне жатады. Негізінде, жазалаудың тәрбиелік ықпалы болатын да жақтары баршылық. Мысалы, Сіз балаңыздың жеңіл-желпі бұзықтығына мән бермей, кешіре салсаңыз, ол өзінің осындай іс-әрекеттерінің елеусіз, жазалаусыз қалатынына сеніп, оны қайталай беретін болады. Сонан жеңіл-желпі бұзақылық үлкен тентектікке де ұласады. Алайда есте болатын бір жағдай, баланы үнемі қатал тәрбиелеп, оның әрбір әрекетіне жөнсіз ескерту жасай бермеңіз. Мұндай бала жасқаншақ болып өседі. Және де орынсыз айтылған сын-ескертулер баланың өзін-өзі бағалауын, өзіне деген сенімділігін де төмендетеді. Олар өскенде өз бетімен әрекет жасауға қорқады. Ата-анасы үнемі кемшілігін көріп, ұрсу ести берген баланың көп іске деген ынта-ықыласы мен құштарлығы да жойылады.

Шығыс ойшылдары балалардың қателік жасауларына рұхсат ету керек, - дейді. Себебі, қателескен сайын балалардың тәжірибесі арта түсетін көрінеді. Қателесу, оны түзету үстінде балалар өздерінің қолынан қандай істердің келетінін де түсініп, басқалардың көмегіне мұқтаж болмай өседі. Тек, баланың қате қылығын тыйған кезде оның орнына басқа бір дұрыс қылықты көрсету, үйрету қажет. Ойнағанда да, бір нәрсемен шұғылданғанда да осы қағида ата-анасының есінде болса, нұр үстіне нұр жауады. Балалық қызығушылық көп қателіктерге ұрындыратындықтан, ол үшін жазаламай, керісінше, оған талдау жасалып, дұрыс бағасы беріліп отырса, қажет кезінде қателігін қайталай бермеуі үшін баланы жазалап қойса да артық емес. Алайда кешірім өте жиі жазалау шектен болмасын



№ 32 «Қуаныш» МДҰ





«Баланы жазалауға бола ма, болмайма?»



Орындаған: психолог Л.А. Жолаушыбаева



© 2010-2022