Ортаңғы топ Қоянның туған күні

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қоянның туған күні»

Мақсаты: Балаларға кейіпкерлерді, олардың сыртқы түрін, қимыл-әрекетін сипаттай отырып, тақырыпқа сәйкес ертегіні ойдан шығарып, еркін құрастыруға үйрету. Түбірлес сөздерді табуға жаттықтыру. Синонимдерді табуға үйрету; сөздің мағынасына деген сезімталдығын тәрбиелеу; қарама-қарсы мәндегі (антоним) сөздерді табуға үйрету.

Жаңа сөздер: орман, орманшы, орманшылық.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Сурет бойынша орман туралы әңгіме өткізу; жұмбақтар шешу; антоним сөздерге қатысты ойын-тапсырмалар ұйымдастыру.

Қажетті көрнекілік: ертегілерден үзінді суреттер; қоян туралы ертегілер үлгі суреті; ойыншықтар - қоян, кірпі т.б. жануарлар.

Сабақтың барысы:

1. Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Сендерге ертегіні кім айтып не оқып беріп жүр?

Мына суреттерде қай ертегі бейнеленген? Ертегі кейіпкерлерін таныдыңдар ма? Осы ертегілердің бірін естеріңе түсіріп, әңгімелеп беріңдерші.

Міне, сендер таныс ертегілеріңді жақсы айтып бердіңдер. Енді өзіміз де ертегі құрастырып айтуға үйренеміз.

Бүгін біз қоянның туған күні қалай атап өтілгендігі туралы ертегі құрастыратын боламыз. Қоян туралы ертегі қалай аяқталады, ойластырыңдар.

Балалардың әңгімесі:

«Қоян өзінің туған күніне ормандағы аңдарды шақырыпты. Түлкі, қасқыр, аю - бәрі қонаққа келеді. Аңдар қоянға сыйлық әкеледі. Түлкі гүл, аю бал, ал қасқыр сәбіз сыйлапты. Аңдар өте көңілді болды. Аю ән айтады. Қоян биледі. Түлкі жұмбақ айтты.

Ну ағашты аралап гүлдер теріп әкелдім.

Қайда болдым, кім айтады? (балалардың жауабы).

Аю: Алыс сапар жол жүріп,

Бал әкелдім бір шелек.

Қайда бардым табыңдар? (балалардың жауабы).

2. Балалар осы аңдар қайда өмір сүреді?» (орманда).

Тәрбиеші «Орманшы» деген өлеңді оқиды:

Күзде төзіп дауылға,

Қыста бірге мұздады.

Ормандағы қайыңдар -

Орманшының қыздары.

Ормандағы теректер -

Орманшының ұлдары.

Тұла бойын жел өпкен,

Көкті тіреп тұр бәрі.

(Қ. Шаңғытбаев)

Орман сөзінен жаңа сөз тудыру, ол үшін - шы, шы-лық қосымшаларын қолдану.

- «Орман» сөзінен тағы қандай сөздер жасауға болады? (орманшы, орманшылық).

Балалар жауап беруге қиналса тәрбиеші жетекші сұрақтар қояды:

а) Орманды күзетушіні, орман өсірушіні кім деп атаймыз? - орманшы.

ә) Орман шаруашылығын тағы қалай айтуға болады? - орманшылық

в) Ертегілерде кездесетін, орманда өмір сүретін (кейде жабайы кейіпкер) адамды қалай атаймыз? - орман адамы.

- Естеріңе түсіріп, бүгін айтылған сөздерді қайталайық.

3. Сендер қоян туралы қызықты әңгімелер ойластырдыңдар. Көптеген ертегі, әңгімелерден білгеніміздей, қоян қорқақ аң. Ендеше менің тапсырмамды мұқият тыңдаңдар.

Қоян қорқақ. Қоян туралы тағы басқаша қалай айтуға болады? «Қорқақ» сөзіне мағынасы жуық сөздерді табыңдар (үркек, үрейлі, жасқаншақ).

Егер балалардың өздері синоним сөздерді таба білмесе, тәрбиеші сұрақ қояды: «қорқақ, үркек, үрейлі, жасқаншақ» сөздерінің мағынасы ұқсас па?». (Балалар өз жауаптарын айтады). Қоянды қорқақ деп айтуға бола ма? Қоян үркіп жүре ме? Демек, қоян үркек пе? Бұл сөздер туысқан сөздер, мағынасы жуық сөздер.

4. Ал енді «Қарсы сөзді тауып көр» деген ойын ойнайық. Сендер мағынасы қарама-қарсы не керісінше аталатын сөздерді табуға көмектесіңдер. (Балалар антоним сөздерді табуға жаттығады).

Үлкен-кіші

Қорқақ - батыр,

Көңілді - көңілсіз

Қорытынды. Балалар бүгін біз не туралы әңгімеледік? Аңдар қайда өмір сүреді екен? Орманды кім күзетеді, орман өсірушіні кім дейміз? Қоян қандай аң, қорқақ па, батыл ма? Жарайсыңдар, балалар! Бүгін барлығың жақсы жауап беруге тырыстыңдар.




© 2010-2022