Ұсақ моторика «Жаңбыр өлең айтады» (Құмда сурет салу)

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұсақ моторика

Сабақтың тақырыбы: «Жаңбыр өлең айтады» (Құмда сурет салу)

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Балаларға шығармашылық белсенділікті таныта отырып, бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезініп табиғи ынталандыратын орта жасау, жүйке жүйесін тыныштандыру, өзіне деген сенімін арттыру.

ә) Түзете - дамытушылық: Балалардың зейінін, қиялын, ойлау қабілетін, шығармашылығын, қолдарының ұсақ моторикасын дамыту.

б) Тәрбиелік: балаларды белсенді іс -әрекетке және зейіннің шоғырлануына тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілі: қызығушылықты ояту, көрсету арқылы түсіндіру, сұрақ -жауап, қорытындылау, мадақтау.

Көрнекілік: Суреттер, слайд

Қажетті - құралдар: Құм тақтайшасы, оның ішіндегі құм.

Ұсақ моторика «Жаңбыр өлең айтады» (Құмда сурет салу)

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық сәт.

  • Балалар, бүгін біз сендермен сиқырлы құм еліне таныстығымызды бастаймыз. Ол өзгеше құмсалғыш. Қане, құммен амандасайықшы, қолдарымызды құмға салайық.

Сәлеметсіңбе, құм!

Ойын: «Мен не сеземін?»

Мақсаты: балалар өз сезімдері, құммен ойнау барысындағы туындаған қиялдары туралы әңгімелейді.

  • Балалар қолдарын құмға салып, саусақтардың арасымен құмды уқалау,

  • қолдарын құмға жасыру;Ұсақ моторика «Жаңбыр өлең айтады» (Құмда сурет салу)Ұсақ моторика «Жаңбыр өлең айтады» (Құмда сурет салу)

  • құмды себелеп құю;

  • Қане не сездік?

  • Құм қандай екен?

  • Балалар жауабы: (жылы, не салқын, құрғақ, не ылғал, бұдыр, не тегіс)

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

ІІІ. Жаңа сабақ

  • - Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
    - Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай болады?
    - Күн ------
    - Жаңбыр -----
    - Жапырақтар ----
    - Құстар жылы жаққа ---
    - Жердегі жасыл шөптер ----

Педагог: Балалар мен сендерге қазір өлең оқимын, сендер тыңдаңдар.
«Жаңбыр»
- Тырс! Тырс!
Жаңбыр кеп жауады,
Терезе қағады.
- Тырс! Тырс!

Балалар, біз жаңбырды немізбен көреміз?
- Жаңбыр дыбысын немізбен естиміз?
Саусақ қол жаттығулары
«Жаңбыр жауды»
Жаңбыр қалай жауды. Алдымен жәй жауды. Саусақ ұшымен үстел үстін соғып тырсылдатады. Содан кейін қатты жаңбыр жауды. Үстелді қаттырақ соғады.

Құммен жұмыс Жаңбырдың суретін салу
Балалар барлығың мына суретке қараңдаршы.
- Нені көріп тұрсыңдар?
- Бұлттан не жауып тұр?

- Біз бүгін жаңбырдың суретін саусақты қолданып құм бетіне саламыз.

ІҮ. Сергіту сәті: (қимылмен көрсету)

Күн ұйықтайды,

Күн оянады.

Жел соғады

Жел қатты, қатты соғады.

Найзағай шатырлайды

Жаңбыр жауады

Жаңбыр басылды

Күн ашылды.

Ү. Бекіту
Тілдік қимылды ойын
- Жаңбыр жауады. Тырс!
- Жаңбыр жауады. Тырс! Тырс!
- Жаңбыр көп жауады.
Тырс! Тырс! Тырс! Тырс! Тырс!
(бір орында тұрып, секіреді)

ҮІ. Қорытынды

Құм елінен «шығу» салт - жоралғысы

  • Балалар бүгін сендер құм ойындарын ойнадыңдар, жаңбырдың суретін салдыңдар, түрлі тапсырмалар орындадыңдар. Қолдарыңды құмсалғыштың үстіне созып, шар домалатқандай домалатыңдар. Енді оны жүрек тұстарыңа қойып, менің айтқанымды айтыңдар:

«Біз өзімізбен бірге бүгін үйреніп білгеніміздің бәрін ала жүреміз!»

ҮІІ. Бағалау

Балаларды мадақтау





© 2010-2022