«Өнегелі отбасы» Ата-аналар жиналысы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өнегелі отбасы» Ата- аналар жиналысы«Өнегелі отбасы» Ата- аналар жиналысы«Өнегелі отбасы» Ата- аналар жиналысы«Өнегелі отбасы» Ата- аналар жиналысы«Өнегелі отбасы» Ата- аналар жиналысы«Өнегелі отбасы» Ата- аналар жиналысы«Өнегелі отбасы» Ата- аналар жиналысы«Өнегелі отбасы» Ата- аналар жиналысы«Өнегелі отбасы» Ата- аналар жиналысы«Өнегелі отбасы» Ата- аналар жиналысыМаутқанова Ж.К.

«Өнегелі отбасы» Ата- аналар жиналысы


Мақсаты: Ата - аналармен қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесі туралы пікір алмасу. Күн тәртібі жайлы мағлұмат беру. Өнегелі отбасында ұлттық тәрбиені насихаттау.

Қолданылатын құралдар: слайд, ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне байланысты көрнекіліктер, театр түрлері, дидактикалық қуыршақ, ертегі кітаптар.

Күн тәртібі:

  1. Тренинг «Геометриялық пішіндер»

  2. «Балалық шаққа саяхат»

  3. «Ай, күн және әтеш» оқу іс -әрекеті

  4. Баяндама «Өнегелі отбасы»

  5. Әртүрлі сұрақтар.

Тыңдалды:

1) Құрметті ата - аналар бүгінгі жианалысымызды бастамас бұрын мен сіздермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ендеше алдарыңызда жатқан ақ параққа геометриялық пішіндердің негізінде жандарыңызға жақын пішіннің бірін салыңыздар. Мен сіздерге салған суреттеріңізге қарап отырып, психологиялық мінездеме беремін.

2) Ата - аналар балалардың балабақшадағы күн тәртібімен танысып және бейнетаспа арқылы балалардың балабақшадағы қызықты өмірі жайлы «Балалық шаққа саяхат» атты слайдты тамашалады.

3)Ал енді құрметті ата - аналар балабақшада өткізілетін сабақ - ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне тоқталайық. Сіздер балабақшада кішкентай балаларға қандай сабақ өткізеді деп ойлайтын шығарсыздар. Біз балалармен сабақты ойын түрінде өткіземіз. Бүгінгі жиналысымызда сіздерге «бала» рөлін ойнауды ұсынамын. Мен сіздердің рұқсаттарыңызбен сіздерге балалар деп сөйлеймін. (Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті)

5) Әр-түрлі сұрақтар.



Баяндама

Тақырыбы: «Өнегелі отбасы»

Бала-басты байлығымыз, ал ең асылымыз - оның тәрбиесі. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата -ана және қоғам. Қазақ салтында «отбасы» тәлімі ерекше дәстүр. Отбасындағы көріністің бәрі балаға әсер етеді. Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Ал ана болса отбасы беріктігін сақтаушы, бала тәрбиелеуші, ерлерін сыйлап, рухани қолдау көрсететін тұлғалар.

Сұрақ.Сіздердің отбасыңызда басшы кім?

Үйде әкені сыйлату үшін баламен қалай жұмыс жасайсыздар?

Үйде қандай мерекелерді атап өтесіздер?

Сіздер баланың ұлттық тәрбиеде тәрбиелейсіз бе, әлде батыстық тәрбиеде тәрбиелейсіз бе?

Біздің қазақ «әкеге қарап- ұл өсер, анаға қарап-қыз өсер» - дейді. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын тегін, салт - дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті адами қасиеті мол, шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу сізбен біздің қолымызда. Бала тәрбиесімен көбіне аналар сіздер айналысасыздар.

Мысалы: қазақ халқында асқа бата беру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, үлкеннің жолын кеспеу, қонақ келгенде амандасып, төрден орын беруге, тағы сол сияқты қазақтың салт-дәстүріне тән қасиеттерді бала бойына күнделікті өмірде қолданып отырсақ, біздің балаларымыз нағыз ұлтжанды, ибалы, инабатты қыз бен ұлдарымыз өсетініне сенімдіміз.

Бала жас шыбық сияқты кішкентай кезінен бастап балаға қандай тәрбие

берсек, өскенде сол тәрбиенің жемісін көреміз.

Ұлттық тәрбиеге байланысты біздің балабақшамызда мектеп жасына дейінгі қыз бала тәрбиесіне арналған «Бүлдіршін қыз» бағдарламасы және ер балаларға арналған «Құлыншақ» бағдарламалары бар. Осы бағдарлама арқылы бірнеше үйірмелер ұйыдастырылған. Ол үйірмелерге 4-5 жас аралағындағы қыз және ұл балалар қатысады. Атап өтсек:

Әжемнің үйі - ақ жайлау.

Он саусаққа - он өнер.

Аталар сөзі - тәрбие көзі.

Ізгі сөздер патшалығы.

Осы үйірмелерді өткізе отырып, біз кішкентай бүлдіршіндерімізді ұлттық тәрбиеде тәлім алуына ат салысудамыз. Мысалы: сабақ барысында, тамақ ішкенде мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, тыйым сөздерді қолданып отырамыз.

Тренинг

Геометриялық пішіндер



Мақсаты: Геометриялық фигура арқылы жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерттеу.

Өңделуі:

Шеңбер - достыққа ұмтылатын ашық адамдар, қарама -

қайшылықтарға түспейді. Сезімтал адамгершілігі мол.

Үшбұрыш - билікке ұмтылады. Авторитетті болғысы

келеді.

Агрессия дәрежесі жоғары, көп дау жан - жалға түседі.

Ирек - шығармашылыққа ұмтылады. Іс - әрекетте белсенді,

көбінесе интеллект дәрежесі жоғары бірақта тұрақсыз.

Төртбұрыш - жалғыздыққа ұмтылады, шулы топтарды

ұнатпайды, іс- әрекетті, сезімі де тұрақты.

Тіктөртбұрыш - ерекшеленіп көзге түскісі келмейді.

Жауапкершілікті басқаруды ұнатпайды. Ұйымдастыру

қабілеті жоқ, өз сырын ешкімге айтпайды.



Айтылатын мәселелер:

Кешігіп келуге болмайды

Справкасыз кіруге болмайды

Баланы тырнағы өскен жағдайда қабылдауға болмайды

Ойыншық әкелуге болмайды

Жана жылда

Балалардың тақпақтарын жаттату

Балалар сіздерді танымас, Өздеріңіз маска кию керексіздер

Ұлдар аңдардың кастюмін киіп, беттеріне бояйды

Қыздар қуыршақ алып келіп, ақ көйлек киіп келеді,туфли

Балаларға жаңа жылдық сыйлықтар



© 2010-2022