ІІ кіші топ ойын Пішінді құрастыр

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ойын : "Пішінді құрастыр" Ойын мақсаты: Кеңістік ұғымдарын, ұсақ моториканы дамыту; санау машықтарын бекіту; қиялы мен елесін дамыту. Ойынға қызығушылықтарын тудыру.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Балалардың зейінін кірпінің келуіне аудартамын, қараңдар, кірпі сендерге қызық нәрсе әкеліпті. (қақпақтар)

Балалар қызығушылық танытады, қуанады.

Іздену-ұйымдастыру-шылық

Балаларға не үшін керек деп қақпақтарды қарауға ұсынамын.

Балаларға түсіндіремін: "кірпі" қақпақты ойында қалай пайдалану керектігін көрсеткісі келеді.

Ойынның 1-үлгісі: "Пішінді құрастыр"

Үлгі бойынша пішінді құрастыру: таңқурай, жүзім, сәбіз.

Ойынның 2-үлгісі: (күрделенген )

Үлгі бойынша : кемені, ұшақты, машина, танкті құрастыру.

Ойынның 3-үлгісі: (анағұрлым күрделірек)Үлгі бойынша жануарлар: жылқыны, қазды, балықты, тасбақаны құрастыру.

Қызығушылықпен қақпақтарды қарайды, дөңгелек, көк, қызыл, ақ түсті, т.б..әртүрлі пішінді, олар бөтелкелерді бұрауға арналған.

Олармен ойнауға талпыныс білдіреді.

Балалар өздеріне ұсынылған пішіндерді үлгілерге қарап қақпақтардың түсін,пішінін таңдай отырып қызығушылықпен құрастырады.

Рефлексивті-коррекциялаушы

Балалардың әрекетін сараптаймын . Кірпімен қоштасуды ұсынамын.

Ойынға мәз болып, кірпімен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді:кеңістік ұғымын, санауды

Ұғынады: әр заттың өзіндік пішіні бар екенін

Қолданады:әртүрліпішіндерді құрастырады



© 2010-2022