Статья, тема: Көптілділік-бүгінгі күннің талабы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Көптілділік -бүгінгі күннің талабы»

Конкиева Галия Мухаметкаримовна

«Қуаныш» балалар бақшасы мектеп

білім беру комплексі» мекемесі

Семей қаласы

XXI ғасыр - ғылым ғасыры. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі-тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз»-деген болатын. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеріп отыратын әлемде табысты білім алуға деген сұранысын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу және оқыту басты мақсат болып отыр.

Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтеріп, «Өнер алды ــ қызыл тіл» деп, сөз өнерін бар өнердің алдына қойып, жоғары бағалаған. Әдетте тіл жөнінде, тіл ــ адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы деп, оған жай-жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы ғана болып қалмастан, қайта онан да маңыздысы, ол белгілі бір ұлттың ұлттық сана-сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл - мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген.

Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Тарихи деректерге жүгінсек, осыдан 12 ғасырдың алдында жасаған энциклопедик ғалым, әлемде Аристотелден кейін екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз өз өмірінде 70 - ке жуық ұлттың тілін жеттік білгендіктен, артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалтырып кеткендігі анық.

Көптілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қортып, туған халқына өнеге болып, өзге жүртпен бәсекеде ырықты орынды иелеп, сан мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері қақ.

Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр.

Көптілділік мәселесі - Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі. Бұл ұғымға жалпылама тоқталсақ… көптілділік, белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Көптілділіктің үштілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты.

Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді. Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңмен іске асыруды қолға алуды ұсынды. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» атап көрсетілді.

Көптілділік мәселесі - Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі. Бұл ұғымға жалпылама тоқталсақ… көптілділік, белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Көптілділіктің үштілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты.

Кез-келген қоғамда азаматтық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеудің негізгі факторлары өз елінің тіліне деген құрмет болып табылады. Бала тілді неғұрлым ерте жастан үйренсе, соғұрлым ол оны жеңіл меңгереді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның ішінде тілді үйрету мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Білім беру саласына үш тілге үйретуді енгізу қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттерінің бірі болып табылады.

Кез-келген қоғамда азаматтық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеудің негізгі факторлары өз елінің тіліне деген құрмет болып табылады. Бала тілді неғұрлым ерте жастан үйренсе, соғұрлым ол оны жеңіл меңгереді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның ішінде тілді үйрету мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Білім беру саласына үш тілге үйретуді енгізу қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Қатынас» білім беру саласында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің алдына қойылған міндет - тілдің негізгі құндылықтарын меңгерген, ана тілінде және өзге тілде әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайын, сөздік және сөздік емес құралдардың көмегімен қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға қабілетті көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Сонымен, әр білім беретін, балаларды тәрбиелейтін мекеменің басты міндеті - Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу болуы тиіс. Сондықтан кішкентай жасынан бастап, балабақшаға келген күндерінен бастап балалардың шетел және басқа тілдерге қызығушылықтарын арттырып, үштілділік арқылы тәрбиелеу керек.

Балабақшамызда ағылшын тілі мектепке дейінгі ересек топтарда және ортаңғы топтарда жүргізіледі. Балалар осы тіл үйрену оқу іс-әрекеттеріне қызығушылықпен қатысады.

Біздің балабақшаның алға қойған мақсатын орындау барысында ағылшын тілін үйрену мақсатында ағылшын тілі мұғалімі Зейнельгабиденова А.Н. мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған «Ағылшын тілінде сөйлеуді үйренейік» атты оқу бағдарламасын үш тілде дайындады.

Мемлекеттік мәртебе алған ана тіліміздің абыройын асқақтату, біздің балабақша есігін ашқан әрбір өзге ұлт баласына тіл үйретіп қана қоймай, қазақтың ұлттық құндылықтарымен қатар, барлық ұлттың салт-дәстүрлерін таныту, әр баланы отансүйгіш, елжанды жеке тұлға етіп қалыптастыру - ынтымақтастық балабақшасының басты мақсаты.

«Бала өмірге келмей жатып ананың құрсағында жатқаннан бастап тәрбиеленеді» деген бала тәрбиесіне байланысты айтылған сөздің астарында көп ой жатқан сияқты.Кейбіреулер баланы өмірге келген күннен бастап, енді біреулері бір жастан бастап тәрбиелеу керек деп жатады. Осы айтылған сөздердің қайсында болмасын шындық бар сияқты.бала тәрбиесі - зор адамгершілік пен имандылықты талап етеді. Баланы тәрбиелеу тек ата-анаға ғана тән емес, қоғамның да тәрбиеге қосар зор үлесі бар.бала отбасында тәрбие алып өсіп-өніп жетіледі де, ал қоғамда белгілі бір тұлға болып қалыптасады. Кез келген ата-ана баласының жақсы тәрбиеленіп, өмір сүруіне ықпал жасайды. Ол үшін баланы шамалары жеткенше мектепке дейінгі мекемеге, яғни, балабақшаға беруге тырысады.

