Екі таңбалы санды көбейту және бөлу тақырыбын қайталау

Раздел Дошкольное образование
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі

№32 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Екі таңбалы санды көбейту және бөлу тақырыбын қайталау




Екі таңбалы санды көбейту және бөлу тақырыбын қайталау




Тақырыбы:

Екі таңбалы санды көбейту және бөлу тақырыбын қайталау

Сыныбы 4

Пән мұғалімі Бейсембиева Г. А.









Тараз қаласы

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сангы көбейту және бөлу тақырыбын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың «Екі таңбалы санға көбейту және бөлу» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы, терең меңгеруіне; ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру; біліктіліктерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, білімді және білімін пайдалана білетін, бүгінгіні түсінетін, кешегіні білетін, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстан мемлекеті туралы айта отырып оқушылардың патроиоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаттығу және тәжірибелік сабақ

Сабақтың типі: Жарыс сабақ

Оқытудың әдістері: Сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, ойын технологиясы элементтері.

Оқытудың формасы: Топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, география, саясат

Сабақтың көрнекілігі: 1. Презентация-слайд

2. Дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (2-мин).

а) Сәлемдесу;

ә) Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау;

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

в) Сынып бөлмесінің дайындығын тексеру;

г) Рефлексия. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алыңдар.

Екі таңбалы санды көбейту және бөлу тақырыбын қайталау

ІІ. Оқушыларды сабаққа әзірлеу (3 мин).

а) Оқушыларға жұмбақ жасырылады:

Мынау менің жүрегім бәрі осыдан басталған,

Мынау басым ақылды бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым барлық істі атқарған.

ә) Топқа бөлу

«Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алыңдар.

Екі таңбалы санды көбейту және бөлу тақырыбын қайталау

«Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алынған.Осы суреттің артқы жағындағы тапсырманы орындай отырып топтасамыз

Оқушылар берілген көптаңбалы сандардың екі, үш немесе төрт таңбалы екенін анықтап топтасады.

1-топ екі таңбалы сан

2-топ үш таңбалы сан

3-топ төрт таңбалы сан болып топқа бөлінеді.

б) Топтардың «Алтын ережесімен» таныстыру

  1. Ұран «Кемедегінің жаны бір».

  2. Бағалау топбасшысы арқылы жүргізіледі. Бағалау әділ жүргізілмесе топтан бір ұпай шегеріледі.

  3. Егер топтағы бір оқушы сабаққа атсалыспаса, онда топтан тағы бір ұпай шегеріледі.

  4. Бір оқушының айтқанын екінші оқушы қайталап айтуға болмайды. Қайталап айтқан жағдайда топқа ұпай саны қосылмайды.

в) Сабақтың мақсатын айқындау

Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақта «Екі таңбалы санға көбейту және бөлу » тақырыбы бойынша есептер шығаратының айта отырып мынадай әрекеттерді орындайды:

- оқушыларға сабақтың мақсатын қойғызады;

- оқушының жауабына толықтырады;

- осы мақсатқа жетудің міндеттерімен таныстырады:

Екі таңбалы санды көбейту және бөлу тақырыбын қайталау

г) сабаққа кіріспе

Мұғалім оқушыларға мынадай сұрақтар қоя отырып, сабақты бастайды: «Алдымызда қандай ұлы мереке келе жатыр? Қазақстан жылдан жылға өркендеп өсіп, дамуда. Жетістіктерінің саны күн санап артуда. Биылғы жылы Қазақстан қандай үлкен жетістіктерге жетті? Бүгінгі сабақта Қазақстанның тағы да бір үлкен жетістігін сөз етеміз. Олай болса іске кірісейік»

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау жүргізу (10 мин).

а) Үй тапсырмасының дәптерде орындалуын тексеру.

ә) Өткен тақарыпты қайталау ( Электрондыоқулық)

1-тапсырма. «Қазақстанның биік белесі». Берілген тапсырманы ауызша есептеп, жауабын төмендегі торкөзге жаз.

Біз бұл тапсырмадаберілген тест жұмысын шығара отырып, Қазақстанның биік белесімен танысамыз

Әрбір дұрыс дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

8 есеп . 156 бет.

Салыстырыңдар:

1. 6т 8ц < 7т 80 кг

2. 50км 100м > 5100м

3. 25х10+25х7 = 17х25

4. 120:4 < 2х3х6

5. 6м 59 см > 5м 55 см

6. 35ц < 5т 3ц

7. 28х6х10 = 28х60

8. 80х(5+4) > 80х5+80

Ұпай

Дискриптор

1

Үй жұмысының 2 есебі дұрыс

2

Үй жұмысының 3 -4 есебі дұрыс

3

Үй жұмысының барлығы дұрыс

Жауап парағы

Е

Х

Р

О

-

20

17

2-тапсырма. «ЕХРО-2017». ЕХРО-2017 туралы мәліметті толық оқығын келсе әр топ өзіне берілген тапсырманы орындап, жауабын тиісті орынға қояды.

