Жаңа жылға арналған ертеңгілік сценарийі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тұлпар» балабақшасы



Жаңа жыл ертеңгілігі

Құлыншақ тобы




Өткізген: Кудайбергенова А




Желтоқсан айы

2015 жыл

Зал мерекеге байланысты безендірілген. Ортада үлкен шырша, оған әдемі ойыншықтар ілінген.

Ерте ерте ертеде ,баяяғы өткен заманда «Тұлпар »деген ескі қалашықта мынадай оқиға болыпты.

(ортада Герд Кай Әжесі отырады)

Әжесі: Міне қылышын сүйретіп қыста келді. Қараңдаршшы далада қар жауып тұр.(теледидардан қар жауып тұрған көрініс көрсетіледі)

Герда: Әже осы қар қайдан пайда болады?

Әжесі: Сонау алыс жерде мұз сарайда Қар ханшасы өмір сүреді. Ол су буларынан жиналған тамшыларды аязымен қатырып қар жасап бізге жауғызады.

Кай: Әже мен ондайға сенбеймін . өз көзіммен көргім келеді. (жұгіріп шығып кетеді.)

Герда: Тоқта қайда барасың? Тоқта ол жер қатты суық қой. (Артынан әжесі мен герда да шығып кетеді)

Залға музыка әуенімен балалар кіреді

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме , құрметті қонақтар. Бүгінгі біздің «Жаңа жалдық» ғажайып ертегімізге қош келдіңіздер!

Олай болса біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.

Олжас: Даланың да, қаланың да

Думандатып отбасын

Тағы міне, Жаңа жыл

Қақты уақыт қақпасын.

Абылай:

Қорықпаймыз аяздан

Шымшыса да бетімді

Аппақ қарды кешеміз

Киіп алып етікті

Жүргізуші: Б Жүргізуші:алалар , бізге Жаңа жылда кім қонаққа келуші еді?

Балалар: Аяз ата ,Ақшақар.

Жүргізуші: Кәне бар дауысымызбен Аяз атамызды шақырайық .

Балалар: Ая-яз а-та, Ақшақар аууу.

Залға көңілсіз адасып Герда кіріп келеді

Герда: Бұл қай жер? Мен қайда келдім? Мен бауырым Кайдің дауысын осы жерден естідім .

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, сіз кім боласыз?

Герда: Сәламатсыз ба, мен Гердамын бауырым Кайды іздеп жүрмін. Оның дауысын естігендей болдым.

Жүргізуші: Герда жоқ ол біздің балалардың дауысы . Біз Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз. Мерекемізге Аяз ата Ақшақар мен келуі керек . Біз бар дауысымызбен Аяз атаны шақырған едік.

Герда сен бізбен бірге Аяз атаны шақыр. Аяз ата сенің бауырыңды табуға көмектеседі.

Балалар: : Ая-яз а-та, Ақшақар аууу. (Герда бірге айқайлайды)

Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар залға келеді

Аяз ата:

Армысыңдар ұлдарым,

Армысыңдар қыздарым,

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем әндерің.

Ақшақар:


Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Аяз ата ,Ақшақар. қош келдіңіздер. Балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Маленкий елочка»

Шырша түбінде жылап отырған қызға Аяз атаның көзі түседі.

Аяз ата: Ой қарағым неге жылап отырсың?

Жүргізуші: Ааа мен ұмытып кетіппін ғой. Бұл Герда ,оның бауырын Қар ханшасы алып кетіпті. Оған қалай жету керек екенін білмей адасып бізге келіпті. Өзіңіз жол көрсетерсіз.

Аяз ата: (басын шайқап) Ойй қалай көмектессем екен?

Жүргізуші: Біздің қыздар шырша биін билесін . сонда сіздің есіңізге бірдеңе түсер.

Би: « Елочка»

Аяз ата: Таптым , менің қалтамда сиқырлы доп бар. Осы допты шырша арасынан домалатайын. Доптың соңынан ер . Саған жол көрсетеді.Бұл доп жәй доп емес.оған бір рет сыбырласаң баратын жеріңе қас қағым сәтте жетесің. Ол сиқырды тек керек жеріңде пайдалан. Тек бір рет қана сыбырлай аласың. (домалатып жібереді Герда шығып кетеді)

Жаңа жылда, барлық үйге

Аяз ата келеді

Жаңа жылда сәбилерге

Сыйлық әкеліп береді

Кел, келе бер, келе бер

Аяз атамыз, Аяз атамыз

Көп болсын мерекелер

Көп қызыққа батамыз

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Өлең де әзір, ән де әзір

Ойын да әзір , бәрі әзір

Кел, Жаңа жыл біздерге

Кел , Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Жаңа жылым жол болсын!