Бала бақшада арнайы білімдері бар мамандырылған тәрбиешілер жұмыс жасайды. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиенің айырмашылығыосында. Бала бақшада балалар өз құрбы-құрдастарымен араласып, ойын ойнай алады. Ойын демекші, бала бақшада берілетін білім оқу-тәрбие үрдісі барлығы ойын арқылы жүзеге асады. Бала бақшада баланың балалық шағы жан-жақты білімдерді меңгерумен өтеді. Балалар дене шынықтырудан, шет тілдерінен, орыс тілінен, хореографиядан, ән-күйден, тіл дамытудан білімдерін дамытады. Тіл дамыту демекші, тілге деген құрметіміз қандай деңгейде. Тіл үйрену дегеніміз сөз бен ереже жаттау емес, сөйлеу түрлерін меңгеру. Кез келген өркениетті елде көп тіл білу жақсы дамыған. Қаласаң өз үйренгеніңше тілді меңгеруге болады. Ал, бірақ өз ана тіліңде сөйлеу - басты мақсаттардың бірі.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға қазір бес тіл болсын, он тіл болсын, жақсылап үйретсе, меңгеріп кетеді. Балаларды бір тілмен шектеу - дұрыс емес. Сол үшін, ең болмағанда, үштілділікті кішкентай жасынан бастап жетілдіруіміз керек. Балалар тілді табиғи түрде тез меңгереді. Қазргі балаларға білім алуға барлық жағдай жасалынған. Олар бүгін жақсы оқыса, көптілді меңгерсе, келешекте Қазақстанымыздың өркениетті дамуына өз үлестерін қосады, дүниежүзін шарлайды. Үш тілді емес, одан да көп тіл үйретуіміз керек. Мен бұл жерде қазақ тілін қазақтар білмесін деп отырған жоқпын. Әрине, балабақшадан бастап қазақ тілін үйретуге тиіспіз. Әрине қазақ тілін үйрету керек, ол бірінші орында болсын. Бірақ сонымен бірге, орыс тілі, ағылшын тілі т.б. тілін балаларға үйретуге тиіспіз. Болашақта біздің балаларымыз басқа елдің адамдарымен қатынас жасай алу үшін біз оларға жас кезінен бастап өз тілін ғана меңгермей басқа да тілдерді меңгеруге мүмкіндік жасауымыз керек.

Елбасымыздың үштілділік жоспарын іске асыру мақсатында біздің бала бақшаның балалардың ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, орыс, ағылшын тілдерін жетік білуге баули отырып, еске сақтау, мінерлеп оқу, әдемі сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыруының мақсатына қойып жатыр. Өз, тілдерімен қоса өзге де тілдерді бағалай білуге баулу.

Үштілділік - қоғамды топтастыратын таңғажайып мүмкіндік. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында 2020жылға балалардың мектепке білім алуға дайындығының жоғары болуын қалыптастыру оларды жастай оқуды әлеуметтенуін қамтамасыз ету деген міндеттер қойылған.

Сонымен, әр білім беретін, балаларды тәрбиелейтін мекеменің басты міндеті - Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу болуы тиіс. Сондықтан кішкентай жасынан бастап, балабақшаға келген күндерінен бастап балалардың шетел және басқа тілдеріне қызығушылықтарын арттырып, үштілділік арқылы тәрбиелеу керек.


Әдебиеттер:

1. Солташұлы Ы. Заман Талабы ــ көптілді болу. // Ақиқат. 26 қараша- 2012 ж. № 11. 14-15 б.

2. Жаминова Р.Ж. Модульдік оқыту технологиясын қолдана балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру. // Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістер. ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. ІІ том. Астана-2012 ж. 115-120 б.

3. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению,2-е изд. - М.: Просвещение, 1991. - 116 б.

4. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. - M.: Слово/Slovo, 2008. С- 264-270

5. akorda.kz/kz/category/poslaniya_narody. Қазақстан Республикасы Президентінің Ресми сайты.

6. surak-zhauap.kz/

7.Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы .

8.«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасы.

9.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

10.«Ағылшын тілінде сөйлеуді үйренейік» атты оқу бағдарламасы-2009ж



© 2010-2022