Көркем әдебиетімен танысу Қайырымды қоян

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

МДС «Ә»

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Алтын күз.

Мақсаты:балалардың күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. Көкеністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.

Сөздік жұмыс: сары алтындай жайқалған, жиын-терін, берекелі күз, жомарт күз.

Қостілді құрам: алтын күз-золотой осень, көкөністер- овощи, жемістер-фрукты.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық кезеңі.


Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгеленіп тұрайық.

Күндей жарық, айдай арайлы,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз неше айдан тұрады?

Күзді неге «алтын күз» деп атайды?


Жыл мезгілдері суреттері.

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастыру

Іздену

кезеңі.

Ойын.



Дәптермен жұмыс.



Сергіту сәті.



Дидактикалық ойын.


Жұмбақ шешу.


Балалар сабағымызды ойыннан бастайық;

«Табиғат мейірімді» ойынының шарты: тәрбиеші сөйлемді өзі бастап береді, балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады.

-Жер-Ана мейірімді, өйткені ол ... (көкеністер мен жемістерді өсіреді).

-Күн мейірімді, өйткені ол ... (жарығын, жылуын береді).

Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен таныстыру, жаттату,

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Күз айында жемістер мен көкеністер піседі. Жемістер бақта өседі, көкеністер бақшада өседі.

-Жемістер мен көкеністерді ата.

Баяу музыка әуенімен орындалады.

Бастаушы: күзде ағаш жапырақтары сарғаяды, жел соғады, ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге қалықтап түседі. Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады. Түк, түк, түк (дыбыс шығару). Күн жарқырап шықты, біз қуанамыз!

«Қай ағаштың жемісі?» ойынының шарты: алма, алмұрт, шие ағаштары және жемістері көрсетілген. Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу керек.

Жауып жаңбыр, жерде сабыр,

Шөп, жапырақ солады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады? (КҮЗДЕ)

Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады. Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз» деп айтылады. Балалар мектепке барады. Жиын-терін болады.

Табиғат суреті



Күз көрінісі

Жемістер, көкөністер, жапырақтар.





Ағаш жеміс түрлері




Тәрбиешінің өмегімен сұрақтарға жауап береді.


Өлеңді қайталап айтады.



Қимылмен көрсетеді.



Ойын ойнайды..


Жұмбақтың шешуін табады.

Тәрбиешіні тыңдайды.

Рефлексивті түзету

Балалар күзді неге алтын күз дейді екен?

Балалар қане барлығымыз күз туралы тақпақ айтамыз.

Балаларды мадақтайды.

Жемістер, көкөністер пісіп қамба толады.

«Алуан, алуан жапырақ» хормен айтады.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:күз туралы білімі нығаяды.

Қолданады: кү берекелі мезгіл екенін әңгіме арасында қолдана біледі.

Түсінеді: нан мен адам өмірінің байланысын түсінеді








Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

МДС «Ә»

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Қайдан келдің, бауырсақ?

Мақсаты:Өлеңді оқып беріп, балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Диалогты сөйлеуге үйрету. Бауырсақтың дастарқанға қандай еңбекпен келу жолдарын түсіндіру, нанды қастерлей білуге үйрету. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.

Көрнекіліктер:бауырсақ, қуыршақ, егіннің суреттері.

Сөздік жұмыс: диқан, наубайхана, дүкен.

Қостілді құрам: нан-хлеб, дүкен-магазин,

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық ұйымдастыру кезеңі.


Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Жылдың қай мезгілі?

Ауа-рай қандай?

Далада не өзгерістер бар?

Жүрекше

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Күз мезгілі

Салқын

Жапырақтар түсіп жатыр, құстар азаюда.

Ұйымдастыру, іздену

Жұмбақ шешу.


Дәптермен жұмыс.



Сергіту сәті.


Дидактикалық ойын.




Сюжетті-рөльді ойын.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында дәні бар. (БИДАЙ)

-Бидайдан не жасалады?

-Бидайдан ұн жасайды, ұннан түрлі тағам, нан, бәліш, бауырсақ пісіреді.

Тәрбиеші Ө. Тұрманжановтың «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен таныстырады.

-Өлеңде не туралы айтылды?

-Бауырсақ қайда жатты?

-Қуыршақ не деп сұрады?

-Бауырсақ наубайға қайдан келді?

-Диірменге ше?

-Диқан бидайды қалай өсірді?

Жерді жыртамыз, егінді себеміз,

Суарамыз, күтіп баптаймыз.

Бидай үлкен болып өседі,

Комбайнмен орамыз,

Машинамен қамбаға тасимыз,

Диірменде ұн етіп дайындайды.

Ұннан қамыр илеп, бауырсақ пісіреміз.

«Не жасырынғанын тап» ойынының шарты: балаларға ұннан пісірілген нан түрлерін көрсетеді. Балалар көздерін жұмады, бір суретті тәрбиеші алып қояды. Балалар қай сурет жоқ екенін табуы керек.

Нан - адамның тіршілік қорегі, дастарқанға үлкен еңбекпен келеді.

«Ас атасы - нан» мақалы елдің нанға деген қастерлі қарым-қатынасын білдіреді.

«Ас атасы - нан» - жоғары дауыспен, орта дауыспен, төмен дауыспен қайталау.

«Дүкенші» ойынының шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сатушы, екінші топ сатып алушы болады. Ойын осылай жалғасады.


Ұннан жасалатын тағамдар дидактикалық суреттер


Бауырсақ суреті







Дүкен орталығы

Жұмбақтың шешуін табады.


Өлеңмен танысып, сұрақтарға жауап берееді.


Қимылмен көрсетеді.


Ойын ойнау.




Ойынды қызыға ойнайды

Рефлексивті түзету

Балалар, сонымен бауырсақ дастарқанға қалай келеді екен?

Бауырсақ дастарқанға келу үшін кімдер еңбек етеді екен?

Бауырсақтың қандай түрлері бар?

Үйде аналарың қандай бауырсақ пісіреді?

Балалардың жауабы тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:нанның қайдан елетіні туралы өз пікірін тиянақтайды.

Қолданады: нанды қадірлеуді , баспауды қолдана біледі.

Түсінеді: нан мен адам өмірінің байланысын түсінеді








Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

МДС «Ә»

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Оқу құралдары хикаясы.

Мақсаты:балалардың бойында білімге деген қызығушылығын арттыру. Оқу құралдары туралы түсінік беру. Оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: қаламсауыт.

Қостілді құрам: оқулық -учебники, қаламсауыт-пенал, қалам-ручка.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді.

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру іздену кезеңі.

Жұмбақ шешу.


Дәптермен жұмыс.





Сергіту сәті.

Дидактикалық ойын.


Тыныштық сәті.


Жұмбақ шешу.

Балалар сендер қазір қайда отырсыңдар?

Сендерге мектеп ұнайма?

Мен сендерге жұмбақ жасырамын;

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Ұшымен қазық торкөзді жазық

Үстіне өттім асыл сөз жазып. (Дәптер)

А. Хамзаұлының «Оқу құралдары хикаясы» ертегісімен таныстыру, әңгімелету.

-Жанатбек биыл қайда барады?

-Анасы ұлына қандай оқу құралдарын сатып әперді?

-Жанатбек дәптерді қалай былғады?

-Қалам, дәптерлер неге ренжісті?

-Атасы немересін қайда апарды?

-Мұғалім Жанатбекке не берді?

-Жанатбек кітаптарды қайда салды?

-Кітап достарына қандай ақыл айтты?

-Кітаптың айтқаны дұрыс па?

-Сендер қалай ойлайсыңдар, Жанатбектің жасаған қылығы дұрыс па?

«Бірлік болмай, тірлік болмас» - жоғары дауыс, орта дауыс және төмен дауыста айтылады.

Біз мектепке барамыз,

Қолға қалам аламыз.

Кітапты да оқимыз,

Суретті де саламыз.

«Қай зат артық?» ойынының шарты: үстел үстіне оқу құралдары мен ойыншықтар араластырылып қойылады. Сөмкеге оқу құралдарын жинап, артық заттардың атын атау керек.

Баяу ойналатын музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. «Көз алдымызға мектепті елестетіп көрейік. Қоңырау үні, сөмке көтерген балалар, парталар, тақталар, кітаптар. Не деген керемет!»

Парта үстінде оқу құралдары жатыр. Көздерін ашады.

Алты қырлы, алты сырлы. (Қалам)

Жазу жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған (Бор)


Мектеп суреті, оқу құралдары.


Дәптер, кітап.






Оқу құралдар сөмкемен.

Мектепте.

Ұнайды.

Жұмбақтың шешуін табады.


Ертегімен танысып, сұрақтарға жауап береді.




Қимылмен көрсетеді.

Ойын ойнайды.


Балалар өз ойларын айтады.


Жұмбақтың шешуін табады.

Балалардың жауабы тыңдалады.

Рефлексивті түзету

-Мектепте оқыған сендерге ұнай ма?

-Оқу құралдарын қалай ұстау керек?

-Сабақты жақсы оқитын баланы қалай атайды?

-Оқу құралдарын ата.

Балаларды мадақтау.

Өз ойларын айтады

Ұқыпты ұстау керек.

Үлгілі, үздік оқушы.

Оқу құралдарын атайды.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:мектеп, оқу құралдары туралы жақсы пікір қалыптасты.

Қолданады: жақсы, өнегелі сөздерді қолдана біледі.

Түсінеді: оқу құралдарын күтіп ұстау себебін түсінеді








Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

МДС «Ә»

Күні

Тәрбеші:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Қайырымды қоян.

Мақсаты:ертегіні балаларға түсіндіре отырып, қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Бала мен қоян арасындағы достықты үлгі ете отырып, достыққа адал болу қажеттігін түсіндіру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: қайырымды.

Көрнекіліктер: қоянның, баланың, ата-анасының және ормандағы аңдардың суреттері.

Қостілді құрам:қоян-заяц, дос-друг.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Төмендегі өлеңді балалар бірге айтады:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Өлеңді бәрі қосылып айтады.

