Ертеңгілік Жасыл шырша маңында

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қош келдің, Жаңа жыл!

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл -күй сыйлай отырып, мәнерлеп тақпақ оқуға, кейіпкелдердің келбетін тани білуге машықтандыру.

Ептілікке жылдамдықөа баулу, жанашырлыққа, достыққа тәрбйелеу.

Жүргізуші:

Таусылмасын, ағытылсын ой көші,

Ағайындар, қысылмастан сөйлеші

Ақ тілекті ағытып біз бастайық,

Бүгінгі кеш Жаңа жылдын той кеші- деп «Еркемай» балабақшасының меңгерушісі Н.С Тоғжанқызына сөз береміз.

Жалмауыз:

Тілегіңе рахмет! Көп жаса қызым! Мені биыл ұмытпай шырша мерекесіне шақырыпсыңдар, балалар, қатты қуанып, риза болып қалдым. Балалар, сендер ертегі жақсы көресіндер ме?

Балалар: Иә, иә

Жалмауыз: Бүгін сендерге бір ертегі кейіпкерлері келе жатыр. Әне, қараңдар! (шал мен кемпір шығады)

Атай: Кемпір, кемпір, Жаңа жыл болса келіп қалды. Бауырсақ пісірші тісімізге жұмсақ.

Әжей:Ой, атасы. Үйде ұн жок емес пе? Бауырсақты қалай пісіреміз.

Жалмауыз:Балалар бұл қай ертегінің кейіпкерлері?

Балалар хормен:«Бауырсақ» ертегісінен

Әжей:Атасы онда ұнды қайдан аламыз ?

Атай:Мына жалмауыз кемпірден сұрап көрсеңші. Мүмкін табылып қалар.

Әжей:Ой, ол жалмауыз кемпірден не шығады дейсің. Ол алмаса бере қоймас.

Атай:Онда Аяз атадан сұрайық. Дорбасының бір бұрышынан ұн да шығып қалатын шығар

Әжей: -Рас-ау. Табылған ақыл болды ғой. Қане, балалар!Бәріміз аяз атаны немересімен ортаға шақырайық .

-Аяз ата, Ақшақар! -деп айқайлайды.

(аяз ата мен ақашақар келеді)

Аяз ата мен Ақшақар :

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! -деп амандасады.

Әжей :(қолында тегеші)

-Аяз ата, мерекеңіз құтты болсын! Дорбаңыз толы екен, бір бұрышынан маған ұн шығып қалмас па екен. Үлпілдеген бауырсақ жасай қояйын, мерекеге.

Аяз ата:Қазір,қазір.Қызым - сыйлықтарды салғанда көрмедің бе? Қарап жіберші -дейді. Ақшақарға: Ата білгендей -ақ дайын иленген нан алып келдік. Мен балаларға тәтті бәліш жасайын деп үлгермеген едім. -деп қамырды алып береді

Кемпір Рахмет қызым біз атаң екеуміз бауырсақ пісірейік.(кемпірмен шал үйшіктің ішіне күреді)

Жалмауыз:-Балалар! Бауырсақ дайын болғанша тақпақтарың болса аталарға айтып бере қойыңдаршы.

Ақшақар:- Қандай сыйлықтары бар екен?,-деп балардан тақпақтарын сұрап шығады.

Дария: Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны,

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды

Алтынай: Жаңа жыл,Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр,

Әльтайр: Әппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Мадияр: Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата-әже,ата-әже

Құтты болсын жаңа жыл.

Ақшақар: Біздің әжейіміздің бауырсағы дайын болып ,пісіп қалған шығар

Жалмауыз: Қане, мен көрейін, недеген иісі күшті бауырсақ,

Ақшақар : жалмауыз кемпір бауырсақты алып келгенше біз «Орыс биін» тамашалайық.

(Інкәр,Санжар,Жібек, Нұрлыбек, Анар, Али, Саяжан Алишер, Інжу Хабиболла)

Жалмауыз: Бауырсағымыз жоқ.

Атай мен әжей: Бауырсағымыз жоқ,таба алмай жатырмыз

Ақшақар: Бауырсақ табылғаншы, біз бір ән орындап жіберейік

ӘН: «Шырша әні» Хор «Балдырған» тобы

Ақшақар: Бауырсағымыз табылмады енді біз аюды шақырайық бізге бауырсақты іздеп табысып жіберсін

Аю: Искейді-иіскейді,шыршаны айналып искейді бауырсақ жоқ,таба аламадым

Ақшақар: Онда біз балардың өнерін тамашалайық

Ән: Елдана

Би: «Қазақ би» қарысы алыңыздар.

