Қатынас саласы, Тіл дамыту бөлімі бойынша ҰОІӘ Сиқырлы тон

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сиқырлы тон»


Ильясова Дана Орынбасаровна

«Қуаныш» балалар бақшасы білім

беру комплексі» мекемесінің

тәрбиешісі, Семей қаласы



Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі : Тіл дамыту

Тақырыбы: «Сиқырлы тон»

Мақсаты: Балаларды қазақ ертегілерімен таныстыруды жалғастыру. Тапқырлыққа тәрбиелеу. Балалардың ертегі тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорларын дамыту.

Сөздік жұмыс: Тон, ат, сиқырлы.

Керекті құралдар: Алдар көсе мен байдың суреттері,слайд,бейнетаспа.

Қостілдік компонент: Ат-лошадь, тон-шуба.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті





Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушлық


Шаттық шеңбері

Шақырамын сендерді,

Жолдастарым, кел бері.

Толтырайық шаттыққа,

Дөңгеленген шеңберді.

Қонаққа екі ертегі кейіпкері келеді.



Жарты шеңбер құрып отырады.

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Қонақтар келгеніне ризашылықтарын білдіреді.

Ұйымдастру- іздестіру

Әңгімелесу

Бұл кейіпкерлердің бүгінгі танысатын ертегіден келгендерін айтады. Ертегінің кейіпкерлері бір-бірімен дауласып, кімдікі дұрыс екенін шеше алмай тұрады. Олардың даулары қайсысы тапқыр екендігін айтып келісе алмауында.

  • Бұл сөзді қалай түсінеміз?

Ертегі оқып беріледі.

Мазмұны бойынша әңгіме

  • Біздің кейіпкерлеріміздің аттары кім?

  • Қалай ойлайсыңдар, қайсысы бай, ал қайсысы Алдар Көсе?

  • Неге олай ойлайсыңдар?

  • Алдар Көсенің тоны қандай еді, ал байдың тоны ше?

  • Тесік тонның жылуы болмайтыны рас па? Неге?

  • Алдар Көсе тесік тонның жылу беретініне байды қалай сендірді?

  • Қай кейіпкерлерді тапқыр деуге болады?

  • Алдар Көсенің байға зияны тиді ме?


  • Ал, Алдар Көсе неге сонша жаурады?


Есімізге түсірейікші, ертегі қалай басталып, қайтіп аяқталды.



  • Қ


Кез келген жағдайдан жол тауып шығу, сәл қулау болып, жылдам шешім қабылдау.

Алдар Көсе және бай.

Бейнетаспадан көрсетеді.

Өйткені бай жақсы киім киген, ал Алдар Көсе ол кедей адам.

Тон тесік болғандықтан суық кіріп тұрады.

Ол тонның алдын ашып тастап, көңілді ән айтты.

Алдар көсені.

Жоқ. Байдың бұндай тондары өте көп. Алдар Көсе байдың көзін жеткізгені соншалық, бай оған өзінің атын да қосып берді. Бай ақымақ еді.








Сергіту сәті.

Алдар Көсенің қалай жаурағанын көрсетейік. Енді бай қалай келе жатқанын көрсетейік. Ол да тоңды ма?

Суық қой. Бірақ Алдар Көсеге қарағанда, жылырақ.

Алдар көсенің тонының алдын қалай ашып, өзін тоңбаған сияқты ұстағанын көрсетейік. Алдар Көсенің жаңа тонды киіп, байдың атына отырып, шауып, қуанғанын көрсетейік.

Ертегіні тағы бір рет айтып береді.

Сөздік жұмыс: тон, ат, сиқырлы.

Оның аты кәрі еді. Аты қатты шауып жүре алмады, сондықтан да ол қатты тоңып қалды.

Ертегіні мазмұндап береді.

Сөздерді жеке, хормен қайталап айтады.

Қимылдарын көрсете отырып сергіп алады.

Мұқият тыңдайды.

Сөздерді қайталап айтады.

Рефлексивті- түзетушілік

Қорытынды

Тәрбиеші ертегі кейіпкерлеріне қарап, былай дейді: түсіндіңдер ме, кімдікі дұрыс екен?

Тапқырлық танытқан сен екенсің, Алдар Көсе. Ал сен, бай, ештеңені түсінбей, тоныңнан да, атыңнан да айырылып қалдың.

  • Сендерге ертегі ұнады ма?

  • Қай кейіпкер ұнады?

  • Неге?

Балаларды мақтап-мадақтайды.


Ертегі ұнағандарын айтады.

Алдар Көсенің

ақылдығын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Ертегінің мазмұнын түсініп, не туралы айтылғанын білу.

Болу керек: Ертегі туралы толық мағлұмат болу.

Істей білу керек: Жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді бір-бірінен айыра білу.

© 2010-2022