Ұйымдастыру, іздену

Дәптермен жұмыс.


Сергіту сәті.



Дидактикалық ойын.


Тыныштық сәті.


Мақал жаттау.

Тәрбиеші «Қайырымды қоян» ертегісін оқып таныстырады.

Сұрақтар:

Әке-шешесі баласына қонаққа кімдерді шақыр деді?

Бала қонаққа кімдерді шақырды?

Әкесі баласына не үшін ұрысты?

Бала жылап отырғанда көмекке не келді?

Қоян қандай қайырымдылық жасады?

Біз де қоянға ұқсап қайырымды бола аламыз ба?

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

«Досым менің мақтанышым» ойынының шарты: балалар бір-біріне гүл ұсыну арқылы өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.

Елжан, сен менің мейірімді досымсың.

Жайна, сен ақылды қызсың.

Осылайша ойын жалғаса береді.

Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, терең тыныс аламыз. Көз алдымызға қайырымды қоянды елестетіп көрейік. Қоян балаға қалай көмектесті? Көздерін ашып, қоянның қандай жақсылық жасағанын айтып береді.

Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды.

Қоян суреттері, шаблондар, қуыршағы





Гүл




Әдеп әліппесі

кітабы

Ертегімен танысып, сұрақтарға жауап беру.



Қимылмен көрсетеді.


Ойын ойнау.


Балалар өз ойларын айтады.


Мақал жаттайды.

Рефлексивті түзету

-Балалар, Қоянның қайырымды екенін білдік. Сендер де достарыңа көмектесіп, қамқорлық жасай біліңдер.

Өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:достық туралы өз пікірін тиянақтайды.

Қолданады: жақсы, өнегелі сөздерді қолдана біледі.

Түсінеді: қоян мен адам өмірін байланысын түсінеді










Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

МДС «Ә»

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Алма.

Мақсаты:балаларды бір-бірін сыйлауға, өзара тату болуға, қолындағы барын бөлісіп жеуге, әділдікке баулу. Жемістерді күтіп-баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.

Сөздік жұмыс: жабайы,

Қостілді құрам: алма-яблоко,

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне алманы беріп жылы лебіздерін білдіреді.

Жансая, сен осы алмадай әдемі бол!

Ақниет, сен осы алмадай тәтті бол!

Алмалар

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру , іздену кезеңі.

Дидактикалық ойын.


Дәптермен жұмыс.





Тыныштық сәті.


Сергіту сәті.


Қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі неше айдан тұрады?

Күз айында қандай жемістер піседі?

«Дәмін тап» ойынының шарты: тәрбиеші жемістер мен көкеністерді кесіп, алдын ала дайындайды. Балалардың көздері жұмулы, ортаға кезекпен шығып, жемістердің дәмін татып, қандай жеміс екенін табуы керек.

«Алма» ертегісін балаларға оқып, әңгімелеп беру.

Сұрақтар:

Жылдың қай мезгілі еді?

Жабайы алма қайда қалды?

Алманы кім көрді?

Қоян Қарғаға не деді?

Қарға не істеді?

Кірпі нені алып кетті?

Үшеуі қайда барды?

Аю не деп жауап берді?

Қандай мақал айтты?

«Береке басы бірлікте» - жоғары дауыс, орта дауыс, төмен дауыста айтылады.

Үнтаспадан сайраған құстардың, жел тербеп сыбдырлаған ағаш жапырақтарының, сылдырап аққан судың, сусылдаған құмның, уілдеген желдің даусы естіледі.

Қане, бәріміз бір сәтке көзімізді жұмайық. Табиғат аясында серуендеп жүрміз деп ойлайық. Таза ауа, ашық аспан, құстар қалықтап ұшып жүр. Алыстан судың сылдыраған сылдыры естіледі. Терең тыныс алайық. Көзімізді ашайық.

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін алманың

Анамызға сыйлайық!

Күз суреті

Жыл мезгілі көріністері

2-3 жемістер


Әліппе дәптер




Үнтаспа.

Сұрақтарға жауап береді.

Ойын ойнайды.


Ертегімен танысып, сұрақтарға жауап береді.



Балалар өз ойларын айтады.




Қимылмен көрсетеді.


Рефлексивті түзету

Егер алманы сен тауып алсаң, не істер едің?

Бірге бөлісіп жеген дұрыс па?

Алма қайда өседі?

Достар бір-біріне қандай болу керек?

Балаларды мадақтау.

Балалармен бөлісіп жеймін.

Дұрыс

Алма бақта, алма ағашында өседі.

Достар адал болу керек.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:алма туралы , достық туралы білді.

Қолданады: жақсы, өнегелі сөздерді қолдана біледі.

Түсінеді: достық, бөлісу мағынасы туралы түсінеді









Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

МДС «Ә»

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Ынтымағы жарасқан отбасы.

Мақсаты:отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Отбасылық, туыстық қарым-қатынастың мәнін түсіндіру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс:ынтымақ, жарасқан.

Көрнекіліктер:отбасы суреті. Ата-әже, әке-ана, аға-іні, әпке-сіңілі суреттері.

Қостілді құрам: отбасы- семья, ата-дедушка, әже-бабушка

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік!

Өлеңді бәрі қосылып айтады.


Тыныштық сәті.


Дидактикалық ойын.


Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті.



Рефлексивті түзету


Баяу музыка ойнап тұрады.

Бір сәтке көздеріңді жұмып, көз алдарыңа туған үйіңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші. Туған үйіміз сондай ыстық. Отбасы мүшелері қандай сүйкімді, көңіл күйіміз өте жақсы! Көздеріңді жаймен ашыңдар.

«Менің отбасым» ойынының шарты: балалар шеңберге тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, отбасы туралы жақсы сөздер айтады.

-Менің отбасым тату.

-Менің отбасым көңілді.

Ойын осылайша жалғаса береді.

«Ынтымағы жарасқан отбасы» суретіне қарап, әңгіме құрау. Балалар жауап береді.

Біздің үйде ән тарап,

Думандатар өмірді.

Біздің үйде салтанат,

Біздің үйде көңілді.

«Отбасым - бақыт мекені» - жоғары дауыста, орта дауыста, төмен дауыста айтылады.

Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Отбасына кімдер жатады?

Сенің отбасыңда неше адам бар?

Өз отбасың туралы әңгімелеп бер.

Балаларды мадақтау

Муз.центр


Доп, отбасы суреттері

Балалар өз ойларын айтады.


Ойын ойнау.


Сурет бойынша әңгіме құрау.

Қимылмен көрсетеді.


Балалардың жауабы тыңдалады.


Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:отбасы туралы жақсы пікірде болады.

Қолданады: жақсы, өнегелі сөздерді қолдана біледі.

Түсінеді: ата-ананы сыйлау туралы түсінеді













Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік»

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Айтшы, әжетай.

Мақсаты:Балаларға өлеңді жаттата отырып, үлкендердің еңбегін бағалай білуге, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс:қаракөл қой, табын, жиен аға, нағашы, жезде.

Көрнекіліктер:Жылқышы, тәрбиешінің суреттері.

Қостілді құрам: әже-бабушка, ата-дедушка, бала-мальчик.

Негізгі

іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық ұйымдастыру кезеңі.



Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бәрі бірге қосылып айтады:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі неше айдан тұрады?

Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Күз мезгілі несімен ұнайды?

Күз мезгілінің суреттері

Өлеңді бәрі қосылып айтады.


Сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастыру, іздену




Сергіту сәті.


Дидактикалық ойын.


Тыныштық сәті.


Балалар сендердің ата-әжелерің барма?

Сендер оларды жақсы көресіңдерме?

Бүгін біз Ж. Смақовтың «Айтшы, әжетай» өлеңімен танысамыз.

Бала әжесінен нені сұрады?

Әжесі қалай жауап берді?

Атасы кім екен?

«Жылқышы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Анасы қайда жұмыс істейді?

«Тәрбиеші» деген қандай мамандық иесі

Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?

Біз кішкентай баламыз, өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып, көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз, қарлығаштай самғаймыз.

«Кім жоқ» ойынының шарты: тәрбиеші тақтаға мамандық иелерінің суреттерін іледі, балалар суреттерді көреді, көздерін жұмады, көздерін ашқанда қай суреттің жоқ екенін табу керек.

Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып, қолдарын алға созады, алақандарына күннің сәулесі жылуын төгіп, саусақтардан өткен жылу денелеріне, жүректеріне барады. Көздерін ашады. Жылулықты сездік пе?

«Мақалды аяқта» ойыны. Бұл ойында тәрбиеші кез келген мақалды бастап береді, ал балалар аяқтайды.

Ата - бәйтерек, .... (бала - жапырақ)

Ата-әже, отбасы суреттері,

Әліппе дәптер


Мамандықтар суреттері

Ия, бар.

Жақсы көреміз.

Өлеңмен танысып, сұрақтарға жауап береді.



Қимылмен көрсетеді.


Ойын ойнайды.


Балалар өз ойларын айтады.


Мақалды аяқтайды.


Рефлексивтік түзету

Еңбек етсең, жемісін жейсің. Адамдарға барлық мамандық маңызды және қажет. Әр істе ең бастысы - білімді, еңбексүйгіш болу керек

Балалардың жауабы тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:мамандықтар туралы жақсы пікірде болды.

Қолданады: жақсы, өнегелі сөздерді қолдана біледі.

Түсінеді: ата-ананы сыйлау туралы түсінеді






Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Алтын бала.

Мақсаты:Балаларды өзіне тапсырылған істі тиянақты орындауға, отбасында, достарының ортасында жауапкершілікті болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекіліктер:ананың суреті, баланың ата мен әжеге көмектескен суреті.

Сөздік жұмыс: алтын, ақыл

Қостілді құрам: алтын-золото, ақылды-умный.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық ұйымдастыру кезеңі.


Балалар шеңберге жиналады.

Өзім жақсы баламын,

Ана тілін аламын.

Мейлі қайда жұмсасын,

Бәріне де барамын.

-Аналарың сендерді нан әкелуге жұмсаса, барасыңдар ма?