(Томирис,Карина,Елдана,Бибинур,Сабина)

Ақшақар: Біздің атай мен әжей пісірген бауырсағымыз табылмады енді қасқырды шақырып көрейік ол өте иісшіл ғой мүмкін бізге тауып беретін шығар

Қасқыр: Шыршаны айналып иіскейді таба аламайды, бауырсақ жоқ таба алмадым

  • Сендер әндеріңді билеріңде айта қойыңдар, сонда мен іздеп көремін.

Ақшақар: Онда ортаға балалар шығып тақпақтарын айтып берсін

Гүлдана: Қайда қызық болса думан

Аяз ата сонда болды

Күндіз үйде ойнап бізбен

Балалармен бірге болды.

Алихан: Аяз - ата ақ сақалды

Ақ таяқты паң ата

Асып өтіп асқар тауды

Жеттің бізге таң ата.

Ардақ: Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың

Орандық ақ көрпеге

Асқар тау қарлы шың

Арай: Қалып едік сағынып,

Күтіп ұалдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаларға шам іліп

Ерасыл: Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле,төрле жаңа жыл

Бізге Құтты жыл

Іңкәр: Жасыл желен жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Ақшақар: Ой балар бауырсағымыз табылмады енді қоянды шақырайықшы бізге сол тауып беретін шығар

Қоян: Келеді шыршаны иіскеп айнала секіреді де мұнда бауырсақ жоқ таппадым.

Ақшақар қоян бауырсақты іздегенше біз әрмен қарай кешімізді өткізейік.

Би: «Латын»

(Томирис-Нұрлыбек,Алишер-Іңкәр)

Ән: «Анашым» Анар

Тақпақтар

Сабина: Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны

Той-маскарад басталды

Аяз оны басқарды,

Нурай: Мерекені бастаған

Жаңа жылды қарсы алды

Мен де бүгін ән салды Араластым биге деғ

Інжу

Карина

Ақшақар: Енді ортаға түлкіні шақырайық бауырсақты тауып берсін,

Түлкі: Қутыңдап кіреді де, бауырсақты шыршаны айнала іздейді таба аламйды таппадым дейді.

Ақшақар: Жақсы онда балалардың «Аяз ата» биін тамашалайық.

(Анар,Нұрлыбек,Хабиболла,Томирис,Алишер,Жібек,Али,Карина)

Ән: Әли

Ақшақар:Балалар орманнан барша жануарлар келмеді , Аяз ата мүмкін жануарлар мен орманнан іздеп көрерсіздер

Аяз ата: Қане бәрің менің шанама мініңдер,орманнан іздеп келейік . Мен білсем ол ормананн адасып кетті. Ақшақар қызым осында сендермен бірге қалсын бауырсақты іздесін.Ал,балар Келер жылы кездескенше сау болыңдар.

Бәрі: А -У-У-У- деп айқайлап кетеді.

Ақшақар: Балар, бұл бауырсақ ешқайда да жоғалмапты,ол әр үйдің дастарханында тұрады. Сенбесеңдер Жаңа жыл күні дастарханға қараңдаршы. Сол кезде атай мен әжей үшін,ертегі кейіпкерлері үшін,елімізде тыныштық, молшылық болсын деп жеңдер.

(Аяз ата,қоян,қасқыр,түлкі,ата,әже,жалмауыз,аю) бәрі шығып кетеді.

Ақшақар: Ал, балалар, енді ескі жылмен қоштасып жаңа жылды қарсы алатын кез келді ендеше ескі жыл мен жаңа жылды ортаға шақырайық.

Жылқы мен Қой кіреді.

Ән: Ақша қар

Жаңа жылға жаңа қадам басайық

Армандаған белестерден асайық,

Күлімдеумен көк аспанның көгінде,

Күндей болып жылу шуақ шашайық

Бақыт берсін әрбір жанның басына

Береке бер, қуат берген асыңа

Жанымызға жар болса екен- Жаратқан

Иман берсін қарты менен жасына- деп шырша мерекесін аяқтаймыз.Келген Жаңа жылымыз құтты болсын!


© 2010-2022