Балалар көркем әдебиеті Аққала

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы : «Қатынас» Оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет Оқу іс-әрекетінің тақырыбы : Аққала Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Қардан аққала соғып, қар қамалдарын тұрғызуға болатынын үйрету. Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру. Әдіс-тәсілдер : Сұрақ-жауап, әңгімелесу. Көрнекілік : Аққаланың,аққала соғып жатқан балалардын суреттері. Оқу іс-әрекетінің барысы: Қардан аққала соғып, қар қамалдарын тұрғызуға Болатынын үйрету. Ұйымдастыру кезеңі: -Балалар, бүгін ерекше күн!Біздің сыныбымызға көп қонақтар келіпті.Қане, балалар қонақтармен дұрыстап амандасайық . -Жақсы ,балалар!Балалар білеміз бе -Күнің көзі ашылып, көкке шуақ шашылсын! Құтты қонақ келіпті,төрімізге еніпті! Амандасу үлкенге, тәрбиенің басы ғой, Біз тәртіпті баламыз! Алдыменен қонақпен, амандасып аламыз, Сәлеметсіз бе, құрметті қонақтар. Біздің жүрегіміз қайда орналасқан? Осы жүрегіміздің тұсына оң қол жұдырығымызды апарайық. -Не сездіңдер. Дүрсілдейді. -Дұрыс айтасыңдар, осы жұдырықтай жүрегімізден жақсы сөздер ,жылы сезімдер, тілектер шығады. -Бір-бірімізге жүрегімізден шыққан тілектерімізді білдірейік! -Аспанымыз ашық болсын! -Еліміз тыныш болсын! -Күніміз жарық болсын! -Мейірімді болайық! -Анамыз аман болсын! -Әрқашан күн сөнбесін! -Досымыз көп болсын -Деніміз сау болсын! -Әрқашан әдемі болайық! -Жарайсыңдар тілектерің қабыл болсын! Күндей жайнап , Айдай арайлап! Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір таза көңілмен! Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастаймыз. Ғажайып сәт: Есікті біреу қағып, ішке аққала кіреді. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Далада қыс мезгілі болғандықтан,мен сендердің қыс туралы не білетіндеріңді білгім келіп тұр.Сендерге арналған тапсырмаларым көп біріншітапсырмам, осы ұлпа қарларда жазылған сұрақтарға жауап берулерің керек деп ойлаймын. 1-тапсырма -Бір жылда қанша мезгіл бар? -Төрт (қыс,көктем ,жаз, күз ) -Балалар қазір қай мезгіл? -Қыс -Қыс мезгілінде неше ай бар? -Үш ай бар-желтоқсан,қаңтар,ақпан. -Қазір қыстың қай айы? -Ақпан -Бір жылда неше ай бар? -Он екі ай -Бір аптада неше күн бар? -7 күн -Бүгін аптаның қай күні? -сейсенбі -Аққала, балалар дұрыс жауап берді ме ? -Иә ,дұрыс -Иә, балалар,сонымен біздің тақырыбымыз «Аққала» Сурет бойынша әңгімелесу. Дәптермен жұмыс:Ғ.Ормановтың «Аққала» өленің жаттау. Ауыл алды ақша қар , Ақша қарда балалар Соғып жатыр аққала. -Балалар,Аққаланың екінші тапсырмасын орындайық. 2 -тапсырма: «Жұмбақтарды шеш» 1.Ол көңілді сайқымазақ емес, Үш қабатты, бірақ үй емес, Қайырымды,бірақ дәрігер емес, (Аққала) 2.Қолы жоқ, сурет салады.

Тісі жоқ,тістеп алады. (Аяз) 3.Отқа жанбайды, суға батпайды. (Мұз) Сергіту сәті: (Аққала соғып, қимылмен көрсету ) Аула сырты ,баққа да, Тұрғызамыз аққала. Аққаланы айналып, Би билейміз шаттана. Аққаланың үшінші тапсырмасы. 3-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Аққала құрастыр» Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді.Әртүрлі қиып дайындалған геометрялық қиындылардан аққала құрастыру керек. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Көз алдарына өздері соққан аққаланы елестетеді.Аққаламыз қандай әдемі! Көзімізді ашамыз көніл күйлерің қалай болды? Дәптермен жұмыс: Өздері соққан аққаланың суретін салады. Аққаланың төртінші тапсырмасы. 4-тапсырма: Аққала сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар. Жұмбақты шеш. Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы. Қыста қардан туатын, Тауып көрші сен оны. (Аққала) Қорытынды:Балалар, Аққаланың тапсырмалары -Аққаланы неден соғамыз? -Қардан -Қолымыз тоңбас үшін не киеміз? -Қолғап. Аққала:-Балалар, сендер қыс туралы көп біледі екенсіндер.Менде сендерге «Ғажайып қыс » әлемінен сыйлық әкелдім.(Аққала үлкен ақ шарды кәмпиттерімен көрсетіп ,шарды жарады, балалар кәмпиттерді алады)

.



© 2010-2022