-Аналарыңа үй жұмыстарына көмектесесіңдер ме?

Ата-ана , күн суреттері

Өлеңді бәрі қосылып айтады.


Сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастыру,

Іздену








Тәрбиеші С. Тұрдалиевтың «Алтын бала» әңгімесін балаларға оқып таныстырады.

Анасы Зәукенді қайда жұмсады?

Зәукен кімді кездестірді?

Атайдың қандай затын жөндеп берді?

Анасы қайда келді?

Әжей Зәукен туралы не айтты?

Анасы неге қуанды?

Баласы анасына нені берді?

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз,

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Дидактикалық ойын.

«Сөйлемді жалғастыр» ойынының шарты: бастаушы берілген суреттерге қарап, сөйлемді бастайды, келесі бала аяқтайды.

-Мен анама ... (көмектесемін).

-Мен ініме ... (қамқор боламын).

Балалар ребусты шешіп, жауабын айтады.

Әліппе дәптер, отбасы суреттері





Сурет бойынша суреттер

Әңгімемен танысып, сұрақтарға жауап береді.


Қимылмен көрсетеді.



Ойын ойнау.


Ребус шешеді.

Рефлексивті түзету

-Балалар, күнделікті біз ата-анамыздың тапсырмасын жауапкершілікпен , тиянақты орындап отыруымыз керек. Сонда ғана тіртіпті, алтын бала боламыз.

Алтын бала боламыз деп уәде береді

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:алтын бала болуды ойлайды және тырысады.

Қолданады: жақсы, өнегелі сөздерді қолдана біледі.

Түсінеді: әдептілік туралы түсінеді
















Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Ойыншықтыр.

Мақсаты:Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ойнауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, өлеңді сызба арқылы жаттату.

Сөздік жұмыс: арғымақ, қарғып.

Қостілді құрам: Ойыншықтар- игрушки, қуыршақ-кукла, доп-мяч.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық ұйымдастыру кезеңі.


Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықты жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

-Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?-Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?

-Ойыншықтарды қалай ұстау керек?


ойыншықтар

Өлеңді бәрі қосылып айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастыру , іздену кезеңі.


Дәптермен жұмыс.


Сөздік жұмысы.

Дидактикалық ойын.


Сергіту сәті.


Дәптермен жұмыс.

Жұмбақ шешу.


Тәрбиеші Қ. Мырза Әлидің «Ойыншықтар» өлеңін сызба арқылы жаттатады.

Іші толы бөлменің (бөлменің суреті).

Ойыншығым (ойыншықтар суреті) мол менің.

Босқа тізіп қоймайық, келе ғой, дос, ойнайық.

Мына тұрған арғымақ (арғымақтың суреті),

Мінем оған қарғып-ақ.

Мына тұрған қояным (қоянның суреті),

Алдына жем (сәбіздің суреті) қоямын.

-Арғымақ деп жүйрік әрі әдемі атты айтамыз.

-Қарғып деп атқа секіріп мінуді айтады.

«Жалғасын тап» ойынының шарты: бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды.

-Менің ойыншығым ... /әдемі/.

-Мен қуыршақпен ... /ойнаймын/.

-Допты жоғары ... /лақтырдым/.

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

-Өзіңе ұнайтын ойыншықтың суретін сал. Ол туралы білетініңді айт.

Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тыңдайды,

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды? (ТЕЛЕФОН)

Әр түрлі ойыншықтар


Әліппе дәптер





Доп


Дәптер, қарындаш

Өлеңмен танысады.




Сөздікпен жұмыс жасайды.

Ойын ойнайды


Қимылмен көрсетеді.


Сурет салады.

Жұмбақ шешеді.

Рефлексивті түзету

Ойыншықты қалай ұстау керек?

Қандай ойыншық түрлерін білесің?

Ойыншықты кімдер жасайды?

Ойыншық туралы қандай тақпақ білесің?

Балаларды мадақтау

Өз ойларын айтты.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:ойыншықтардың қайдан шығатынын, неден жасалатыны туралы білді.

Қолданады: жақсы, өнегелі сөздерді қолдана біледі.

Түсінеді: ойыншықты күтіп ұстау туралы түсінеді











Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Ауылда.

Мақсаты:Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл, қала туралы түсінік беру. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекіліктер:суреттер.

Сөздік жұмыс:қармақ, күбі, едәуір.

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.



Тыныштық сәті.



Дәптермен жұмыс.





Сергіту сәті.



Дидактикалық ойын.

Қорытындылау

  • Бүгін ауа райы қандай?

  • Айналада қандай өзгерістер бар?

  • Жылдың қай мезгілі?

  • Бір аптада неше күн бар?

  • Бүгін аптаның қай күні?

  • Жазғы демалысты қайда өткіздің?

  • Ауыл немесе қала сендерге несімен ұнайды?

Балалар ыңғайланып отырып, үнтаспадан табиғат дыбыстарын тыңдайды және көз алдына елестетеді. Көздерін жұмады.

-Дала табиғаты қандай тамаша! Айнала жап-жасыл, сан алуан тамаша гүлдердің иісі аңқиды. Сайраған құстардың үні, өзеннің сарқыраған даусы естіледі. Таза ауадан терең жұтайық. Көзімізді ашайық.

Н. Қадырбаевтың «Ауылда» әңгімесімен таныстыру.

- Бейбарыс пен Шолпан жазғы демалыстарын қайда өткізді?

-Атасымен бірге не істеді?

-Шолпан кімнің қасында болды?

-Әжесі екеуі не істеді?

-Бейбарыс көрші балалармен қайда барды?

-Шолпан әжесі екеуі қайда барды?

-Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді?

-Шолпан қайда кетті?

-Бейбарыс ше?

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме құдықтан су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын, шаң-тозаңын қуамын.

«Айырмашылығын тап» ойынының шарты: қаланың және ауылдың суреттері берілген. Балалар суреттерге қарап, қала мен ауылдың айырмашылығын табады.



  • Балалар сендер де ауылға қонаққа барасыңдар ма?

  • Ауыл сендерге ұнай ма? Несімен ұнайды?


Сұрақтарға жауап береді.



Көз алдарына ауылды елестетеді.



Әңгімемен танысып, сұрақтарға жауап береді.



Қимылмен көрсетеді.

Ойын ойнау.

Балалардың жауабы тыңдалады.


Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Менің Қазақстаным.

Мақсаты:Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс:Отан, туған жер.

Қостілді құрам: Мемлекет-Республика, тәуелсіз-независимость.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық


Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан - ана, Отан - үлкен,

Қазақстан туған ел!

-Отан-біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.

Біздің Отанымыз - Қазақстан.

Өлеңді бәрі қосылып айтады.


Ұйымдастыру, іздену кезеңі.

Әңгімелесу.





Тыныштық сәті.


Сергіту сәті.


Дидактикалық ойын.

Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?

Рәміздерді атаңдар.

Қазақстан Республикасының Президенті кім?

Қазақстан картасын білесің бе?

Сендер қай қалада тұрасыңдар?

Т. Молдағалиевтың «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау.

Анау Жайық өзені, анау жатқан Атырау,

Бәрі сенің өз жерің, өз суларың, батыр-ау,

Туған жердің тынысын ұққын орман нуымен,

Алтынды Алтай шығысың, қыран ұшқан шыңынан...

Тәрбиеші балаларға өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілейді.

Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Туған жеріміздің табиғатын, таза ауасын, әдемі гүлдерін, сайраған құстарын көз алдымызға елестетеміз. Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша! Көзімізді ашамыз. Туған жеріміз туралы ойымызды әңгімелейміз.

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін,

Көк майсасын төседі.

«мен кіммін?» балалар өздері отбасы, тұратын қаласы, көшесі туралы айтады.

Қазақстан мемлекетінің рәміздері,

Картасы.

Сұрақтарға жауап береді.


Өлеңмен танысады.



Туған жер туралы ойларын айтады.


Қимылмен көрсетеді.

Ойынды ойнайды.

Рефлексивті түзету

Қазақстан Республикасы - біздің сүйікті Отанымыз!

Қазақстан - өте үлкен, бай республика. «Жері байдың - елі бай».

Балалар сендерге сабақ ұнадыма?

Тәрбиешіні тыңдайды

Өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:Қазақстан мемлекетінің рәміздері туралы

Қолданады: жақсы, өнегелі сөздерді қолдана біледі.

Түсінеді: өздері қай қалада, облыста тұратыны жөнінде









Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Көліктер.

Мақсаты:Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс:баған, аспалы, сым жол.

Қостілді құрам: көлік- автомобиль, бағдаршам- светофор, жол-дорога.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалар айтыңдаршы, әдепті бала блу үшін қандай болуымыз керек?

Жылы лебіздерін білдіреді.

Өз ойларын айтады.

Ұйымдастыру іздену кезеңі.

Тыныштық сәті.



Дәптермен жұмыс.



Сергіту сәті.


Дидактикалық ойын.


Жұмбақ шешу.


балаларға көліктің түрі көп екенін айтылады..

-Алыс жолға, саяхатқа шыққанда қандай көліктермен жүреміз?

Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып, көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді. Жеңіл көлікпен аялдамаға жетеді. Аялдамадан автобусқа мінеді. Вокзалдан пойызға мініп, портқа жетеді. Кемемен жүзіп отырып әуежайға, әуежайдан ұшаққа отырып демалатын жерге де жетеміз. Көзімізді ашамыз.

-Қандай сезімде болдыңдар?

М. Әлімбаевтың «Троллейбус» өлеңімен таныстыру.

Бағанға ілінген

Аспалы сым жолы бар,

Көшелерде жүгірген

Троллейбус жолығар.

Сым жолымен зулайды,

Басқа жаққа бұрмайды.

-Троллейбусқа мініп көрдің бе?

-Троллейбустың автобустан айырмашылығы қандай?

-Сым жолымен қалай жүреді?

Орнымыздан тұрамыз,

Қанатымызды жаямыз.

Ұшақ болып ұшамыз,

Суда жүйткіп жүземіз,

Кемелерді түземіз.

