Ардақтысың сен ана ертеңгілік

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖММ «Ак ерке» бала бақшасы

«Келісілді»

Әдіскер

Б.М. Айтхожина____________

«_____» __________2015 ж

«Бекітілді»

Директор

Б.М.Айтхожина________

«____» _____2015 ж_



«Ардақтысың сен ана».




Өткізген тәрбиеші: Мауленова М. С










Қарағанды 2016 ж

«Ардақтысың сен ана».

Кейіпкерлер : жүргізуші, «Көктем»ханшайымы, қарлығаш.

(Әсем әуеннің сүйемелдеуімен балаалр залға кіреді).

Жүргізуші : Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар ,

Аналардан туған жердің- даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі.

Армысыздар , қасиетті ,аналар !

Армысың әжелерім,аналарым

Мейірбан аппақ көңіл даналарым

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен

Құттықтайды сіздерді балаларың -дей келе отырып ортаға «Балақай» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.

Бүгінгі «Ардақтысың сен ана» , ертеңгілігімізді сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Жүргізуші : Жылы, нұрлы, көктем келді,

Жапырақтар көгерді .

Әнші құстар ән салып ,

Көктем күні көңілді .

Көктем жаншайымы : Шуақты көктем келді гүлін алып ,

Көктемнің мерекесі бүгін анық .

Өмірдің көктемі- де, гүлі аналар !

Ана деп бас иеді бүкіл халық .

Жүргізушу: Балалар бізге қонаққа кім келді ?

Балалар : Көктем.

Жүргізуші : Құрметті көктем, сенің келгеніңе біз өте қуаныштымыз ! Айнала көктем келгенде гүлге толады, ендеше біздің балалар сізге арнап би билеп берсін .

БИ : «Гүлдер биі».

Құстардың әсем әуені шығады .


Қарлығаш : Армысыздар , қасиетті аналар !

Жүргізуші : «Көктем» ханшайымы, көп рахмет ! Қарлыған сізге де алғысымызды айтқымыз келеді . Біз сіздерді тағатсыздана күттік !

Жүргізуші : Ана деген -жарық жұлдыз шырағың

Ана деген -қайсар ыстық бұлағың

Ана деген - өмірдегі қамқорың

Ана деген- сүйінерің, жан құрбым ,- деп келе кезекте балаларыңыздың аналарына арналған тақпақтарына береміз .

Кәусар : Келбетінде ұлылық ,

Даладай кең пейілі

Ана деген жылылық.

Ана деген - мейірім.

Ерали : Ақыл құйған санама ,

Күнненде артық расында

Күн - алыста , ал -анам ,

Ылғи менің қасымда .

Нұрали : Баланың да тірегі ,

Дананың да тірегі .

Шаншымасын еш қашан

Аналардың жүрегі !

Карима : Әлпештеген баласын ,

Ана бақыт ана-күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер баласын .

Көктем ханшайымы : Ғажап, Тамаша !

Қарлығаш : Қандай керемет.

Көктем ханшайымы: Балалар сендер оте көңілді әрі өнерлі екенсіңдер ! Сендер аналарыңа арнап өлең білесіңдер ме ?

Жүргізуші : Олай болса аналарға арналған «Құттықтаймын мама» әнін қабыл алыныздар !

Көктем : Қандай керемет ән . Қарлығаш балалармен ойын ойнасақ қалай қарайсың ?

Қарлығаш : Ойнасақ ойнайық.

Ойынның аты : «Гүл жинай»

Жүргізуші : Балалар ! Сендерге бұл ойын ұнады ма ?

Балалар : Иә.

Жүргізуші : Жарқыраған қызыл гүлдей,

Болсын әсем өміріміз.

Сәуле шашқан алтын күндей,

Көтерілсін, көңіліңіз.

БИ: «Полька».

Қарлығаш : Жарайсыңдар , балалар ! Мен өз туған өлкеме барып, көрген , білгендерім жайлы айтқым келеді . Балабақшада қандай тамаша әрі ақылды балаларментанысқаным жайлы айтамын. Менің қайтуым керек . Көріскенше қош болыңдар ! Мен әлі де келемін .

Жүргізуші : Қарлығаш, , міндетті түрде оралатын бол !

Көктем : Әрине, қарлығаш сіздермен әр көктем мен жаз бірге болады ! Олай болса мен сіздердің ата-аналарыңызбен ойын ойнасақ қалай қарайсыз ?

Жүргізуші : Олай болса ойнайық. Ата-аналар дайынсыздар ма ?

Ойынның аты: «Балаңды танып ал» .

(Ойынның шарты : Бірнеше балаларды шеңберге тұрғызып , бір ата- ананың көзін байлайды . Музыка ойнатылады аналар балаларының қолын, бетін, шашын ұстап өз баласын тауып алады) Ойын бірнешірет ойнатылады.

Жүргізуші : Көктем ! Сен бар әлемге тек қана мереке сыйлайсың ! Сол үшін зор алғыс айтқымыз келеді . Ал біздің ортамызда ақ әжелеріміз де отыр . Олар әр қашан да бізге мейірімді, ақылшы , қамқоршы емеспе .

Көктем : Аха , осындай дана әжелермен танысқым келеді . Сонда мен де мейірімді , ақылды әрі сүйкімді болар едім .

Жүргізуші : Әжемді мейрамымен құттықтаймын ,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын

Әжетай сені жақсы көремін деп ,

Ақырын ұүлағыңа сыбырлаймы. -дей отырып балалардың әжелеріне арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар .

Әмина : Менің әжем, ақ әжем-м

Шуағы мол нұр әжем.

Ертегі айтып бер десең ,

Айтып берер тағы әжем.

Ислам: Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз .

Әжені де ардақтап ,

Құрметпен бас иеміз .

ӘН: « Мен әжемді өте жақсы көремін».

Көктем : Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Әлпштеген баласын

Ана-бақыт, ана-күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер баласын !

БИ: « Губки бантикам» .

Көктем : Құрметті аналар мен әжелер, аяулы балалар , сіздерге бауыр басып қалдам, тіпті қоштасқым келмейді . Мен енді сіздермен қоштасамын. Кош сау болыныздар І

Жүргізуші : Ана-деген асыл жандай болаттай

Ана-деген мөлдір жандар бұлақтай .

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл ойды тоналтпай.

Аналар қалқып бақыт аралында

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен ертеңгімізді аяқтайық

Гүл біттсін бәріміздің қадамымызға ,- дейотырып, ардақты аналар , апалар, балабақша ұжымы сіздерді келе жатқан мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз . «Балақай» тобының бүлдіршіндерінің аналарына арналған сыйлықтарын қабыл алыныздар !

Әуен ойнатылады балалар залдан шығады .



© 2010-2022