Консультация на тему Закаливание на прогулке

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Серуен кезінде орындалатын шынықтырулар және олардың нәтижесі.

Әр халық өз ұрпағына үлкен үміт арта отырып, оның денсаулығына байыпты көзқараспен қараған. Қазақ халқы сәбиі шыр етіп жарық дүние есігін ашысымен, тұзды суға шомылдырып терісін пысытады. «Дене жанның қабы, қап берік болса, ішіндегі зат та берік болмақ. Дене жанның құралы, құрал мықты болса, иесі де мықты болады», деген қағиданы басшылыққа алған қазақ әйелдері жас баланың шынығып-ширап өсуіне бар ынтасын салған.

Қазіргі заманда баланың денсаулығын сақтау және қорғау ісімен отбасымен бірге мектепке дейінгі тәрбие мекемелері де айналысады. Ата-ана болсын, балалар бақшасы болсын бәрінің көздейтіні дені сау, жаны сау азамат өсіру. Қауым болып қосылып, жұмыла жүргізілетін денсаулық сақтау процедураларының бірі шынықтыру туралы қысқаша мәлімет.

«Шынықтыру» мағынасында адам ағзасының ыстық - суыққа бірдей шыдамдылығы түсіндіріледі. Ол адам ағзасындағы зат алмасу процесі арқылы жүзеге асады. Терінің температурасы ұдайы бірқалыпты боғандықтан, адам ағзасының жылуды жоғалтуы қоршаған сыртқы жағдайға тәуелді: ол ауа қысымы, ылғал және ауаның қозғалу жылдамдығы. Баланың өз денесіндегі жылуды жоғалтуы ересектерге қарағанда өте шапшаң. Сондықтан шынықтыру нәтижелі болуы үшін, әуелі белгілі бір ережелер қатаң ақталуы керек:

  • Шынықтыру үзіліссіз жүргізіліп отырылуы тиіс. Себебі, ұдайы жүргізілетін шынықтыру төзімді рефлекс қалыптастырады. Мектеп жасына жетпеген бала 5-7 күн үзіліс бола қалған жағдайда, төзімді рефлексті жоғалтады, ал шынықтыру ұйымдастырылмаған 10 күнде шынықтыру нәтижесінен толықтай айырылады;

  • Әсер ету күшін бірте-бірте жоғарылатып отыру;

  • Баланың жасын және жеке дамып жетілу ерекшеліктерін ескеру;

  • Баланың сол күнгі дене қызуын білу;

  • Шынығуды баланың эмоциялық түрде қабылдауы, яғни оның қажеттілігін сезінуі. Егер бала ұнатпаса шынықтыру кейінге қалдырылады немесе басқа түрімен ауыстырылады;

  • Шынықтыру дененің шынықтырылған жеріне ғана нәтиже береді, сондықтан ол ауыстырылып отырылуы керек. Мысалы: табанға жасалған шынықтыру дененің басқа бөлігінің суыққа төзімділігін қалыптастырмайды немесе керісінше. Сондықтан жалпы ағзаны шынықтырумен қатар дененеің жекеленген аудандарын, мысалы, табанды, жұтқыншақты шынықтыру қатар жүргізілсе, онда шынықтыру процедурасының тиімділігі арта түседі;

  • Әсер етудің түрін өзгертудің де мәні зор: күші әлсіз - орташа - күшті, жылдамдығы тез - орташа - баяу және денеге түсірер салмақ пен жылдамдық;

  • Балаға ауырлық пен психикалық, эмоциялық салмақ түскен кезде (мысалы, түрлі сауықтардан кейін) тоңдыру әдісін азайту.

Жоғарыда айтылған ережелер мен жағдайлар сақталмаған шынықтыру өз нәтижесін бермейді немесе кері әсерін тигізеді.

Сонымен қатар шынықтыру амалдары өзінің күрделілігі жағынан орындауға ыңғайлы болуы керек, себебі, сәби жаны ойыншық емес.

Шынықтыруды біз кешенді түрде қарасақ, серуен кезінде жекеленген бөліктерін орындауға мүмкіндік мол. Мысалы, жаз айларында баланың ауыз қуысын таңғы күн сәулесімен тазалауға болады, ол үшін серуен кезінде балалар күнге қарап тұрып ауыздарын бірнеше минут аңқайта ашады. Жаз кезінде күн ваннасын қабылдау өте пайдалы. Ол үшін күн сәулесі молынан түсетін ықтасын немесе алакөлеңке (ағаш жапырақтарынң көлеңкесі ыдырай түсіп тұрған) жер пайдаланылады. Баланың міндетті түрде бас киімі болуы керек. Бірақ өте сақтық қажет, себебі сәбилердің терісі өте нәзік, денені қатты қыздырған күн сәулесі зиянын тигізеді. Сол үшін жаздың басынан бастап баланың киімін бірте-бірте жеңілдету керек, ол әуелі аяғын, сирағын жеңілдетумен басталып, кеудемен аяқталады. Оған түске дейінгі күн қатты қызбаған кез қолайлы. Ескеретін жағдайлар:

  1. Бала жағажайда қыздырынып жатқандай қимылсыз қалмай, анда-санда көлеңкеге дамылдап алып, үнемі қозғалыста болуы керек;

  2. Киімдер бірте-бірте шешіледі;

  3. Кей бала күн сәулесін мүлде ұнатпайтынын да ескеру қажет;

  4. Баланың киімі жасанда талшықтарсыз, тек қана мақта-матадан болуы тиіс.

Жаз кезінде баланы жалаң аяқ жүргізіп үйрету де қолайлы, бұл баланың жалпақ табан болуының алдын алса, әрі бұл да шынықтырудың бір түрі болып есептеледі.

Қыс мезгілінде күн сәулесімен қыздырынылмайды, ондайда баланы далаға шығарысымен суық ауаны мұрнымен ішке тартқызып, ауыздан шығартып, ауыз-жұтқыншақ қуысын бірте-бірте суыққа дайындаймыз. Себебі, ойын қызығына берілген бала мұрнымен дем алуды мүлде ұмытады, ал далаға шықсымен ауызбен демалса, жылы жерден бусанып шыққан көмекейді суық ауа лезде қабындырады.

Бұларға қоса сулы шүберекпен, гимнастикалық тақтаймен жүруді қыс кезінде бөлмеде ұйымдастырсақ, жазда аулада орындаудың еш қиындығы жоқ.

Күнделікті міндетті түрде жүргізілетін шынықтыру-сауықтыру шаралары денсаулыққа қоса көптеген мақсаттардың басын біріктіреді . Ол адамгершілік, еңбек, этика-эстетикалармен бірге бастаған ісін соңына дейін жеткізу, абай болу, байсалдылық, талап, төзімділік т.б. күнделікті өмірде ауадай қажет мінез-құлық дағдыларының негізін қалыптастырады.

Бала - бақыт, бала - базар, бала - өмір,

Балалардың бал үнімен бал - өмір, дейді. Сол шат үннің іргетасының берік болуы сіздер мен біздердің жауапкершілігімізге сын болар адамгершілік парызымыз.



© 2010-2022