Басты ұстаным-салауатты өмір салты

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Басты ұстаным- салауатты өмір салты

Елбасының бастамасымен ұрпақтың жауапкершілігі мен тәрбиесі, келешегі, білім алуы мемлекеттің жіті қадағалауында. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ерекше көңіл бөлініп отыр. Қарағанды қаласындағы ЖММ «Ақ ерке» балабақшасының ашылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Жартылай мемлекеттік балабақшаға деген сұраныстың жоғарлауы көңіл қуантады. Соңғы 3 жылда балабақшада бала саны күрт өсті. Балабақшада 4 топ жұмыс істейді, әрқайсысында жиырмадан артық тәрбиеленуші тәрбиеленіп жатыр. Бұл балабақшаға ата-ана тарапынан сұранысы өте жоғары. Елбасының қамқорлығы арқасында топтарымыз талапқа сай жабдықталып, әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті қызықты және тартымды өтеді. Бүлдіршіндерімізге ұлттық салт-дәстүріміздің озығы үйретіліп, өнерге баулуда үлкен жұмыстар атқарылуда. Бұл балабақша Республикалық, облыстық, аудандық және қалалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Осы балабақша педгагогтары өзін-өзі жетілдіру мақсатында көптеген іс-шаралар өткізеді.

Балабақшаның ең басты ұстанымы - салауатты өмір салты. Ата - ананы ең басты толғандыратын нәрсе - топта бала жүрген жердегі түрлі жұқпалы инфекция ошақтары. Осы тарапта балабақша туралы ата-ана пікірі көңіл қуантады. Әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылудың нәтижесінде бала денсаулығы бірқалыпты. (Балалардың денсаулығын жақсарту үшін әр түрлі іс шаралар өткізіледі.) Бұл шараларға ата-аналар қатысып өздерінің белсенділігін көрсетеді.

Игі істің басы қасында балабақшаның меңгерушісі Айтхожина Бақыт Мизанбаевна еңбек етуде, балабақша өмірі мен келешек ұрпақты тәрбиелеуде қажымай шаршамай еңбек атқарып жүрген әріптестерімізге еңбектеріңіз жана берсін, биік белестерді бағындыруға тілектеспін. Бұл балабақшаның алдыға қойған мақсаттары мен міндеттері өте көп, оны орындауға балабақша мәртебесін көтеруге жұмыла жұмыс істеуде.

ЖММ «Ақерке» балабақшасының тәрбиешісі

Жунусова Алуа Сериковна.

Қарағанды қаласы.



© 2010-2022