«Вагондарды тіркеген пойыз» ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1-ші кіші топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Вагондарды тіркеген пойыз»

Мақсаты: Балаларға қызыл, сары, жасыл түстерді ажыратып, атай білуге үйрету.

Білімділік: Дайын пішіндерден композиция құрастыра білу іскерліктерін бекіту.

Дамытушылық: Суреттің композициясын құрастыруда балалардың шығармашылық іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Жүргізуші мамандығын құрметтеуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: пойыздың макеті, түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім, дайын үлгінің суреті.

Әдісі: Түсіндіру, көрсету, сергіту, сұрақ -жауап, мадақтау, қайталау.

Билингвалдық компонент: пойыз - поезд, вагон - вагон, жүргізуші - водитель.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз!

Жарқырайды тобымыз!

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, қонақтар!

Балалар тәрбиешінің айтқанын қайталап, шаттық шеңберді жасайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.

- Балалар, терезеге қараңдаршы!

- Бүгін ауа-райы қандай?

- Дұрыс айтасыңдар! Далада құстар сайрап тұр. Күзде ұшып кеткен құстар бізге қайтадан ұшып келді.

Құстар қалай ұшады?

Яғни, қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілі туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

- Көктем мезгілінде аюлар да қыс бойы ұйықтап, ұйқыдан оянады.

Балалар аю қандай жануар?

Аю қалай жүреді?

- Міне аю бізге бүгін қонаққа келе жатыр. Ол сендерге сыйлық әкеліп жатып, өз вагондарын жоғалтып алды.

-Балалар пойыз дегеніміз - ол жер көлігі.Ол кішкентай машиналар сияқты жолмен жүрмейді.Ол темір жолмен жүреді.

- Балалар, біз енді аюға вагондарды құрастырып жапсырып көмектесейік. Сендер жақсылап көмектесеңдер, аю сендерге өз сыйлығын береді.

- Қараңдаршы, сендердің үстелдеріңде қызыл, сары, жасыл вагондар жатыр. Енді біз осы вагондарды рет ретімен поезға жалғайық. Алдымен қызыл түсті вагонды жапсырамыз. Келесі сары түсті вагонды жапсырамыз. Одан кейін жасыл түсті вагонды жапсырамыз.

- Міне, балалар біз вагонды поезға тіркеп алдық.

- Ал, сендер, пойыз туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

- Сендер пойызға мініп көрдіңдер ме?

- Ендеше бізде пойызға мініп, Астана қаласына барайық.

Қазір мен сендерге Астана-Қарағанды теміржол билетін таратып беремін.

- Балалар, пойызды жүргізетін адамды жүргізуші деп атайды. Жүргізуші пойызды жүргізген кезде, оған кедергі жасамауымыз керек.

- Пойыз қалай дыбыс шығарады?

- Кім пойызды жүргізеді?

Сергіту сәті:

Гурілдеген поездың,

Дауысы естілді алыстан.

Ту-ту-ту.

Теміржолды тербелтіп,

Ту-ту-ту.

- Ал, енді, қайтадан өз тобымызға оралайық.

- Балалар, біздің композициямыз Астана қаласы сияқты әдемі болу үшін, күнді, бұлтты және гүлдерді жапсырайық.

(Композицияны құрған кезде күн мен бұлттың, гүлдердің пішінін енгізу.)

- Балалар, қараңдаршы, менің қолымда не бар?

- Ол қандай пішінді?

- Қандай түсті?

- Күнді қай жерге жапсырамыз?

- Ал, мынау не?

- Жарайсыңдар! Бұлтты да жапсырайық.

- Балалар, қараңдаршы, мынау не?

- Қандай түсті гүлдер?

- Ал жасыл түспен бейнеленген ол не?

- Міне, біздің композициямыз дайын болды.

Балалар терезеге қарайды.

Дала бүгін жылы.

Қанаттарын қағып ұшады.

Қазір көктем мезгілі.


Үлкен жануар.

Маймандап жүреді.

Балалар тәрбиешіні тыңдайды.



Балалар вагондарды рет ретімен жабыстырады.


Балалар сұраққа жауап береді.


Ия.

Балалар пойызға отырады.


Ту-ту-ту.

Сергіту сәтін жасайды.




Күн.

Домалақ.

Сары түсті

Жоғарғы жаққа.

Бұлт

Гүлдер

Қызыл ,сары.

Жапырақтар.

Рефлексивті-түзетушілік

- Балалар, біз пойызға қандай түсті вагондарды жалғадық?

- Неше вагон жалғадық? Аз, әлде көп пе?

- Біз кімге көмектестік?

- Аю сендерге өз ризашылығын білдіріп, сендерге әкелген сыйлығын береді.

Балаларды мадақтау.

Жасыл, сары қызыл.

Көп

Аюға

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- қызыл, сары, жасыл түстерді;

Нені игеру керек:

- пойыз туралы түсінікті;

Нені біледі:

- композицияны құрастыруды.



© 2010-2022