Открытый урок Наурыз бұл береке

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Наурыз - бұл береке!

Құтты болсын мереке.

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні, наурыз мерекесінің

мағынасы туралы түсінік беру, ұлттық дүниетанымдық

білімдерін кеңейту. Наурыз ойы туғанда мұсылман халқы

үшін жыл басы екенін түсіндіру. Балаларға мерекелік

көңіл күй сийлау.

Балалар музыка ырғағымен ортаға билеп кіреді.

Нартай: Наурыз келді құт болып,

Мына бізге сүт болып.

Аққа аузымыз толады

Бар жақсылық болады.

Азиза: Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Соны тойлар ел енді,

Наурыз тойы салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз.

Қуантай: Наурызда күлімдеп,

Күн нұры төгілді.

Өзгеше бүгін леп,

Желпіндер көңілді.

Диярбек: Наурызды халқымыз,

Жыл басы санайды.

Көнермей салтымыз,

Көктемдей арайлы.

Шахина: Құстар ұшып келеді.

Бізге ән сап береді.

Қарлығаштар ұя сап,

Торғай дәнін тереді.

Жүргізуші: Ән шырқап би билейтін қауым болып,

Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап- жасыл боп кетті дуние жаңғырап

Жақсылыққа жаршы болған наурызым,

Сен өсірдің көктемісің мәңгілік.

Ән: Наурыз.

Жүргізуші: Бақта құстар сайрайды,

Жайнап көктем нұрымен.

Жаңа дастүр жырымен,

Ел наурызды тойлайды.

Би: Аққу биі.

Келесі кезекте қазақтың ежелден келе жатқан салт- дәстүрі

«Еруліе» көрінисін «Қарлығаш» тобының тәрбиешілері мен балалар

орындайды.

Шал: Ата немересімен бірге асық жайлы әңгімелесіп отырады.

Кемпір: Апа киізге ою салып отырады.

Ата: Бәйбіше ауылымызға жаңадан көршілер келіпті, тамақ істеп

қонаққа шақырайық .

Әже: Жарайды шақырсақ шақырайық. Мен келінге айтайын дастарқан жайып ет ассын.

Келін, әй, келін.

Келін:ау апа!

Әже: Аулымызға жаңадан көршілер келіпті дастарқан жайыңдар,

қонаққа шақырайық.

Келін: Жарайды апа.

Келін дастарқан жайып , көршілерді қонаққа шақырады.

Ата мен әже қонақтарды қарсы алып, дастарқаннан дәм татыңдар деп қонақжайлылық қылады.

Ата асқа бата береді.

Қонақтар: Асқа шақырғандарыңа рахмет айтып, өздерінің өнерлерін

көрсетеді.

Ән: Аналар алтын.

Ата мен апа: өнерлерің өрге жүзсін.

Қонақтар: Ата апа қонақжайлылықтарыңызға көп рахмет, сіздерде

біздің үй жаққа келіп тұрыңыздар. Ал енді дастарқанға бата берейік.

Захид: Дәулетті бас берсін

Бақытты ас берсін.

Ұлыстың ұлы күнінде

Ұлың оңға қонсын,

Қызың қырға қонсын.

Абдунасир: Ісіңді алла оңдасын

Періште болсын жолдасың,

Батамыз біздің пәк болсын,

Жанұяңа бақ қонсын.

Хасан: Әуелі Қудай оңдай көр,

Оң жолыңа бастай көр,

Адасса жолға сала көр,

Сүрінсе қолдап ала көр

Хусан: Кездессе шайтан қаға көр.

Жұлдыздармен жалғастыр,

Жақсылармен жандастыр,

Жамандардан адастыр.

Би: Батырлар.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен наурыз мерекесіне арналған

ертеңгілігіміз соңына жетті. Қош сау болыңыздар.



© 2010-2022