Тема урока Ұ дыбысы мен әрпі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ұ» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1.Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру,сөз ішіндегі дыбыстың жуан дауысты екенін ұғындыру. Ұ дыбысын дұрыс жаза білуге үйрету.

2.Оқушылардың сөздік қорын,есте сақтауын дамыту.

3.Оқушыларды үлкенді сыйлай білуге баулу.

Оқыту әдісі: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе суреттер,буындар,текшелер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:Түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

- Балалар қонақтармен амандасады.

- Бір-бірімізге қараймыз,жымиамыз,бір-бірімізге жылуымызды берейік.

-Балаларды отырғызу.

2.Өткен сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қайталау(Е дыбысы мен әрпі)

Сурет бойынша жұмыс.Ер,ешкі,есек сөздеріне дыбыстық талдау жасау,буынға бөлу. Үй тапсырмасын бекіту.

3. Жаңа сабақ.

Балаларға жұмбақ жасыру

Ұя,ұлу ұшақтың

Басын бастап беремін

Құс, жұмыртқа, бұтақтың

Ортасында келемін(Ұ дыбысы)

Ұя,ұшақ,ұлу,ұршық сөздері қандай дыбыстан басталып тұр? Ұ дыбысынан.

Ендеше бүгінгі танысатын жаңа сабақ

- Ұ дыбысы мен әріпі

- Ұ дыбысы қандай дыбыс?

Оның бас және кіші әрпінің баспа және жазба таңбасын көрсетіп,дыбыстың

айтылу артикуляциясына көңіл бөлу.

Дауысты. Жуан ба,жіңішке ме? Жуан дауысты дыбыс.

Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгіленеді.

- Қызыл

- Дұрыс.

Әліппе дәптермен жұмыс.

4. Сергіту сәті.

Кәне,қанат жазайық,

Қарлығаш болып ұшайық.

Тік ұста бойыңды.

Жоғары соз қолыңды. Қол жаттығуларын жасау.

Ұ әрпін тақтаға жазып көрсету. Жазу үлгілерін ескерту.

Таза,әдемі жазамыз.

Жаза,жаза жазуды,

Талып кетті қолымыз.

Жақсы жазып жазуды.

5 аламыз бәріміз.

5.Құстың ұясы ертегісін оқып беру.

Мазмұнын сұрақ беру арқылы сұрау.

а) Балалардың ісі дұрыс па?

б) Құстарға қандай қамқорлық жасау керек?

- Балалар,қазір біз құстарға арнап,ұя жасап берейік.Жапсыру әдісі

арқылы үлестірмелі дайын қағаздардан пішіндерді қиып,ұя жасаймыз.

Жақсы жасалған жұмысты көрсетіп,мадақтаймын..

Ұшты-ұшты ойыны .Құстар ұшса оң қолын,заттың аты айтылса сол қолын

көтереді .

6.Сабақты қорыту:

- Балалар,бүгін қандай дыбыспен таныстық?

- Ұ дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?

- Балалар,сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар,жарайсыңдар.

Балаларды бағалау,марапаттау.

Мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі

және музыка пәнінің мұғалімі

Екіаша орта мектебі.

Сарқан ауданы.

Ш.Б Мукышева



© 2010-2022