Тіл дамыту. Қысқы киімдер

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қысқы киімдер»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ойын сабақ
Көрнекілігі: қысқы киім үлгілері.
Психологиялық сәт:
-Балалар сендердің көңіл-күйлерің қалай? (Жақсы)
-Сендер көңілді болғанда не істейсіңдер? (Қол шапалақтаймыз)
-Ренжігенде ше? (қабақ түйеміз)
-Қорыққанда? (көздерін жұмады)
-Таң қалғанда? (таңырқаңған кейіпті көрсетеді)
-Қуанғанда? (күледі)
Ендеше біз бір-бірімізді құшақтаймыз.
Тіл дамыту. Қысқы киімдер Тіл дамыту. Қысқы киімдер

Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қызықты ойын ойнаймыз.
Ол үшін сендер мынадай сұрақтарға жауап беріңдер:
-Жылдың неше мезгілі бар? (төрт мезгілі)
-Жыл мезгілдерін ата. (көктем,жаз,күз,қыс).
-Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс мезгілі).
-Қыста күн қандай болады? (аяз,суық,боран).
-Біздер тонғанда не киеміз? (жылы киімдер киеміз).

Суретпен жұмыс:
Қане,мына суретке қарап киімдердің атын атайықшы: шуба,жемпір,, күрте, етік,қолғап, шапка т.б.
Тіл дамыту. Қысқы киімдер Тіл дамыту. Қысқы киімдер Тіл дамыту. Қысқы киімдер Тіл дамыту. Қысқы киімдер Тіл дамыту. Қысқы киімдерТіл дамыту. Қысқы киімдер
-Бұлардың бәрі қандай киімдер деп аталады?
-Қыстық киімдер.
Ендеше, бүгін біз қыстық киімдер туралы айтып,ойындар ойнаймыз.
Топқа пошташы келеді.Ол хат әкеледі.
Тәрбиеші хатты алады.
-Балалар,бізге қуыршақтан хат келіпті.Кәне, оқып көрейікші.
Хат:Балалар, мен Сәуле атты қуыршақпын.Мен тоңып қалдым маған жылы киімдер кигізіп беріңдерші,мен қатты тоңып қалдым.Сендер мені киіндіріп берсеңдер мен сендермен ойын ойнаймын.
-Балалар қуыршақ Сәулені жылы киімдермен киіндіреміз бе? (Балалар жауаптары)
Ойындар ойнау.
«Дүкенде» сюжетті-рөлді ойыны.
Ойынның шарты:Дүкен сөрелерінде қысқы киімдер:тон,пима,қолғап,күрте т.б. тұр.
Қысқы киім іздеген бала дүкенге келіп,дүкеншіден өзіне қажетті киімді сөрелерден таңдайды.Ол таңдаған киімін алып,сол киімге байланысты сөйлем құрау керек. Дүкеншінің осы тапсырмасын орындаған кезде ғана киімді ала алады.
Мысалы:Қыста қалың тон киеміз.
Балалар киімді дүкеншіден алған соң қуыршақ Сәулеге апарып киіндіреді.

Рахмет балалар!Қандай тамаша.Сендерге мен қызықты ойындар әкелдім.
-Ойнаймыз ба?
Тіл дамыту. Қысқы киімдер
«Мынау кімдікі?-дидактикалық ойын.
Шарты: киімдердің қайсысы ер баланікі,қайсысы қыз балаға кигізу керек?
Тіл дамыту. Қысқы киімдерТіл дамыту. Қысқы киімдер Тіл дамыту. Қысқы киімдер Тіл дамыту. Қысқы киімдерТіл дамыту. Қысқы киімдерТіл дамыту. Қысқы киімдер

Тіл дамыту. Қысқы киімдерТіл дамыту. Қысқы киімдер Тіл дамыту. Қысқы киімдер Тіл дамыту. Қысқы киімдер Тіл дамыту. Қысқы киімдерТіл дамыту. Қысқы киімдер
Тіл дамыту. Қысқы киімдер Тіл дамыту. Қысқы киімдер
Сергіту сәті.
Тоңса біздің қолымыз
Қолғапты киіп аламыз
Сарт - сарт - сарт
Шапалақты соғамыз
Тоңса біздің аяғымыз
Етікті киіп аламыз
Топ - топ - топ
Топылдатып билейміз

Дәптермен жұмыс.

1.«Не артық?»-дидактикалық ойын.
Бір қатарда тұрған киімдердің ішіндегі қайсысы артық?
-Туфли артық.Өйткені туфлиді күз,көктем мезгілдерінде киеміз.
Тіл дамыту. Қысқы киімдер Тіл дамыту. Қысқы киімдер

2. «Менің киімдерім» санамағы.
«1»дегенім-бөрік, Теріден тігер пішіп.
Кисең бойға көрік. «4»дегенім-тымақ,
«2» дегенім-етік, Қыста кисең жылы-ақ.
Киер сәнді етіп. «5»дегенім-байпақ,
«3»дегенім-ішік, Іші жылы тайпақ.
Қорытындылау.
Суретпен жұмыс.
-Балалар ,қане мына суретке қарап қысқаша әңгіме құрайықшы. (Әңгіме құрады)
Тіл дамыту. Қысқы киімдер
-Суреттен біз кімдерді көріп тұрмыз?
-Олар дүкеннен не сатып алып тұр?
-Қысқы киімдерді біз қай уақытта киеміз?
Олай болса,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не туралы айттық?







© 2010-2022