Тәрбие сағаты Менің Отаным-Қазақстан!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қуаныш» балалар бақшасы-мектеп білім беру комплексі»





Тәрбие сағаты Менің Отаным- Қазақстан!









«Ең үздік іс -шара әзірлемесі»

атты мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арналған «Білім және Ғылым» атты Республикалық шығармашылық фестивалге сырттай конкурсқа қатысу





Тәрбиеші Сайфуллина Айгуль Манаповна

Еңбек өтілі - 2 жыл

Білімі - жоғары













Cемей 2015

«Қуаныш балалар бақшасы мектеп білім беру комплексі» мекемесі

Мерекелік іс-шара

Менің Отаным-Қазақстан

Тәрбие сағаты Менің Отаным- Қазақстан!

Жүргізуші: Сайфуллина А.М

Семей - 2015 жыл

Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Ата Заң күні мерекесін атап өту.
Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.

Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды ұшырып жібереді. Ортада жүргізуші бала қалады:
Жүргізуші:

Тәрбие сағаты Менің Отаным- Қазақстан!

Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.


Құрметті ұстаздар,ата-аналар,тәрбиеленушілер сіздерді 30 тамыз - Ата Заң күні мен 1 қыркүйек-Білім күні мерекесімен құттықтаймын!

Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық еліміздің әнұранын!
ҚР Мемлекеттік әнұраны
Тәрбие сағаты Менің Отаным- Қазақстан!

Жүргізуші:
Бүкіл елде басталып бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім - ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!

Жүргізуші:

Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Ауламыздың келісіп тұр бар сәні
1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен
Құттықтайды балабақша әдіскері баршаны!
Сүйікті әдіскеріміз - Садырбаева Айман Базарбаевнаға құрметті сөз кезегін ұсынамыз!
Тәрбие сағаты Менің Отаным- Қазақстан!
Құттықтау сөз
Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз
Таудан биік талабы
Біз - сүйкімді баламыз!
Мерекемізді тәрбиешілерге арнап әсем әнмен жалғайық.Ортаға
«Шаңырақ» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері- Сүлейменова Карина,Жотабаева Даяна,Сүлейменова Альбинаның орындауында

Ән «Әнші болу арманым»
Тәрбие сағаты Менің Отаным- Қазақстан!

Жүргізуші:

Корабльді басқарып
Көк жүзіне самғатар
Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғатар
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!
«Балауса» ересек тобының тәрбиеленушілерінің орындауында тілектерің қабыл алыңыздар

Тәрбие сағаты Менің Отаным- Қазақстан!

Адина:

Сәлем саған балабақшам, алғыстарым көп менің.

Оқу, білім, тәрбие, ой санама еккенің.

Балабақшам - айтар әнім, сан рет қайталадым.

Өзіңнен алғанымды, өзіне қайтарамын.

Аружан Б:

Сәлем саған, балабақшам, алтын ұям сүйікті,

Сен әпердің білікті, сенен өсіп көктедім.

Келгенімде алдыңа, қызыл арай гүл алып,

Жақын тартып жаныңа, шәкіртім деп қуанып.

Ерсұлтан:

Білім алған өзіңнен, дәрігер, ұшқыш не ғалым.

Саған ыстық сезіммен, қарайды жұрт, мұғалім.

Мен де өзіңді әрдайым, қамқорым деп ұғамын

Күліп атқан таңдасың, жарқыңсың сен, мұғалім.

Арафат:

Қыркүйектің бірінде, кеудем толы дірілге,

Құлақ түйем елеңдеп, «Бақша» деген бір үнге.

Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен,бабамыз бен атамыз.

Жүргізуші:

Білім - менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу - айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!
«Балауса» ересек тобының тәрбиеленушілерінің орындауында
Ән «Бүгін бізде мереке»

Тәрбие сағаты Менің Отаным- Қазақстан!

(Әсем әуен ойналып «Бақыт құсы» ұшып келеді)
Бақыт құсы: Сәлем, баршаңызға! Мен - Бақыт құсымын. Қариясы сыйлы,
балалары бақытты Қазақстан дейтін байтақ елді мекен етемін.
Мәңгілік ел халқының қос мерекеге арнаған лебіздерін мына
сиқырлы шарға жинап жүрмін. Лебіздерге толған сиқырлы
шар еліміздің көгінде барша Қазақстандықтарға нұрлы шуағын
шашып тұратын болады.
Тәрбие сағаты Менің Отаным- Қазақстан!

Жүргізуші:

Неліктен қос мереке дедіңіз? Бүгін білім күнінен басқа тағы
қандай мереке?
Бақыт құсы: 30 тамыз - Ата Заң күнін кеше ғана бүкіл ел тойлады. Ата Заң -
елдегі бақыт пен бірліктің, бостандық пен теңдіктің кепілі.
Бұл мереке туралы бұрын сендер естімедіңдер ме?
Жүргізуші:Естігенде қандай! Ата Заң күні мерекесіне де біз арнайы
тақпақтар жаттадық, тыңдап көріңіз.

«Шаңырақ» ортаңғы тобының тәрбиеленушілерін ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер

Аянат:

Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан арай күн
Азамат болып өсеміз
Қызыға әлем қарайтын.

Алиша:

Біз - еліміздің жас өркеніміз,
Желді керген желкеніміз,
Желбіретер көкте туын

Біз - еліміздің ертеңіміз!


Бақыт құсы: Өте тамаша! Мен риза болып тұрмын. Кеткім келмейді, бірақ
бүкіл Қазақстанды аралап шығу үшін асығуым керек.
Мына сиқырлы шарға мерекелік лебіздеріңді айтып жіберіңдерші:
Балалар:

- Қос мереке құтты болсын!
- Еліміз өркендей берсін!
- Білімділер көп болсын!
- Бейбітшілік күні жарқырай берсін!
- Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
- Мәңгілік ел болайық! т. б.
Бақыт құсы: Көп рахмет, сендерге, балалар! Мереке мерекеге ұласа берсін!
Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші:

Аталыдан би қойсаң

адаспас жол мен жобадан.

Атасыздан би қойсаң

босамас аузы парадан (Бұқар жырау).
Би «Қазақ биі»
Тәрбие сағаты Менің Отаным- Қазақстан!

Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын соғу сәті де келіп жеткен сияқты.
Несі бар? Онда көп ойланбай алғашқы қоңырау соғу құрметін кішкентай бөбектеріміз. Муратова Салтанат пен Шамиль Алдиярға сеніп тапсырайық!
Алғашқы қоңырау соғу салтанаты
Тәрбие сағаты Менің Отаным- Қазақстан!

Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы -
Балабақшадан басталады!
Тәрбие сағаты Менің Отаным- Қазақстан!

Мереке тағы да құтты болсын! Қоңырау үнімен жаңа оқу жылының
алғашқы оқу іс - әрекетін бастау үшін тобымызға асығайық.
Шаршамай - талмай білім теңізіне сүңгиік!
Биіктерді бағындырудан жалықпайық!

Мерекелік іс-шараның салтанатты жабылуы



© 2010-2022