Жол тәртібін сақтап,

Троллейбусқа мінеміз.

«Жолдан өте білесің бе?» ойынының шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Көліктер, жаяу жүргіншілер. Бірінші топ көліктерге мінеді, екінші топ жаяу жүргіншілер. Бағдаршамға, жол белгілеріне қарап, жолдан өтуі керек.

Төбесінде ебелек, ұшады өзі керемет. (ТІК ҰШАҚ)

Табанында жолы бар, төбесінде қолы бар. (ТРАМВАЙ)

Көліктер суреттері, бағдаршам,




Әліппе дәптер






Бағдаршам, көліктер.

Тәрбиешіні тыңдайды.

Сұраққа жауап береді.

Көздерін жұмып, елестетеді.



Өз ойларын айтады.

Өлеңмен танысып, сұрақтарға жауап береді.



Қимылмен көрсетеді.


Ойын ойнайды.


Жұмбақтың шешуін табады.

Рефлексивті түзету

Қандай көлік түрлерін білесің?

Алыс жол жүріп көрдің бе?

Өзің қандай көлікті ұнатасың? Суретін салып, әңгімеле.

Өз ойларын айтады.

Ұнататын көліктерін атайды, суретін салады.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:көліктер және жолда абай болуды білді.

Қолданады: жақсы, өнегелі сөздерді қолдана біледі.

Түсінеді: жолда бағдаршамның пайдасын туралы түсінеді







Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Қыс.

Мақсаты:Қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру. Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру. Табиғатты бақылауға, қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: жасқанбаймын, шаттана.

Қостілді құрам: қыс- зима, аққала-снеговик, қар-снег.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

кезеңі

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Сәлеметсіңдер ме, балалар?.

Шаттық шеңберге тұрып, амандасады.

Ұйымдастыру, іздену кезеңі.

Дәптермен жұмыс.


Сергіту сәті.


Жұмбақ шешу.


Дидактикалық ойын.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

Қыста қар неге жауады?

Қардан не жасауға болады?

Ә. Табылдының «Қыс» өлеңін оқып, жаттату.

Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймыз шаттана.

-Сендерге аққала соққан ұнай ма?

-Аққаланы неден соғады?

Қарды жинаймыз, дөңгелектейміз, тағы да біреуін дөңгелектейміз. Дайын қарларды бірінің үстіне бірін қоямыз. Қолын жасаймыз, көздерін, мұрнын, аузын жасаймыз. Мінекей, аққаламыз да дайын болды.

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (ҚЫС)

«Аққаланы құрастыр» ойынының шарты: қиып дайындалған аққаланың денелерін тақтаға апарып ретімен орналастыру керек. Балалардың көздері байлаулы болады. Ойын осылайша жалғасады.

Жыл мезгілдері суреттері

Әліппе дәптер, қыс суреті


Аққала суреті

Сұрақтарға жауап береді.

Өлеңмен танысып, сұрақтарға жауап береді.


Қимылмен көрсетеді.


Жұмбақтың шешуін табады.

Ойын ойнайды.


Рефлексивті түзету

Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?

Қыс айында қандай мерекелер болады?

Қыс мезгілі несімен ұнайды?

Қардан тағы не жасауға болады?

Балаларды мадақтау

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:қыс мезгілінің ерекшелігін

Қолданады: жақсы, өнегелі сөздерді қолдана біледі.

Түсінеді: жыл мезгілдерін ажырату туралы









Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Тәуелсіздік көкбайрағы.

Мақсаты:Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Елтаңба, ту, гимн жайлы түсініктерін бекіту, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: рәміз, көкбайрақ, тәуелсіздік.

Қостілді құрам: Ту- флаг, тәуелсіздік- независимый.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық


Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, гимн айтады.

Біз қай мемлекетте тұрамыз?

Еліміздің бас қаласы қай қала?

Қазақстан Республикасының президенті кім?

Туымыздың түсі қандай?

Рәміздер

Гимн айтады, сұрақтарға жауап береді.


Ұйымдастыру кезеңі.



Дәптермен жұмыс.



Тыныштық сәті.


Сергіту сәті.


Дидактикалық ойын.


Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу деген-ешкімге бағынышты емес, өз еркімен өмір сүру деген сөз. Қазақстан-көпұлтты мемлекет. Елімізде 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні болып белгіленген.

Н. Мұқатовтың «Тәуелсіздік көкбайрағы» өлеңімен таныстыру.

Орта ылғи от жайнайды,

Тірлік ырғақ тоқтай ма әлі.

Тас төбемде желбіреші,

Тәуелсіздік көкбайрағы.

Мемлекеттік Тудың авторы Ш.Ниязбеков Тудың көгілдір түсті болуы - бұл ашық аспанның түсі.

Тудың ортасында - шұғылалы алтын күн. Ол тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күннің астында - шарықтаған дала бүркітінің бейнесі. Ту қазақтың ұлттық оюымен өрнектелген.

Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Өскенде өз Отанына қалай қызмет ететіндерін, өскенде кім болатындарын ойлап, көз алдарына елестету. Балалар көздерін ашып, өз ойларын айтады.

Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керіліп,

Өрімдей болып өріліп,

Уықтар болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Бәріміз жүрсек айналып.

«Мен өскенде кім боламын?» ойынының шарты: әрбір мамандық иелерін сурет арқылы балаларға көрсету керек. Балалар қалаған суретті алып, өскенде қандай мамандық иесі болатынын әңгімелеп айтып береді.

Рәміздер










Мамандықтар суреттері


Өлеңмен танысып, тәрбиешіні мұқият тыңдайды.



Өз ойларын айтады.


Қимылмен көрсетеді.


Ойын ойнайды.


Рефлексивті түзету

Туымыздың авторы кім?

Туымыз неліктен көгілдір түсті?

Тудың ортасында ненің бейнесі бейнеленген?

Неліктен ою-өрнекпен әшекейленген?

Балаларды мадақтау

Ш.Ниязбеков

бұл ашық аспанның түсі.

Шұғылалы алтын күн.

Қазақтың ұлттық өнері

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:Қазақстан елінің рәміздері туралы

Қолданады: Әнұранды айта алады

Түсінеді: Қазақстан елі туралы





Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Жаңа жылым - тамаша.

Мақсаты:Қыс туралы білімін бекіту. Жаңа жыл мерекесі ең қызықты, отбасылық мереке екенін түсіндіру. Жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру.

Қостілді құрам: жаңа жыл- новый год, шырша-елка, Аяз ата-Дед мороз.

Негізгі іс-әрекет

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шеңбер болып отырамыз.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

Қыс мезгілінде қандай мерекені атап өтеміз?

Қыс мезгілі суреттері

Сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті.


Дәптермен жұмыс.




Дидактикалық ойын.

Рефлексивті түзету

Тәрбиеші балалармен жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелеседі. Мереке туралы өз ойларын айтады.

Балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Көз алдарына Жаңа жыл мерекесін, жасыл шыршаға ілінген ойыншықтарды, шыршаны айналып ән айтып жүрген балаларды елестетеді. Жаңа жыл мерекесі қандай тамаша! Отшашулар не деген керемет! Көздерін ашады. Көңіл күйлері жайлы әңгімелесу.

Ә.Табылдының «Жаңа жылым - тамаша» өлеңін жаттату.

Әкелді жыл ырыс-құт:

Әлемде той, тыныштық.

Жарқын өмір жаңаша,

Жаңа жылым - тамаша.

Тәрбиеші: Қыс-жылдың қызықты мезгілі. Жаңа жыл мерекесі - отбасылық мереке. Жаңа жылдың өз ерекшелігі болады. Әрбір келген жыл ырыс, құт-берекесімен, өз жақсылығымен келеді. Жаңа жыл мерекесін бүкіл әлем халқы тойлайды. Жаңа жыл мерекесінің қонақтары - Аязата мен Ақшақар.

«Шыршаны құрастыр» ойынының шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Бірнеше қиып дайындалған шыршаны алып, тез арада құрастыру керек. Тез аяқтаған топ жеңіске жетеді.

Жаңа жыл мерекесі сендерге несімен ұнайды?

Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алғыларың келеді?

Аязатадан қандай сыйлық күтесіңдер?

жаңа жыл мерекесі суреттері.



Әліппе дәптер,





Шыршалар


Жаңа жыл мерекесін көз алдарына елестетеді.


Өлеңмен танысып, тәрбиешіні мұқият тыңдайды.



Ойын ойнайды.


Өз ойларын айтады


Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: жаңа жыл мерекесі туралы

Қолданады:жаңа жылды қалай қарсы алғандарын айта алады

Түсінеді: мерекелер туралы









Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Ормандағы шырша тойы.

Мақсаты:Балаларға әңгімені тыңдата отырып, қыс мезгілінің ерекшелігімен таныстыру. Ормандағы аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Қостілді құрам: шырша-елка, ойыншықтар-игрушки, Аязата-Дедмороз. Орман-лес.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық


Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жаңажылдық жақсы тілектер айтады.

-Жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

-Қыста қандай мерекені атап өтеміз?

-Жаңа жылда нені безендіреміз?

-Шыршаны безендіру сендерге ұнай ма?

Жүрекше

Жыл мезгілдері суреттері, шырша суреті

Жақсы тілектер айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастыру , іздену кезеңі.

Тыныштық сәті.


Дәптермен жұмыс.



Сергіту сәті.


Дидактикалық ойын.

Балалар қане енді музыканы тыдаймыз,

баяу музыка әуенімен көзімізді жұмамыз. Көз алдымызға жасыл шыршаны елестетеміз. Қолымызға түрлі ойыншықтарды алып, шыршаға іліп жатырмыз. Шыршамыз жарқырап кетті. Қандай әдемі шырша! Көзімізді ашайық.

«Ормандағы шырша тойы» әңгімесімен балаларды таныстыру.

-Руслан ата-анасымен қайда тұрады

-Жаңа жыл қарсаңында қонаққа қаладан кім келді?

-Тимур Русланға қандай ой айтты?

