Технологическая карта организованной учебной деятельности

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы:Балалардың денсаулығын шынықтыру (Иога)

Мақсаты: Әрбір баланың жеке тұлға екендігін түсіндіру,өзін тани білуге қызығушылын арттыру,заттармен жалпы дамыту жаттығуды үйрететін қабілеттерін дамыту,қимыл-қозғалыс белсенділіктерін арттыруға арналған жаттығуларды орындату бары сында шыдамдылық сияқты сапаларын дамыту және денсаулықтарын нығайту.

Әдіс тәсілі: Көрсету,сергіту жаттығу,ойын,иога

Көрнекілік:Төсеніштер

Шаттық шеңбер:

Балалар топқа кіріп, шеңбер болып тұрады.Шаттық шеңбері өлеңі айтылады,/Балалар өлең сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасайды/.

Кіріспе бөлім:

-бір қатармен біріңің артынан бірі жүру;

-аяқтың ұшымен,қол белде;

-өкшемен,қол желкеде:

-қаздар секілді отырып жүру,қол тізенің үстінде:

-жай жүру:

-бір жанымен жүгіру:

2 қатарға бөліңу

Негізгі бөлім:

Бастапқы қалып - балалар төселген төсеніштерге жатып жаттығуды жасауға дайындалады.

«Күнге күйеміз» - балалар арқаларына жатып көздерін жұмады.Өздерін ашық аспан астында күнге қыздырынып жатқандарын елестетеді.Жаттығу екі минут орындалады.

«Сәлеметсіңбе күн» - балалар тізелеріне тұрып қолдарын жоғары көтеріп күнге қарай созылады.Мұрындарымен тыныс алып қолдарын жоғары көтереді.Қолдарын төмен түсіріп тыныс шығарады.

«Кішкентай мысығымыз оянды» - мысықтарша төрт тағандап тұру.Ұйқыдан оянған мысық секілді қолымызды алға қарай созу.Қайтадан бастапқы қалыпқа келіп арқамызды бүгіп көтереміз.

«Біз гүлміз» - аяқты будастырып отырып алақанды жоғары қаратамыз.Қолды тізеге қойып отырып көзімізді жұмамыз.Иығымызды түзеп жоғары төмен қозғаймыз.Қолымызды белге қойып оңға және солға бұрыламыз.

«Көпірше» балалар арқаға жатып аяқтарын жоғары көтеріп көпірше жасап қозғалтады.

«Тыныс жолдарының массажы» - екі саусағымызды мұрынның екі жағына қойып тыныс жолына массаж жасаймыз.Кейін екі саусақты құлақтың артына қоямыз да айналдыру арқылы массаж жасаймыз.Екі саусақты самайға қойып алға төрт рет және же артқа төрт рет айналдыру арқылы массаж жасаймыз.

«Құстар» - балалар тұрып қолдарын жоғары көтерім мұрынмен тыныс алады да ауыздан тыныс шығарып қолдарын қайта төмен түсіреді.Жаттығу бірнеше рет қайталанады.

Аяқтарды топылдат,

Алақанды сардылдат,

Оңға да,солға да,

Бұрыламыз оң аяқ,

Басымызды шайқаймыз.

Қолымызды бұлғаймыз,

Оңға да солға да,

Бұрыламыз сол аяқ.

Оңға да солға да,

Бұрыламыз оң аяқ.

Секіреміз биікке,

Бәрімізде көңілді.

Тәрбиеші:

-Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі.

Денсаулық-теңіз,ән мен спорт егіз.

Балалар:

Жиналамыз сәтті күні бәрімізде,

Үлкен кіші жасымыз,кәрімізде.

Дендеріңіз сау болсын қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап жүріңіздер төрімізде

Күтілетін нәтиже:

-жаттығуларды дұрыс орындау;

-қойылған жұмбақтарға жауап беру;

-сергіту сәтін қимылымен жатқа айтып беру;

-жаттығулардың түрлерін білу;







© 2010-2022