Сенсорика. Тақырыбы: «Қорапшаларға орналастыр»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сенсорика. Тақырыбы:« Қорапшаларға орналастыр»

Мақсаты:2 әртүрлі пішінді (тіктөртбұрыш, үшбұрыш) және 2 әртүрлі көлемді (сөздік нұскау бойынша үлкен, кішкентай) заттарды таңдауды жүзеге асырып, оларды көлемі мен пішіндеріне қарай топтастыруға үйретуді жалғастыру; ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:матрёшка, тіктөртбұрыш пен үшбұрыш (әртүрлі көлемде) бейнеленген 2 қорапша, 3 үлкен және кішкентай тіктөртбұрыш пен үшбұрыш.

Сөздік жұмыс:тіктөртбұрыш, үшбұрыш.

Билингвальды компонент:тіктөртбұрыш - прямоугольник, үшбұрыш - треугольник.

Жоспар кестесі:


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті


Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық

Ұйымдастырушылық-ізденістік




Жағдаяттан шығу:

Матрёшка балаларға қонаққа келеді, оларға геометриялық пішіндері бар қорапшалар сыйлайды.

- Балалар, матрёшка пішіндердің барлығын қорапшаларға салып, ретке келтіруімізді сұрайды.

Сөздік жұмыс: тіктөртбұрыш, үшбұрыш.

-Қорапшалардын, сыртында пішіндер суреті жапсырылған, сол бойынша біз пішіндер тауып, қажетті қорапшаға салуымыз керек.

Біз мына қорапшаға тіктөртбұрышты пішіндерді саламыз. Олар - үлкен және кішкентай.

Оларды тауып, осындай суреті бар қорапшаға салыңдар.

-Ал мына қорапшаға басқа пішіндерді саласыңдар, мынандай үшбұрыштарды. Олар да - үлкен және кішкентай.

Билингвальды компонент:

тіктөртбұрыш - прямоугольник, үшбұрыш - треугольник. Балалармен жұмыс жүргізеді

Балалар матрёшкамен амандасып, сыйлығы үшін алғыстарын айтады.

Балалар

қорапшаларды

және пішіндерді

қарайды.

Балалар «тіктөртбұрыш»,

«үшбұрыш»

сөздерін

қайталайды.

Балалар тіктөртбұрышты пішіндерді алып (үлкен және кішкентай) тіктөртбұрыштың суреті бейнеленген қорапшаға салады. Үшбұрыштарды да осылай салады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Дидактикалық ойын. «Матрёшкадан

тығылайық!»

Педагог: «Тығылайық!» - деп бұйрық береді, содан кейін: «Қыдырайық!» -деп бұйрық береді.

Балалар тізе

бүге отыра қалып, беттерін колдарымен

жабады. Келесі

бұйрықта топ

ішінде қыдырып жүреді.

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды:заттардың көлемі мен пішініне қарай топтастыруды;

Түсінеді:бірлесе жұмысты орындау дағдысын;

Қолданады:2 жаңа фигураны (тіктөртбұрыш және үшбұрыш) және 2 көлемді фигураны (үлкен және кішкентай).



© 2010-2022