-Екі бала шыршаны қалай безендірді?

-Шыршаға ілген тамақты қандай құстар жеді? Аттарын ата.

-Анасы нені көріп қалды?

-Балалардың шыршаны жейтін нәрселермен безендіргені дұрыс па?

Тербеледі шыршалар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай шыршалар

Үп-үлкен боп өседі.

«Аңдарды құрастыр» ойынының шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Алдын ала қиып дайындалған аң денелерін құрастыру керек. Қай топ тез құраса, сол топтың жеңіске жеткені.

«Мен суретшімін»

Балалар шыршы суретін саламызда, жаңа жыл туралы әңгіме айтамыз.



Әліппе дәптер, шырша, ойыншықтар,

Шыршаны қалай безендіретін-дерін елестетеді.

Әңгімемен танысады.

Сұрақтарға жауап береді.



Қимылмен көрсетеді.

Ойын ойнайды.


Шырша суретін салып, жаңа жылды қалай қарсы алатынын әңгімелейді.

Рефлексивті түзету

Балалар сендерге сабақ ұнадыма?

Сендер жаңа жылға тақпақ жаттадыңдарма? Қане айтайық.

Үйде шырша безендіресіңдерме?

Балаларды мадақтау.

Өз ойларын айтады.

Жаттаған тақпақтарын айтады.

Безендіреміз.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:жаңа жыл мерекесі туралы

Қолданады: жаңа жыл туралы тақпақтар айта алады

Түсінеді: мерекелер жөнінде







Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Біз тебеміз сырғанақ.

Мақсаты:Қыс мезгілі туралы балалардың түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін бақылау. Балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.

Сөздік жұмыс:шыңдайды, құйындатып, мығым.

Қостілді құрам: қыс-зима, шана-санка, Аққала - Снеговик.

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық



Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.

Қыс келді, қыс келді,

Ақтарды ақ қарды.

Ақ қарды шимайлап,

Шаңғымен сызалық.

-Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі қандай?

-Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

Қыс көрінісі

Бәрі өлеңді қайталайды.


Сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастыру кезеңі.

Жұмбақ шешу.


Дидактикалық ойын.


Дәптермен жұмыс.



Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс.

Тыныштық сәті.


Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, тауып көресіңдерме?

Суда мұз бар,

Жерде қар бар,

Боран борап соғады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (ҚЫС)

«Қандай қимыл екенін тап» ойынының шарты: балалар шеңберге тұрады, әр бала кезекпен ортаға шығып, қимылды қозғалыс жасайды, қалған балалар шешуін табуы керек. Бірнеше (шаңғы, коньки тебу, шанамен сырғанау, т.б.) қимылдар көрсетіледі.

Б. Жақыптың «Сырғанақ» өлеңін жаттату.

Сырғанаққа мығымбыз,

Шыныққанбыз, шымырмыз.

Таудан төмен сырғанап,

Біз тебеміз сырғанақ.

-Сырғанақ тебу сендерге ұнай ма?

-Сырғанақ тебу үшін қандай болуың керек?

-Достарыңмен бірге сырғанаққа барасың ба?

Ішік, пима, қолғаптар,

Арада жоқ тоңғақтар.

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз, алақай.

Қыз мезгілінің ұнаған сәттерін, өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. Ребус шешеді.

Балалар денелерін еркін ұстап, көздерін жұмады. Көз алдарына қыс мезгілін елестетеді. Терең тыныс алады. Ауа неткен таза, айнала аппақ қар, жылт-жылт етеді. Қарды алақанымызға салдық, сұп-суық. Аққала соқтық. Аққаламыз қандай әдемі болып шықты. Көзімізді ашамыз.

Жыл мезгілдері, қыс суреттері, қысқы ағаш, қар.




Қармен ойнап жүрген балалар суреттері.

Жұмбақ жауабын шешеді.


Ойын ойнайды.


Өлеңмен танысып, жаттайды. Сұрақтарға жауап береді.


Қимылмен көрсетеді.

Сурет салады. Ребус шешеді.

Қыс мезгілін елестетеді.


Рефлексивті түзету

-Қыста сырғанаған сендерге ұнай ма?

-Сырғанақта немен сырғанайсыңдар?

-Сырғанаққа бару үшін қалай киіну керек?

-Қардан не жасауға болады?

Балаларды мадақтау

Ұнайды.

Шанамен

Қалың, жылы

Аққала

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:қыс туралы

Қолданады: қыс туралы тақпақтар айта алды

Түсінеді: жыл мезгілі жөнінде




































Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас Күні:

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Қысқы баспана.

Мақсаты:Балаларға ертегіні оқып, таныстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Бір-біріне қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Қостілді құрам: мысық-кошка, әтеш-петух, орман-лес.

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру, іздену кезеңі.

Жұмбақ шешу.


Дидактикалық ойын.


Дәптермен жұмыс.


Сергіту сәті.


Рефлексивті түзету

Балалар сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, табасыңдарма?

Еріксе құйрығымен ойнайды,

Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды. (МЫСЫҚ)

Қызыл бұжыр айдары бар,

Қоқиланған айбары бар,

Ауық-ауық азан салып,

Өңеш керген айғайы бар. (ӘТЕШ)

«Қайсысы қалай дыбыстайды?» ойынының шарты: тәрбиеші үй жануарларының атын атайды. Балалар олардың қалай дыбыстайтынын айтуы тиіс.

«Қысқы баспана» ертегісімен балаларды таныстыру.

-Орманда қандай аңдар өмір сүреді?

-Олар күзде не тұрғызды?

-Олардың үйіне нелер келді?

-Қасқырлар неден қорықты?

-Бұқа, әтеш, қошқар, мысық, шошқа қандай дос?

Озып кетсең егерде,

Қуана бер, қуана.

Бірімізді біріміз

Ұстап алмай қоймайық.

Кел, қошақан, екеуміз

Қуаласпақ ойнайық.

«Береке түбі - бірлікте» -жоғары дауыс, орта дауыс, төмен дауыста айтылады.

-Үй жануарларына қандай көмек көрсету керек?

-Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

-Үй жануарларының азығы не?

-Үй жануарларына баспананы кім жасайды?

Балаларды мадақтау.

күзгі тіршілік суреттері, бұқа, қошқар, шошқа, мысық, әтештің суреттері.



Әдіппе дәптер

Жұмбақ шешеді.



Ойын ойнайды.


Ертегімен танысып, сұрақтарға жауап береді.


Қимылмен көрсетеді.


Мақал жаттайды.

Қора салу керек, жем, су беру тиіс.

Өз ойларын айтады

Шөп, жем, су.

Адамдар жасайды.


Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:орман, үй жануарлары туралы

Қолданады: жануарлар тіршілігі жөнінде айта алады

Түсінеді: жануарларға, құстарға қамқор болуды








Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас Күні:

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Шана

Мақсаты:Қыс мезгілінің ерекшеліктерін балаларға түсіндіру. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.

Қостілді құрам:шана-санка, қар-снег, Ақшақар-Снеговик

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Қыста қардан не соғамыз?

-Сырғанақта немен сырғанаймыз.

Жылы лебіздерін білдіреді. Сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастыру кезеңі.


Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті.


Дидактикалық ойын.


Тыныштық сәті.


Г. Әзімбаеваның «Шана» әңгімесімен таныстыру.

-Бала ұйқысынан тұрып, қайда қарады?

-Ол терезеден кімді көрді?

-Әкесі мен шешесі не істеп отырды?

-Бала ата-анасына қандай сөз айтты?

-Әкесі баласына не әкеліп берді?

-Анасы баласына қандай ақыл айтты?

-Анасы неліктен олай айтты?

-Баласы не деп жауап берді?

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

«Қандай қимыл жасағанын тап» ойынының шарты: бастаушы түрлі қимылдар (шаңғы, хоккей, коньки, шана) жасайды, балалар қандай қимыл жасағанын табуы керек.

Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады.

Көз алдарына биіктен шанамен сырғанап ойнаған сәттерін елестетеді. Шанамен сырғанап ойнаған қандай қызық. Отыруға да ыңғайлы. Қардың үстімен зулап сырғанайды. Көзімізді ашамыз. Балалар өз ойларын айтып береді.

-Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілінен айырмашылығы қандай?

-Қыста қандай қызықтар болады?

-Қысқы ойындарды ата.

-Шанамен не үшін қыста ғана сырғанайды?

Балаларды мадақтау

қыс мезгілін бейнелейтін суреттер, шанамен сырғанап жүрген балалар суреті.




Әуен

Әңгімемен танысып, сұрақтарға жауап береді.


Қимылмен көрсетеді.

Ойын ойнайды.


Шанамен сырғанаған-дарын елестетеді.


Өз ойларын айтады

Аққала жасаймыз, шанамен сырғанаймыз.

Қар атыс, шаңғы, аққала жасау

Себебі басқа мезгілде қар болмайды.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:қыс ойындары жөнінде

Қолданады: қыс қызығы туралы айта алады

Түсінеді: жыл мезгілдері айырмашылығын




Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас Күні:

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Шынықсын денеміз.

Мақсаты:Балаларға өлеңді жаттата отырып, қыс мезгілінде ауырмас үшін шынығу керектігін түсіндіру. «Шынықсаң шымыр боларсың» сөзінің мағынасын түсіндіру.

Сөздік жұмыс: құрыспай, құрыштай.

Қостілді құрам: жаттығу- зарядка, денсаулық - здоровье.

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

-Сымбат, денсаулығың мықты болсын!

-Дулат, шымыр болып өс!


Жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру кезеңі.

Жұмбақ шешу.

Дидактикалық ойын.

Дәптермен жұмыс.





Сергіту сәті.



Жұмбақ шешу.



Дидактикалық ойын.

Балалар денеміз шынықсын десеңдер не істеулерің керек?

Қыста ғана болады,

Ұстасаң, қолың тоңады. (ҚАР)

«Кім жылдам?» ойынының шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Ортада белгі көрсетілген. Балалар көрсетілген белгіге сырғанап жетіп, өз орындарына сырғанап келуі керек. Ойын осылай жалғаса береді.

