Сабақ жоспары А дыбысы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспар

Пәні:

Сауат ашу.

Сыныбы:

Даярлық сыныбы

Сабақтың тақырыбы:

А а дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты






Білімділік: «А» дыбысымен танысу. А дыбысының сөздеі орнын айыра білуге (басында, ортасында, аяғында), әріп, дыбыс туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, жылдам ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға «А» дыбысы бар сөз ойлап табуына назар аудара отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу.Оқушыларды тазалыққа, әсемділікке көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Жаңа

Сабақтың түрі:

Сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:

А дыбысына байланысты суреттер, дидактикалық материалдар, оқулық , интерактивті тақта, әріптің баспа және жазба түрі.

Пәнаралық байланыс:

Бейнелеу сабағы.

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі


* Оқушыларды тыныштандыру.

* Әнұран орындау.

* Балалар, «Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергенің» дегендей бір-бірімізбен амандасып, сәттілік тілейік.

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Оқушылар: Сәлеметсіз бе, мұғалім?

Сәлеметсің бе, құрдасым?

Сәтті болсын бұл күнің,

Бестік болсын алғаның.

  • Өте жақсы, орындарыңа отырыңдар.

(Бүгінгі күнді анықтау,- аптаның қай күні, қалай аталады?)

II Қызығушылығын ояту.


  • Ал, балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Мен үшін ол жақсы адам

Артық көрем басқадан.

Апа, ата сөздерін

Қайсы әріптен басталған? (А)

Оқушылар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

III Мағынаны тану.

  1. Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңыр қатты. (Алма)

А а дыбысы мен әрпі. А дыбысы кедергісіз айтылатындықтан, дауысты дыбыс екені түсіндіріледі. Баспа және жазба түрлері тақтаға ілініп көрсетіледі. Тақтаға А а әрпінің элементтерін салып көрсету.

«Топтастыру ойыны».

алма

апа А а арба

ата ара алша

IV Жаңа сабақты түсіндіру.








Сергіту сәті.






«Ой толғаныс».








Қорытындылау.

  1. Суретті әліппемен жұмыс.

Алма, ай, ат.

  1. Дыбыстық талдау жасау.

Алма сөзіне А дыбысы сөздің басында, соңында тұрады. Ал-ма екі буынға бөлінеді. Ай, ат сөздерінде А дыбысы сөздің басында келіп тұр. Бұлар бір буында сөздер. Оқушыларға хормен А дыбысын айтқызу.

  1. Аппақ болып таң атып,

Түтін тікке ұшады.

Қарлығаштар қанатын,

Самғап биік ұшады.

  1. Белсенділік орталықтарымен жұмыс.

Оқу орталығы.

Оқу орталығындағы балаларға, А дыбысы бар суреттер мен ребустар беріледі. Сол суреттерге сөйлемдер құрап, ребусты шешіп,, А дыбысының орнын анықтайды.

Жазу орталығы.

Жазу орталығындағы балалар А әрпінің баспа түрін тақтайшаға жазып үйреніп, дәптерлеріне жазады.

Өнер орталығы.

Өнер орталығындағы балалар А әрпі бар сөздердің суреттер салады.

Мысалы: алма, ай, ат, арба, алмұрт т.б.

Соңынан әр орталықпен жасаған жұмысы тыңдалып, қорытындылады.

«Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнату арқылы балаларға А дыбысы бар сөздерді айтқызып, сабақты аяқтаймыз.

V. Жаңа сабақты бекіту

Ойын: «Сиқырлы кубиктер».

Мақсаты: А әрпін кубиктерден құрастыру, білімдерін байқау.

VI. Үйге тапсырма

А әрпіне тақпақ жаттау.

VII. Өзін-өзі бағалау

(балалардың пікірін тыңдау)

VІІІ. Қоштасу

Жылу шеңбері.

Қолымыздан ұстайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!












© 2010-2022