Екі таңбалы санды көбейту және бөлу тақырыбын қайталау

EXPO - 2017

Expo (Экспо) - дүниежүзілік көрме. Ол техникалық, технологиялық табыстарды көрсетуге арналған халықаралық көрме.

Экспо 2017 - 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана

қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.

Бөлуді орындаңыз:

260 : 26 =10

180 : 18 =10.

390 : 39 = 10

560 : 56 =10

870 : 87 =10

Амалды орындаңыз:

(172:2+4):9=10

(26х15:3):13=10

(13х5+5):7=10

Әрбір дұрыс шығарылған есеп 2 ұпаймен бағаланады.

б) Көрме тақырыбы. Амалды орында.

Оқушылар сұраққа дұрыс жауап берген сайын «ЕХРО-2017» көрмесіне Қазақстанның ұсынған тақырыбының әріптері біртіндеп кестеге жазылып отырады.

Шығару жолын жалғастыр:

72х8=72х(4х2) =72х4х2=288х2=576

Шығару жолын жалғастыр:

576:8=576:(4х2)=576:4:2=144:2=72

Баған түрінде көбейт:

56х7=392

Баған түрінде бөл:

392:7=56

Баған түрінде бөл:

558:93=6


Сұрақ №

1

2

3

4

5

6

7


8

9

10

11

12

Көрме тақырыбы

Б

О

Л

А

Ш

А

Қ


Қ

У

А

Т

Ы

ІV. Есептер шығару (23 мин)

1-тапсырма. Жарқын жеңіс. Оқушыларға мынандай мәлімет беріледі:

Екі таңбалы санды көбейту және бөлу тақырыбын қайталау

Қазақстанның жинаған дауысын есептеп табу бірінші топқа, Бельгияның жинаған дауысын есептеп табу екінші топқа беріледі.

І топ ІІ топ

721:7=103 (99:33+76:4)х2=44

Әрбір дұрыс шығарылған есеп 2 ұпаймен бағаланады.

2-тапсырма. Көрме логотипі.

Көрме логотипінін суретін ашу үшін әр топтағы берілген есепти шыгаруы тиіс.

Екі таңбалы санды көбейту және бөлу тақырыбын қайталау

Тақтадағы есептерди шығару үшін тақтаа оқушыны шығарып тақтамен жұмыс жасауы тиіс.

Бөлуді орында және тексер.

1-топ 2- топ 3-топ

592:74=8 268:67= 4 498:83= 6

522:6=87 432:8= 54 576:9=64

655:74=8 қ? 297:67=4 қ? 580:65 =8қ?

Осылайша логотиптің суреті оқушыларға ашылады.

Әрбір дұрыс орындалған тапсырма 3 ұпай беріледі.

  • Логотип күн сәулелерінің таралуын энергия көзі және энергия нышаны ретінде белгілейді.

  • Тегiс және әдемi формалары бар дөңгелек гүл жапырақшалары қозғалыс және энергияны суреттей отырып айналмалы түрде симметриялы орналастырған.

  • Сары және ашық-көгiлдiр түстер басым, олар кемпiрқосақтың түстерiн еске салады.

  • Логотип жарқын, көркем және интерактивті формада жаңа энергияны білдіреді.

  • Жазуы айқын, қарапайым, құрылымы бойынша мәнерлі.

Екі таңбалы санды көбейту және бөлу тақырыбын қайталау

3-тапсырма. Көрме тарихы және болашағы. «Дүние жүзілік көрме»

Тақтаға Лондондағы Хрустальды сарайдың, Эйфель мұнарасының және Астанадағы болашақ көрме қалашығының суреттері ілінеді. Бұл суреттің бірінде есептер жазылған қағазбен жасырып қоямыз. Оқушылар есепті шығарған кезде ғана сол есептің астында жасырылған суретті ашалады.

Екі таңбалы санды көбейту және бөлу тақырыбын қайталауЕкі таңбалы санды көбейту және бөлу тақырыбын қайталауЕкі таңбалы санды көбейту және бөлу тақырыбын қайталау

Қазақстандағы болашақ көрме қалашығы

Екі таңбалы санды көбейту және бөлу тақырыбын қайталау

Қорытынды:

Не үйрендік? Не білдік?

V. Бағалау (4 мин)

а) Оқушыларды бағалау. Топ басшылары оқушыларды бағалайды. Басқа оқушылар және мұғалімдер тарапынан бағаның әділдігі талданады.

ә)Топтарды бағалау. Қорапшаға жинаған жұлдызшалар саны есептелінеді. Жұлдызша саны көп топ жеңіске жетеді.

VІ. Үйге тапсырма(1 мин)

№163, 164 тапсырмалар.

VІІ. Қорытындылау (2 мин)

а) Оқушылар сабақты өздері қорытады.

ә)Рефлексия. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алыңдар.

Екі таңбалы санды көбейту және бөлу тақырыбын қайталау

© 2010-2022