Воспитатель Урок Геометриялық пішіндер

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.

Мақсаты: 1.Геометриялық пішіндер ,айналадағы заттардың көлемін, формасын

тікелей бақылата отырып меңгерту ,логикалық ойындар.

2.Дамытушылық:өздігінен жұмыс істеуге машықтандыру,ойлау қабілетін

байқампаздығын сабаққа қызығушылығын дамыту, өздігінен талдау

жасауға үйрету.

3.Тәрбиелік:Білім мен байланысын түсіндіру ұжымммен жұмыс істеуге

Тәрбиелеу,денсаулық шараларын дамыту.

Сабақтың түрі: «Саяхат»

Әдіс -тәсілдері: сұрақ-жауап,көрініс,ертегі кейіпкерлерін жандандыру.

Қажетті-құрал жабдықтар:магнитті тақта геометриялық пішіндер.

Пән аралық байланыс тіл дамыту,дене шынықтыру,математика,сенсорлық тәрбие,

Өзін-өзі тану.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезең.

2.Жылулық шеңбер:Армысың асыл күн

Армысың жер Ана

Армысың Аспан-ата

Армысың балабақша дос жаран

Армысыңдар құрметті қонақтар.

Тәр:Балалар бүгін бізде математика сабағы.Өткен сабақта геометриалық пішіндермен

Таныстық.Бүгін қайталау сабағы.Біз бүгін саяхаттқа шығамыз.Бізге қонаққа бауырсақ

келіп қалыпты. (бауыр муз-н кіреді)

Бауырсақ сөзі: Менің атым бауырсақ мені пышақпен қырып алды,қанатпен сыпырып алды қаймаққа иледі,майға пісірді. Мен апамнан кеттім,мен атамнан кеттім.

Мен атамды,апамды,үйімді сағындым маған көмектесіңдерші балалар.

Тәр:Бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?

Балалар:Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.

Тәр: Бауырсақтың түсі қандай?

Бал: сары

Тәр: Бауырсақтың пішіні қандай?

Балалар:домалақ,шеңбер.

Тәр: Балалар біз бауырсақты атасы мен әжесіне апаруға көмектесейік.Енді орманға

Серуенге барайық .

Балалар бір шыршаның түбінде жылап тұрған қоянды көреді.

Тәр:Сәлеметсіз бе қоян.Сен неге жылап тұрсың?

Қоян:Менің тұратын үйім жоқ, маған көмектесіңдерші.

Тәр: Біз саған көмектесейік.Мынау геометриялық пішіндер .Балалар мынау қандай пішін?

Балалар:Төртбұрыш өйткені оның төрт бұрышы бар,мынау шеңбер т.б

Балалар қоянның үйін құрастыруға көмектеседі

Қоян:Балалар сендерге көп-көп рахмет менің енді баспанам бар.

Орманда келе жатқанда қасқыр кездеседі.

Қасқыр:мен бауырсақты жеймін,қарыным ашып тұр

Балалар:жоқ жемеші біз оны атасы мен әжесіне апара жатырмыз.

Қасқыр:Олай болса сендер мені сиқырлы көпірден өтуіме көмектесіңдерші.

«Не көп,не аз» тапсырманы орындауға.

Тапсырма: суретте жапырақ,шарлар,күн,ай және түлкінің суреті салынған.

Балалар тапсырманы орындайды

Қасқыр: рахмет балалар мен сендерден көп нәрсе үйрендім Мені сиқырлы көпірден

Өткізуге көмектестіңдер,мен енде өз жолыммен кетейін.

Сергіту сәті:

Балалар саяхатты жалғастырады.Орманда геометриялық пішіндерден құралған екі

Тапсырма:(түс пен пішіндерді ажырата білу.қызыл шеңберге секір,жасыл төртбұрышқа аяқ қой,көк үшбұрышты атта.Түлкіге кездеседі.

Түлкі: Бауырсақ мен сені жеймін

Бауырсақ: Сен мені жемеші мен балалардан көп нәрсені үйрендім,сен бізді бір сынап

көрші

Түлкі(қолында бір бума қағаз)

Міне менің тапсырмам ,логикалық тапсырма

Дәптермен жұмыс. Дөңгелектерді боя

Түлкі: Сендер менің тапсырмамды орындадыңдар мен сендерге ризамын,мен бауырсақты жемеймін.

Балалар:Бауырсақ мына жолмен жүрсең атаң мен әжеңе барасың. Сау бол.

Бауырсақ: Рахмет сендерге мен көп нәрсені үйрендім. Сау болыңдар.

Сабақты бекіту: Бүгін сабақта кімге көмектестік?

Балалар : Бауырсаққа,қоянға,түлкіге қоянға

Рефлексия:балалар сабақты қанағаттана біліп бекіту.Алған әсерін түс арқылы білдіру.

Музыкамен тақтадағы сары күнді алып қонақтарға сыйлайды.

Тәрбиеші:Барлықтарың ашық түсті сары күнді таңдадыңдар.Біздің сабақ өте қызықты

Әсерлі болды.Олай болса біз бұгінгі сабағымызды жақсы көңіл күймен аяқтаймыз.



© 2010-2022