Б. Соқпақбаевтың «Шынықсын денеміз» өлеңін жаттау.

Жүріңдер, балалар,

Сырғанақ тебеміз.

Құрыспай, құрыштай,

Шынықсын денеміз.

-Қыста ауырмас үшін не істеу керек?

-Сырғанақ теуіп ойнасақ, қандай бала боламыз?

-«Құрыспай, құрыштай» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймын шаттана.

Қайқы тұмсық қос табан,

Қос аяқпен ұштаған,

Итерсең алға зулайды,

Шойын жолдан аумайды. (ШАҢҒЫ)

Қыста үйге кірмейді,

Көктем шықса жүрмейді. (ШАНА)

«Кім тез шананы құрайды?» ойынының шарты: бірнеше қиып дайындалған шана бөліктері. Берілген белгі бойынша балалар шананы құрастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Қыс мезгілі суреті,

қыс мезгіліндегі сырғанап жатқан балалар суреті.



Әліппе дәптер

Жұмбақ шешеді.

Ойын ойнайды.



Өлеңмен танысып, жаттайды.

Сұрақтарға жауап береді.



Қимылмен көрсетеді.

Жұмбақтар шешеді.



Ойын ойнайды.



Рефлексивті түзету

-Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

-Қыста ойнайтын қандай ойындарды білесің?

-Сырғанаққа барған несімен ұнайды?

-Қыс мезгіліне арнап жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдер.

Өз ойларын айтады

Тақпақтар айтады

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: Қыс мезгілі туралы

Қолданады: жаттығуды жасай алады

Түсінеді: жаттығулардың пайдасы жөнінде








Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Аққала.

Мақсаты:Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру. Қардан аққала соғып, қар қамалдар тұрғызуға болатынын үйрету.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекіліктер: аққаланың, аққала соғып жатқан балалардың суреттері.

Сөздік жұмыс:ақша қар.

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.



Дәптермен жұмыс.



Сергіту сәті.



Дидактикалық ойын.

Тыныштық сәті.



Жұмбақ шешу.

Қорытындылау

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

-Қыста қардан не жасауға болады?

Ғ. Ормановтың «Аққала» өлеңін жаттау.

Ауыл алды ақша қар,

Ақша қарда балалар

Соғып жатыр аққала.

-Қыста жерде не жатады?

-Қардан не жасауға болады?

-Аққала соғып көрдің бе?

Аула сырты, баққа да

Тұрғызамыз аққала.

Аққаланы айналып,

Би билейміз шаттана.

«Аққала құрастыр» ойынының шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Әртүрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек.

Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Көз алдарына доп алаңын, онда соққан аққаланы елестетеді.

Аққаламыз қандай әдемі! Көзімізді ашамыз. Көңіл күйлерің қалай болды?

Өздері соққан аққаланың суретін салады.

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны. (АҚҚАЛА)

-Аққаланы неден соғамыз?

-Қардан қолымыз жаурамас үшін не киеміз?

Жылы лебіздерін білдіреді.

Өлеңмен танысып, жаттайды. Сұрақтарға жауап береді.

Қимылмен көрсетеді.

Ойын ойнайды.

Аққала соққандарын елестетеді.

Сурет салады.

Жұмбақ шешеді.

Балалардың жауабы тыңдалады.



Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас Күні:

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Қарлығаш пен Дәуіт.

Мақсаты:Ертегіні тыңдата отырып, Қарлығаш адамға дос құс екенін, Дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіру. Балаларды бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналау.

Қостілді құрам:қарлығаш- ласточка, ертегі-ласточка.

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру кезеңі.

Жұмбақ шешу.

Дәптермен жұмыс.



Тыйым сөздер.


Сергіту сәті.



Дидактикалық ойын.

Қонып алып жарға, қарқылдайды .... (қарға)

Өзі жасыл әрі батыр, ол не? (дәуіт)

Өзі қара, бауыры ақ, ол не? (қарлығаш)

«Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісін оқып, таныстыру.

-Қарлығаштың ұясы қайда орналасқан?

-Жылан не үшін келді?

-Қарлығаш көмекке кімді шақырды?

-Көкек не деді?

-Қарға ше?

-Дәуіт не істеді?

-Қарлығашқа кім көмектесті?

Ертегіні рөлге бөліп ойнату.

Тыйым сөздер: сурет бойынша сызбамен жаттау.

Құстың ұясын бұзба!

Құстың балапанына тиіспе!

Құсқа тас лақтырма!

Қане қанат қағайық, қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.

Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық.

Сауысқан боп секіріп, тоқылдақ боп шоқиық.

«Ұшты-ұшты» ойынының шарты: «ұшты-ұшты» деп ұшатын затты айтқанда балалар қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты айтқанда, қолдарын көтермеу керек.

-Қарлығаш - адамға дос.

-Дәуіт - адал, достарына көмектеседі.

-Қиындықта достарыңа көмектесу керек.

қарлығаш, дәуіт, көкек, жыланның суреттері.



Құстардың суреттері

Жұмбақтарды шешеді.

Ертегімен танысып, сұрақтарға жауап береді.


Тыйым сөздерді жаттайды.

Қимылмен көрсетеді.


Ойын ойнайды.


Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Рефлексивті түзету

Балалар сендерге ертегі ұнадыма?

Қарлығаш қандай құс?

Дәуіт ше?

Балаларды мадақтау

Өз ойларын айтады

Адал құс

Дәуіт те адал дос

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: ертегі туралы туралы

Қолданады: естіген, көрген ертегіні айта алады

Түсінеді: қарлығаш пен дәуіт жөнінде





Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас Күні:

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Көктем сәні.

Мақсаты:Ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Қостілді құрам: арыстан-лев, орманда- в лесу, түлкі-лиса.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, төмендегі өлеңді бәрі қосылып айтады:

Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық.

Әдепті де, тәртіпті боп,

Жақсылығын қолдайық.

Өлеңді бәрі қосылып айтады.


Ұйымдастыру, іздену кезеңі.

Дәптермен жұмыс.

Дидактикалық ойын.

Сергіту сәті.

Тыныштық сәті.





«Көктем сәні» ертегісін оқып, балаларды таныстыру.

-Арыстан орманға аңдарды не үшін шақырды?

-Қандай аңдар жиналды?

-Ақбөкен не деп жауап берді?

-Қоян, Арқар, Аю, Түлкі не деп жауап берді?

-Сендер көктем сәні не деп ойлайсыңдар?

«Кім тез құрайды?» ойынының шарты: бірнеше жабайы аңдардың қиылған денелерін құрастыру.

Арыстан ақырады, қоян секіреді,

Түлкі қылмыңдайды, аю қорбаңдайды.

Баяу музыка әуенімен көзімізді жұмып, орманды елестетеміз.

Орманда жануарлар жүр. Орман іші жап-жасыл. Таза ауа, сайраған құстар үні, сылдырап аққан судың сыбдыры құлаққа жағымды естіледі. Көзімізді ашайық.

Көктем сәні - ол гүлдер, көбелектер, алғашқы ұшып келген құстар, күннің жылуы.

Қане балалар ертегіні кім айтып береді?

Жануарлар туралы қандай ертегі білесіңдер?

жабайы аңдардың суреттері.

Орман көрінісі,

Жануарлар

Жануарлар

кескіндері

Ертегімен танысып, сұрақтарға жауап береді.


Ойын ойнайды.

Қимылмен көрсетеді.

Орманды елестетеді.


Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Ертегіні айтып береді.

Өздері білетін ертегі айтады

Рефлексивті түзету

Арыстан қандай аң?

Орманда қандай аңдар болады екен?

Балаларды мадақтау

Жыртқыш аң

Өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: ертегі туралы туралы

Қолданады: естіген, көрген ертегіні айта алады

Түсінеді: жабайы жануарлар жөнінде













Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Не сыйлау керек?

Мақсаты:Әңгімені балаларға түсіндіру арқылы мейірімділікке, кішіпейілділікке, анаға құрмет көрсете білуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекіліктер: ана мен бала бірге тұрған суреттер.

Сөздік жұмыс: сыйлық.

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.





Дәптермен жұмыс.



Сергіту сәті.



Дидактикалық ойын.

Тыныштық сәті.

Қорытындылау

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, аналарына жақсы тілектерін айтады.

-Ана - не деген мейірімді, не деген қасиетті жан!

-Ана деген болашағы өмірдің!

-Ана деген қуанышы көңілдің!

-Өмірде үш қадірлі зат бар, ол - күннің нұры, сәбидің күлкісі, ананың ақ сүті.

-Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

-Мерекеде аналарыңа не сыйлағыларың келеді?

Ж. Әлмашевтың «Не сыйлау керек?» әңгімесін балаларға оқып таныстыру.

-Балғынға көкесі нені ескертті?

-Балғын қайда келді?

-Балғын не ойлады?

-Апайы Балғынға қандай көмек көрсетті?

-Балғын ненің суретін салды?

-Анасына қандай сыйлық беретін болды?

Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз,

Кейде оны жұлуға да қимаймыз.

Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,

Шын жүректен аналарға сыйлаймыз!

«Анаңды таны» ойынының шарты: үнтаспаға балалардың аналарының даусы басылған, балалар өз анасының даусын тануы керек.

Баяумузыка әуенімен балалар көздерін жұмады, көз алдарына өздерінің туған аналарын елестетеді. Анамыз аялы алақанымен басымыздан сипайды. Алақаны неткен жұмсақ еді. Көзімізді ашамыз.

-Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?

-Аналарың нанға жұмсаса барасыңдар ма?

-Аналарыңа қандай сыйлық жасайсыңдар?

-Ана туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Жақсы тілектерін айтады.



Әңгімемен

танысып, сұрақтарға жауап береді.



Қимылмен көрсетеді.

Ойын ойнайды.

Аналарын елестетеді.

Балалардың жауаптары тыңдалады.












Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта Күні:

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Наурыз тойы.