Басқан қадам оң болсын!

Төрлет-төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Алирахман

Мұздан моншақ тағынып

Күміс қырау жамылып

Ортада тұр Ақшақар

Көптен күткен сағынып

Рахман

Кел, бейлейін сенімен

Дедім -тартып жеңінен

Еріп кетпе, Ақшақар

Адамдардың деміне

Ән: «Ақшақар мен балалар»

Ойын:


Аяз ата: Ақшақар қызым балаларға беретін сыйлықтар қайда?

Ақшақар: Ой Ата сен сыйлық салынған қапты ұмытып кеткенсің ғой. Балалар ренжімеңдер біз жылдам барып қапты алып келеміз.

(Шығып кетеді) залға Аққала келеді.

Ішке доп домалап келеді. Аққала допты алып.....

Аққала: Мынау Аяз атаның сиқырлы добы ғой . Бұл қайдан келді?

Герда келеді

Герда: Сәлеметсіз бе, Аққала. Бұл допты маған Аяз ата берген еді. Менің бауырым Кайді Қар ханшасы алып кетті. Мен інімді табуым керек.

Аққала: Герда сен маған кішкентай аққалаларды жасауға көмектес. Содан соң мен саған Қар ханшасының сарайына қалай жету керектігін айтамын.

Ән: «Аққала»

Би: «Аққала»

Аққала: Міне менің жылдам сырғанайтын шанамды ал. Шанамен сырғанасаң тез жетесің. Жолда мұзды мұхитта пингвиндер мен ақ аю бар. Олар саған мұзды мұхиттан өтуіңе көмектеседі.

(Герда шананы алып шығып кетеді)

Музыка әуенімен залға ақ аю келеді

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, ақ аю .

Ақ аю: Сәлеметсіздер ме, кішкентай бүлдіршіндер. Жаңа жыл құтты болсын!

Мешін жылы берекесі мен мерекесін ала келсін.

Тақпақтар

Жүргізуші: Аяз атамыз келгенше мерекемізді ары қарай жалғастырайық.

Тағы сиқырлы доп домалап келеді.

Ақ аю: Мынау Аяз атаның сиқырлы добы емес пе? Ол бұл жерге қайдан келген?

Герда: Сәлеметсіз бе, Ақ аю бұны маған Аяз ата берген еді. Менің інім Кайді Қар ханшасы алып кетті. Қар ханшасының сарайына баратын жолды сені біледі деген еді.

Ақ аю: Қар ханшасының сарайына жету үшін мұзды мұхиттан өтуің керек. Сен оның үстінен жүре аласың ба?

Герда: Жоқ , енді қайттім.

Ақ аю: Уайымдама, қалай жүру керектігін біздің кішкентай пингвиндер саған үйретеді.

Би: «Пингвиндер»

(добын алып Герда шығып кетеді)

(Жарық сөндіріледі аяз дыбысымен Қар ханшасы келіп шыршаның қасына келіп отырады. Теледидардан Герданың әрең жүріп келе жатқанына қарап...)

Қар ханшасы: Ха-ха-ха , бұл жерге ешкім де жете алмайды.

(Кай мұздармен ойнап отырады. Герда келіп )

Герда: Кай ,Кай ,мен Гердамын сенне мені танымадың ба?

Қар ханшасы: ха-ха-ха-ха, ол ешкімді де танымайды. Оның жүрегін мұз ғып қатырып тастадым.

Герда Кайді құшақтайды. Сол кезде Кай

Кай: Апа-апатай, мені кешіші. Сенің айтқаныңды тыңдауым керек еді.

Қар ханшасы: Ей адамдар -ай , бауырларын көргенде жүректері жіби қалады. Менің сиқырымның да күші жетпеді. Бұл жерде маған орын жоқ. (аяз дыбысымен шығып кетеді)

Кай: Енді біз қалай кетеміз?

Герда:( ойланып тұрады да) Менде Аяз атаның берген сиқырлы добы бар.Осыған сыбырлап көрейік. (диктафоннан мынадай дыбыс шығады)

----Бізді «Тұлпар » қалашығына жеткіз. 2 рет

(жарық жағылады Герда мен Кай қуанады)

Жүргізуші: Ой сендер қайдан келіп қалдыңдар?

Герда: Бұл сиқыр.

Жүргізуші: Герда сен бауырыңды таптың ба, қандай керемет.

Осы кезде қапты арқалаған Аяз ата мен Ақшақар да келеді. Барлығы бірге Аяз ата әнін шырқайды.

Балаларға сыйлық таратылады.






© 2010-2022