Ашық сабақ Қазақтың ұлттық ою-өрнектері

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Қазақтың ұлттық ою-өрнектеріАшық сабақ Қазақтың ұлттық ою-өрнектері







Тәрбиеші:Даришева Г.С.

2015-2016

Мақсаты:Балалардың қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы білімдерін бекіту,оның әсемділігін айтып түсіндіру,ұлттық салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыру және балаларға қол орамалды әшекейлеп,қошқар мүйіз оюын қолдана білуге,түсті ажырата білуге дағдыландыру.

Көрнекі құрал:Суреттер,үлестірмелі заттар,слайд,бас киім,текемет,қоржын.

Әдіс-тәсілі:Сұрақ-жауап,айтып түсіндіру,әңгімелеу,мадақтау.

Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар,қане бәріміз шеңбер болып қол ұстасып тұрайықшы. Біздің тобымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Ал,балалар,қонақтармен амандасайық.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы күн,балалар!

Ата-ана,қонақтар!

-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі іс-әрекетімізді қазақтың ою-өрнек,әшекей бұйымдарымен бастайық.Балалар,әр ұлттың ою-өрнектері әртүрлі болады.Біздің ою-өрнегіміз ерекше.Оларды әшекейленген ұлттық киімдер,тұрмыстық заттардан кездестіруге болады.(Оларды слайдпен көрсету).

Ою-өрнек түрлері: Қошқар мүйіз,түйе табан,құмырсқа бел,ботакөз.

-Балалар, «Қощқар мүйіз» оюы төрт түліктің бірі қошқардың мүйізіне ұқсас.Бұл оюды киіздерге,текеметтерге,үй бұйымдарына қолданады.Бүгін сендермен «Қошқар мүйіз» оюын оюлап жапсырамыз.Алдарыңда қандай оюдың үлгісін көріп тұрсыңдар?

-Қошқар мүйіз оюының үлгісі.

-Бір ақ параққа қошқар мүйіз оюын жапсырамыз.(Балалар оюды жапсыруға кіріседі,оюдың жапсыру ережесін түсіндіру.Балалардың жұмыстарын қадағалап,көмектесу,үйрету).

-Балалар,шаршаған болсаңдар, кішкене тынығып,бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Ал,балалар тұрайық,

Ою-өрнек сызайық.

Түйе табан,ботакөз,

Қос ізімен қосмүйіз.

Құмырсқа белді әдемі,

Ою-өрнек әлемі.

-Өте тамаша,жарайсыңдар.Балалар, ою-өрнек туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?

- «Ою ойғанның ойы ұшқыр». «Өнерлі бала өрге жүзеді». «Өнерлі бала сүйкімді».

-Ал балалар,енді ойын ойнап жіберейік.

Дидактикалық ойындар: «Өрнекті ата». «Түстерін ата».

Ойынның шарты мен тәртібі:Балаларға қағазға жапсырған ұлттық ою-өрнек түрлерін көрсету.Олар өрнектің атын атап,түстерін ажыратады.Өрнектің аты мен түсін дұрыс ажыратқан бала жеңімпаз болады.

Балалардың жұмыстарын тексеру.

-Балалар,біз ақ параққа қандай ою-өрнек жапсырып әсемдедік?

-Қошқар мүйіз оюымен әсемдедік.(Балалар қолындағы оюдың түсін айтады).

-Жарайсыңдар балалар,өнерлерің өрге жүзсін,үлкен өнерлі азамат болыңдар!

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Ұлттық ою-өрнек түрлерін ажырата білуі.

Түсінуі:Әртүрлі ұлттық ою-өрнектердің бар екенін түсінді.

Көрсете білуі:Ұқыпты,таза жұмыс жасауға дағдыланды.



© 2010-2022