Мақсаты:Наурыз мерекесі туралы балалардың түсінігін кеңейту. Наурыз - жыл басы, ұлыстың ұлы күні, қазақ халқының жаңа жыл мерекесі екенін балалардың бойына сіңіру. Салт-дәстүрімізді қолдана отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Қостілді құрам: Наурыз-наурыз, киіз үй-юрта, көктем-весна.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық материалдар

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, төмендегі өлеңді бәрі қосылып айтады:

Көктем, көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

Өлеңді бәрі қосылып айтады.


Ұйымдастыру кезеңі.


Дәптермен жұмыс.



Тыныштық сәті.



Дидактикалық ойын.

Сергіту

сәті.

Дәптермен жұмыс.

Дидактикалық ойын.


Балалар айтыңдаршы,

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Наурыз айында қандай ұлттық мерекені тойлаймыз?

Ә. Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін оқып, жаттату.

Күн менен түн теңелді,

Күн шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы - салтымыз,

«Көгерсін»,-деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.

Наурызда күн мен түн теңеледі. Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша, наурыздың алғашқы күнін жаңа жылдың басы деп, ұлыстың ұлы күні деп атаған.

Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Көз алдарына көктем мезгілін елестетеді. Жер-әлем жап-жасыл. Күн шуағын төгіп тұр. Сылдырап су ағып жатыр. Киіз үйлер қаз-қатар тізіліп тұр. Балалар алтыбақан ойнап, аналар наурызкөже пісіріп жатыр. Наурыз тойы басталды. Көзімізді ашайық. Көңіл күйлерің қалай болды? Наурыз тойы несімен ұнады?

«Бұл қай салт-дәстүр?» ойынының шарты: қазақ халқының бірнеше салт-дәстүрінің суреттері көрсетіледі. Балалар бұл қай салт-дәстүр екенін табуы керек. Ол туралы толық айта білуі керек.

Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді - жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн

Мейрамында халықтың.

Наурызкөжеге қосылатын дақылдарды сызық арқылы қос.

«Қамшы алу» ойынының шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтан екі немесе төрт баладан ортаға шығады. Бір-біріне арқаларын тіреп тұрады, қамшыны аяқтарының ортасына қояды. Берілген белгі бойынша қамшыны жылдам алып, жоғары көтеру керек. Кім тез көтерсе, сол баланың епті болғаны.

наурыз тойының суреттері, наурызкөже пісіріп жатқан аналар суреті.

Әліппе дәптер, киіз үй, ұлттық киіммен қуыршақтар




Суреттер



Қамшы

Сұрақтарға жауап береді.


Өлеңмен

танысып, жаттайды.


Наурыз тойын елестетеді.



Ойын ойнайды.


Қимылмен көрсетеді.

Тапсырманы орындайды

Ойын ойнайды.


Рефлексивті түзету

-Наурыз мерекесі қандай мереке?

-Наурыз көжені кімдер пісіреді?

-Наурыз тойы сендерге несімен ұнайды?

Балаларды мадақтау

Мұсылмандар жаңа жылы

Аналар, әжелер пісіреді

Наурыз көже ішеміз, киіз үй көреміз т.б...

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: наурыз мерекесі туралы

Қолданады: естіген, көргенін айта алады

Түсінеді: наурыз көжеге қосылатын тағамдар жөнінде








Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас Күні:

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Келе бер, көктем.

Мақсаты:Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Қостілді құрам: көктем-весна, құстар-птицы, ағаш-дерево, гүлдер-цветы.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық материалдар

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық



Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, сұрақ-жауап алады.

Тәрбиеші: Күн, күн, сен неге күлімдейсің?

Балалар: Көктем келді?

Тәрбиеші: Жаңбыр, жаңбыр, сен неге сыртылдайсың?

Балалар: Көктем келді.

Тәрбиеші: Бұлақ, бұлақ, сен неге сылдырайсың?

Балалар: Көктем келді.

Тәрбиеші: Құстар, құстар, сендер неге сайрайсыңдар?

Балалар: Көктем келді.

Балалар бір-біріне: «Досым, біз де күлімдейікші»,-деседі.

Күн

Жүрекше

Шеңберге тұрады.

Сұрақтарға жауап береді.

Көңіл-күйлерін көтереді.

Ұйымдастыру, іздену кезеңі.


Дәптермен жұмыс.


Тыныштық сәті.


Дидактикалық ойын.

Сергіту

сәті.

Дәптермен жұмыс.

Жұмбақ шешу.


-Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Көктем мезгілінде ең алғаш өсетін гүлді білесің бе?

Н. Мұқатовтың көктем мезгіліне арналған өлеңін жаттау.

Күншуақты кез келді,

Көп көрініс көзде енді.

Жерге сіңіп қалың қар,

Жер көйлегі өзгерді.

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Қар еріп, қайда сіңеді?

-Жер қандай түске өзгереді?

-Жерде не өседі?

Баяу әуенмен балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Жасыл желек жамылған шөптерді, бүршік атқан ағаштарды, сайраған құстарды, гүлге қонған көбелектерді елестетеді. Гүлдердің иісі қандай әдемі! Иіскейді. Терең тыныс алады. Көздерін ашады.

«Гүлдер» ойынының шарты: тақтаға гүлдердің суреті ілінеді. Балалар көздерін жұмады, көздерін ашқанда гүлдердің біреуі жоқ болады. Қай гүлдің жоқ екенін табу керек.

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

«Көктемгі еңбек» суреті бойынша әңгіме құрастыру.

Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Көктем мезгілінің суреттері, плакаты,

Әліппе дәптер



Музыка


Гүлдер топтамасы


Өлеңмен

танысып, жаттайды.


Көктем мезгілін елестетеді.


Ойын ойнайды.

Қимылмен көрсетеді.

Әңгіме құрайды.

Жұмбақ шешеді.

Көктемде.

Рефлексивті түзету

-*Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді?

-Ағаштар қалай өзгереді?

-Көктем мезгіліне арналған өлең айтыңдар.

Балаларды мадақтау

Өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: көктем мезгілі туралы туралы

Қолданады: көктем туралы өз ойларын айта алады

Түсінеді: жыл мезгілдері жөнінде


Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас Күні:

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Төлдер айтысы.

Мақсаты:Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Қостілді құрам: үй жануарлар - домашные животные, сиыр-корова, қой- овец.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық

материалдар

Баланың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.


Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Балалар аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады.

-Менің атым Айша, мені анам «қошақаным» дейді.

-Менің атым Елжан, мені анам «ботақаным» деп еркелетеді.

-Менің атым Әмина, маған анам «құлыншағым» дейді.

Аналары өздерін қалай еркелететін-дерін айтады.


Дидактикалық ойын.

Дәптермен жұмыс.


Сергіту

сәті.

Жұмбақ шешу.


Рефлексивті түзету


«Төлін тап» ойынының шарты: тақтаға үй жануарларының суреттері ілінеді. Балалар әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс.

«Төлдер айтысы» ертегісін оқып, таныстыру.

-Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?

-Лақ не айтты?

-Құлын ше?

-Бұзау не деді?

-Қошақан, бота не деді?

-Адам не деп жауап берді?

Айналайын торпақ, бола берме қорқақ,

Айналайын қозым, малда жуас бозым.

Айналайын ботам, қандай күлте жотаң,

Жалт-жұлт етіп лақ, жағалайсың бұлақ.

Жарысуға дайын, менің қасқа .... (тайым).

Тастан-тасқа секірген ұзын салпаң құлақты

Қойдан маза кетірген, кім біледі .... (лақты).

Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді .... (қозы).

-Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?

-Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата.

-Малдарды қалай шақырады?

үй жануарлары және төлдерінің суреттері.

Ойын ойнайды.

Ертегімен

танысып, сұрақтарға жауап береді.


Қимылмен көрсетеді.

Жұмбақтарды шешеді.


Балалардың жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: төлдер туралы

Қолданады: төлдер атауы туралы өз ойларын айта алады

Түсінеді: жануарлар жөнінде












Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас Күні:

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Сәруар.

Мақсаты:Ертегіні оқып бере отырып, балаларды батылдыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Қостілді құрам: ай-луна, ғарыш- космос, планета-планета.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық материалдар

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық


Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі қосылып төмендегі өлеңді айтады.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз!

Бәрі өлеңді қосылып айтады.


Ұйымдастыру кезеңі.


Тыныштық сәті.


Дәптермен жұмыс.



Сергіту

сәті.


Дидактикалық ойын.


Балалар сендер аспан әлемі туралы не білесіңдер?

-Айға ұшқыларың келе ме?

-Айға ұшу үшін қандай болуымыз керек?

-Айға немен ұшады?

Балалар өз ойларын айтады.

Көзімізді жұмып, көз алдымызға аспан әлемін елестетеміз. Аспан әлемі не деген әдемі! Жұлдыздар жымыңдайды. Терең тыныс алып, көзімізді ашамыз. Көңіл күйлерің қалай болды?

С. Оспановтың «Сәруар» ертегісімен таныстыру.

-Сәруар қайда ұшпақ болды?

-Аю келісті ме?

-Қасқыр келісті ме?

-Түлкі келісті ме?

-Қоян неге қорықты?

-Айға ұшуға күшік пен мысық неге келісті?

-Сәруардың нағыз достарын ата.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз.

Әрқашанда тілектес,

Досыңа көмектес.

«Менің досым» ойынының шарты: балалар бір-біріне гүл ұсына отырып, өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.

-Әлішер, сен ақылды баласың.

-Жансая, сен әдемі қызсың.

Аспан планеталары суреттері

Айдың суреті



Әліппе дәптер мен әдістемелі кітапша

Өз ойларын айтады.

Сұрақтарға жауап береді.


Көздерін жұмып отырады да,

Аспан әлемін елестетеді.

Ертегімен

танысып, сұрақтарға жауап береді.


Мысығы мен күшігі

Қимылмен көрсетеді.


Ойын ойнайды.


Рефлексивті түзету

Балалар сендер айтыңдаршы,

-Айға ұшу сендерге ұнар ма еді?

-Айға ұшу үшін қандай болу керек?

-Айға ұшқанда қасыңа кімді ертер едің?

