Доклад дошкольного образования на тему Жүзудің денсаулыққа әсері

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүзудің денсаулыққа әсері

Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан беру сауда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқауды адам іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге болса да қиынға соғады.

Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға бара жатса, оны құтқара да біледі.

Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді.

Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңеді, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартады, оттекпен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады.

Ерте заманнан бері халық арасында таралған су бетінде қозғалу тәсілдері мынадай: су ішінде тіке тұрып қимылдау, бақаша, итше қырындап жүзу және теңізшілердей жүзу тағы басқа.

Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Осыған сәйкес бір-біріне ұқсас екі тәсіл болады - ол жүзу тәсілі және сүңгіу тәсілі. Бірақ олардың бір-бірінен айқын айырмашылығы бар.

Алға қойылған мақсатқа қарай, жүзуді негізінен мынадай үш түрге бөледі: жалпы жұртшылықтың жүзе білуі, спорттық жүзу және қолданбалы жүзу.

Жұртшылықтың жүзе білуінің маңызы - жалпы халықтың дене тәрбиесін жетілдіруге тигізетін көмегінде. Мұны жүзеге асыру үшін, екі түрлі жұмыс атқарылды: 1. Көпшілікке жүзуді үйрету. 2. Жүзудің көмегімен денсаулықты және дамуын нығайту.

Жүзе білудің негізгі құндылығы - суға барып бара жатқан адамдарды құтқару, оларға уақытында көмек көрсету. Осыған байланысты халықты, әсіресе жасөсіпірім балаларды жүзуге үйрету - маңызды міндет.

Суда жүзудің пайдасы -адамның денсаулығын нығайтатындығы, сонымен қатар ол адам өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі.

Жүзуді үйрету - дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі. Ол балалар бақшасында, мектептерде, орта және жоғары білім оқу орындарында іске асырылады. Мектеп оқушыларына жүзуді үйретуге ерекше мән беріледі. Сондықтан жүзу сабағы мектептердің дене тәрбиесі оқу бағдарламасына енгізіледі.

Жүзу сабағы міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін, спортшыларға оқу пәні ретінде өтеді. Бұл пән институттардың, орта білім беретін дене шынықтыру оқу орындарының және мектептердің оқу жоспарларына еншізіліп оқытылады. Сондықтан жүзу сабақтарын маман адамдар өткізуі керек.

Спорттық жүзудің маңызы. Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және т.б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Ал су добы, су асты және мәнерлі жүзу спортының негіздері - жүзе мен сүңгу. Бұл екеуін шебер меңгерген спортшының жоғарыда аталған су спорты түрлері талап қойылады. Мысалы: су добы спорты үшін керегі доппен және допсыз жүзгенді жылдамдық пен ептілік, су асты спортында қолыңдағы қажетті құра-жабдықтарды тастамай, тез жүзіп, сүңғи білу қажет.

Суда жүзудің мынадай спорттық әдіс тәсілдері бар. Кроль - еркін жүзу (етпеттеп және шалқалап), брасс және баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те аталады).

Спорттық жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу әдістерін тыңғылықты орындауға дағдыланады. Жүзген кезде қимыл-қозғалыстың әсерінен дененің барлық бұлшық еттері жұмыс істейді, мұның өзі адамның денсаулығына және тұласына сымбатты болуына көмектеседі. Ал жүзу қашықтығын ұзартқанда, жылдамдықты шапшаңдатқанда денеге түсетін күш біртіндеп байқалады. Осыған жаттығу адамның дене құрылысының төзімділігі ұлғайтады және икемділігін арттырады.

Спорттық жүзу әдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары бар: аяқ-қолдың қимылдары, тыныс алу, дем шығару, жүзуді бастау сәттері, бұзылу т,б,. Мысалы: кроль әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзгенде аяқ пен қолдың қимылын кезектесіп орындалады да, ал брасс және баттерфляй әдістерін қолданғанда қол мен аяқ қатар, бір уақытта бірдей қимылдайды.

Күш-қуатты аз пайдаланып, үлкен табысқа жету үшін спорттық жүзу әдістерімен қимылдары үнемді, дұрыс пайдалануы керек.

Жүзудің денсаулыққа әсері. Жүзу - дене шынықтыру үшін нәтижелі әдістерінің бірі. Ол тұрақты тазалық дағдыларын қалыптасуын мүмкіндік туғызады.

Судың температурасы адамның дене қызуынан қан уақытта да төмен болады, сондықтан су ішіндегі адамның денесінен ауа кеңістігіне 50-80% артық жылу тарайды. Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртұы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тәрбиелейді. Ал жүзу өзен-көлдеде өткізілетін болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсер етеді.

Жүзе - жүрек, қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерін жетілдіруге жақсы әсерін тигізеді. Жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрге адамның жүрек соғуы минутына 72-ден 48-50-ге дейін сирейді, ал қанның көлемі жүрек бір соққанда 70-80 мл-ден 120-140 мл-ге дейін көбейеді.

Жүзу тыныс жүйелерін нығайтып, оның жұмысы дағдыландырып, өкпенің тұрақты сыйымдылығын ұлғайтады. Мысалы, жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрген спортшылардың өкпесінің сыйымдылығы 4000-7000 см 3 дейін, кейде одан да көбірек ұлғаяды.

Судың тығыздығына байланысты тыныс алу, дем шығару қиындайды, тыныс алу судың қысымына, ал дем шығару судың кедергі күшіне байланысты.

Жүзу жүйке жүейсін бекітіп, адамның ұйқысын, асқа тәбетін жақсартады, сол себептен дәрігерлер жүзуді емдік амал ретінде ұсынады. Дене шынықтыруда және емдеуде жүзу сабағы кеңінен таралған әдіс. Жүзу әсіресе балалардың дене құрылысын, денсаулығын жүйелі түрде нығайтуға пайдалы әсерін тигізеді. Сонымен қатар жүзу сабағы балалардың қол-аяқтарының тірек-қимыл жүйесін бекітіп, денесін дамытады және төзімділігін арттырады. Баланың денесі күшті, буындары иілгіш, қимылдары шапшаң және әсем болуына ықпалын тигізеді.

Жүзу егде адамдарға да пайдалы, өйткені ол адам денесінде зат алмасуды күшейтетін жолдың бірі.



© 2010-2022