Сұрақтарға өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: ғарыш туралы

Қолданады: ертегі туралы өз ойларын айта алады

Түсінеді: ертегідегі кейіпкерлер жөнінде











Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Тоқтар батыр.

Мақсаты:Ғарышқа тұңғыш ұшқан қазақ Тоқтар Әубәкіровтің ерлігін балаларға түсіндіру. Балаларды батылдыққа, төзімділікке, еліне адал азамат болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекіліктер: ғарышкерлер суреті, зымыран, Байқоңыр суреті.

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.



Жұмбақ шешу.



Тыныштық сәті.



Дәптермен жұмыс.



Сергіту

сәті.

Дидактикалық ойын.

Дәптермен жұмыс.

Қорытындылау

Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі қосылып төмендегі өлеңді айтады.

Көкке ұшамын,

Ұшқыш болар баламын.

Соңынан ерем

Ер ғарышкер ағаның.

Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз. (ЗЫМЫРАН)

Тәрбиеші балаларға аспан әлеміне ұшқан тұңғыш қазақ Тоқтар Әубәкіров туралы мағлұмат береді.

Баяу музыка әуені ойналады. Балалар көздерін жұмып, терең тыныстайды. Денелерін еркін ұстайды. Көз алдарына аспан әлемін елестетеді.

-Біз ұшақта отырмыз, жаймен аспанға көтерілеміз, аспанға көтерілдік.

-Біз қалықтап ұшып жүрміз, ұшып жүрміз, жерге жаймен қонамыз, жерге қондық.

Көзімізді ашайық. Көңіл күйлерің қалай болды?

Тәрбиеші Т. Молдағалиевтің «Тоқтар батыр» өлеңімен таныстырады.

Айналады бір сенен,

Есіміңді білсе әлем.

Ғарышқа ұшқан қазақтың

Тұңғышына бір сәлем!

Қабанбайдың ұланы,

Бөгенбайдың қыраны,

Айтылатын мәңгілік

Қазағымның жыр-әні.

Біз ұшамыз, ұшамыз,

Бар әлемді құшамыз.

Әрбір ел мен қалаға.

Қуаныш, бақыт сыйлаймыз.

«Ұшақ» ойынының шарты: балалар ұшаққа отырады, ұшақ оталды, қанатымызды жаямыз, баяу қозғаламыз, аспан әлеміне ұшамыз. Міне, көкте ұшып жүрміз.

Ғарыш кемесін салу.

-Қазақ халқынан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкердің аты кім?

-Ғарышқа ұшу үшін қандай болу керек?

-Өскенде ғарышкер болғың келе ме?

Бәрі өлеңді қосылып айтады.

Жұмбақ шешеді.

Аспан әлемін елестетеді.



Өлеңмен

танысады.



Қимылмен көрсетеді.

Ойын ойнайды.

Сурет салады.

Балалардың жауаптары тыңдалады.









Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас Күні:

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Ағайынбыз бәріміз.

Мақсаты:Достық, ынтымақ сөздерінің маңыздылығын түсіндіру. Сыйластық, татулық туралы түсініктерін кеңейту.

Қостілді құрам: халықаралық-международный, достық-дружба.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық


Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі қосылып төмендегі өлеңді айтады.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз!

Жүрекше

Бәрі өлеңді қосылып айтады.


Ұйымдастыру кезеңі.


Дәптермен жұмыс.




Дидактикалық ойын.


Сергіту

сәті.

Тәрбиеші: Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Елімізде орыс, татар, неміс, кәріс, тағы да басқа ұлт өкілдері тұрады. Әрбір ұлттың өз ана тілі, салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары болады. Олар бірлікте, татулықта өмір сүреді.

Ә. Дүйсенбиевтің «Ағайынбыз бәріміз» өлеңін жаттау.

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша-бау.

Болсын жер мен су ортақ,

Болсын кең де, көл де ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз біріміз.

-«Ағайынбыз бәріміз» деген сөз нені білдіреді?

-«Ынтымақ» деген сөзді қалай түсінесің?

«Ынтымақ бар жерде бақыт бар»- жоғары, орта, төмен дауыспен айтылады.

«Досыңды тап» ойынының шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың балалары көздерін таңып, өз достарын табуы керек. Олар өз досының қолын, шашын, киімін ұстап, сипау арқылы табады.

Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін құрамыз.

Ән: Әрқашан күн өнбесін

халықтар достығы бейнеленген суреттер. Үнтаспа.


Әліппе дәптер






Ленталар

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.


Өлеңмен

танысып, жаттайды.




Ойын ойнайды.


Қимылмен көрсетеді.


Әнді орындайды

Рефлексивті түзету


-Біз қай мемлекетте өмір сүреміз?

-Біздің мемлекетімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?

Балаларды мадақтау

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: достық, басқа ұлт өкілдері туралы

Қолданады: өз ұлты туралы өз ойларын айта алады

Түсінеді: еліміз жөнінде











Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Жеңіс күні.

Мақсаты:Балалардың «жеңіс күні», «бейбітшілік» туралы түсініктерін бекіту. Патриоттық сезімге, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Соғысқа қатысқан ардагерлерге құрмет көрсету.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Көрнекіліктер:соғысқа қатысқан ардагерлер суреті, Мәңгілік алау, оның қасында күзетте тұрған балалар, жеңіс мерекесінің суреті.

Сөздік жұмыс:отшашу, соғыс ардагері.

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.





Дәптермен жұмыс.



Дидактикалық ойын.



Сергіту

сәті.





Қорытындылау

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

-Аспанымыз ашық болсын!

-Еліміз тыныш болсын!

-Бейбітшілік болсын!

Тәрбиеші: 9 мамыр - жеңіс күні! Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр ағаларымыз бен апаларымыз бар. Оларды атап айтсақ: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, т.б.

Еліміз өз батырларын ешқашан ұмытпайды. Батырлар ескерткішіне гүл шоғын қоямыз.

Еске алу: 1 минуттық үнсіздік.

Қайрат Жұмағалиевтың «Жеңіс күні» өлеңін жаттау.

Ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп:

-Қуанышты мереке-

Жеңіс күні қай күн?-деп.

Бейбіт күннің бәрі де-

Жеңіс күні, шырағым!

«Сөз ойла, тез ойла» ойынының шарты: бастаушы бір сөз айтады, балалар жалғасын тез ойлап табуы керек.

Мен әншімін .... (ән айтамын).

Мен дәрігермін .... (адамдарды емдеймін).

Мен ғарышкермін .... (ғарышқа ұшамын).

Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Көңілді әуен сазымен

Жаттығуды бастаймыз.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір,

Қолды жоғары көтеріп,

Қолды төмен түсіріп,

Терең тыныс аламыз.

«Ерлер есімі мәңгі өшпейді!» - жоғары, орта, төмен дауыста айтылады.

-«Жеңіс күні» деп неліктен айтамыз?

-«Бейбітшілік» деген сөзді қалай түсінесің?

-Соғысқа қатысқан ардагерлерге қандай көмек көрсету керек?

-Соғысқа қатысқан батырларды ата.

Жылы лебіздерін білдіреді.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.



Өлеңмен

танысып, жаттайды.



Ойын ойнайды.



Қимылмен көрсетеді.





Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Жарқын жаз.

Мақсаты:Жаз туралы балалардың түсінігін кеңейту. Жаз айында айналада болатын өзгерістерді, табиғаттағы ерекшеліктерді бақылай білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекіліктер:Жаз айының суреттері, слайдтар.

Сөздік жұмыс:жарқылдап, қаңқылдап, қалтылдап, қауыз.

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.



Жұмбақ шешу.

Дәптермен жұмыс.







Дидактикалық ойын.

Сергіту

сәті.



Тыныштық сәті.



Қорытындылау

Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі қосылып төмендегі өлеңді айтады.

Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ,

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күншуақ.

Күндер ысып, шөп пісіп,

Ел пішенін орады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (ЖАЗДА)

Жаз тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастырту.

-Жаз айының басқа жыл мезгілдерінен қандай айырмашылығы бар?

-Жазда балалар қайда шомылады?

-Жазғы демалыста қайда барасың?

-Жаз мезгілі несімен ұнайды?

Абайдың «Жаз» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру.

Н. Айтовтың «Жарқын жаз» өлеңін жаттау.

-Жаз қалай келді?(жарқылдап)

-Қаздар қалай ұшып келді? (қаңқылдап)

-Көбелектер қайда қонды? (гүлге)

-Не жауды? (жаңбыр)

-Гүлдер несін ашады? (қауызын)

-Ненің төсінде? (жайлаудың)

-Не басталды? (қызық-думан)

«Жылдың қай мезгілі екенін тап» ойынының шарты: бірнеше сурет берілген, сол суретте жылдың қай мезгілі бейнеленгенін тауып, әңгіме құрастыруы керек.

Жаз келіпті дегенше,

Алма пісті дегейсің.

Бағымызда ендеше

Алма тарту көбейсін.

Жаз келіпті дегенше,

Қарбыз пісті дегейсің,

Бақшамызда ендеше

Қарбыз жинау көбейсін.

-Қане, балалар, бір сәт тыныштық сақтап, өзімізді табиғат аясында тұрмыз деп елестетейік. Мейірімді күн шуағы көгілдір көлге шағылысып, жалт-жұлт етеді. Енді сендер суға шомылып, ыстықтағанды басыңдар. Қандай рақат, көңіліміз жайланып, көтеріліп қалды.

-Енді осы елестеткен, ойлаған ойларыңмен бөлісейік.

Жаз мезгілі - жылдың ең қызықты кезі. Балалар жазғы демалысқа шығады, суға шомылып, демалатын орындарға барады, кейбір балалар жайлауға ата-әжелеріне барады.

Бәрі өлеңді қосылып айтады.

Жұмбақ шешеді.

Сурет бойынша әңгіме құрайды.

Өлеңмен

танысып, жаттайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Ойын ойнайды.

Қимылмен көрсетеді.



Жаз туралы өз ойларымен бөліседі.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.



© 2010-2022