Сюжетті рөлдік театрлық койылым Қырсық лақтар қазақ халық ертегісі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласының білім беру бөлімінің « №6 «Ұяша» балабақшасы» МКҚК №10 «Сұңқар» тобының тәрбиешісі: Мустаева Нурзипа Турабековна



Тақырыбы: «Қырсық лақтар» қазақ халық ертегісінің театрлық іс-әрекеті.

Мақсаты: Балаларды ертегі кейіпкерлерінің мінезін ажырата білуге үйрету.

Білімділік міндеті: ертегі мазмұнын сахналап беруге үйрету

Дамытушылық міндеті: сахна қойылымына атсалысуын, ықылас білдіруді,сөйлеу мәнерінің көркемдік әдіс-тәсілдерін (дауыс ырғағы, қимыл-қозғалыс,интонация) қолдануды дамыту;

Тәрбиелік міндеті: ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы балалардың бір-біріне деген ізет-құрмет көрсету сезіміге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: Ойын,сахналау,әңгімелесу,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: орман, су үстіндегі көпір, лақтардың костюмдері.

Билингвальді компонент: қырсық лақтар - упрямые козлята.

Барысы.

-Балалар,бүгін біз сендермен ертегілер әлеміне саяхатқа барамыз,қараңдаршы біздің тобымызға қонақтар келіпті.Келіңдер біздер олармен амандасайық

Шаттық шеңбері.

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға,

Ертеңменен ақ пейілмен

Қайырлы таң деймін мен.

«Ертегілер әні» ( балалар шеңберде тұрып әнді тыңдайды)

Ғажайып түс көрдім

Таң ата мен бүгін

Ертегі әлемінің қызығында жүржім,

Нұрына шомылдым бүгін,

Жұлдыздай көркем,

Әдемі едің неткен

Құстары сөйлейді,Бұлттары тербейді,

Мен оянып кеттім әттең.

Қайырмасы:

Ертегілер,Ертегілер

Неге мені ертпедіңдер

Әлеміңнің ғажап күйін

Шертпедіңдер сендер.

Гүл тердім бақтардан,

Әр гүлде бір арман

Таусылмайтын тәтті,

Сый әкеліп жатты,

Жан біткеннің бәрі маған.

Әнді тыңдап болғаннан кейін,балаларға сұрақ қояды:

-Балалар,сендерге ән тыңдаған ұнады ма?

-Ән не жайында?

- Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

-Балалар,сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

-Ендеше,орындықтарыңа жайғасып отырыңдар. Ал,қазір біздің кішкентай әртістеріміз, сендерге «Қайсар лақтар» ертегісін сахналап береді.

Билингвальді компонент: қырсық лақтар - упрямые козлята.(балалар қайталайды)

«Қайсар лақтар»ертегісін сахналау.

Ерте-ерте ерте екен,ешкі жүні бөрте екен.Екі лақтар болыпты.Олар күнде асыр салып ойнағанды,шапқылап жүгіргенді,секеңдеп секіргенді өте жақсы көеді екен. (көңілді саз әуенімен лақтар жүгіріп жүреді).Бір-бірімен кездесіп:

-сен менің соңымнан жүр,бірге ойнайық - дейді біріншісі.Екіншісі болса:

-жоқ,жоқ, сен менің соңымнан жүр- деп айтады.Осылайша лақтар әрі қарай өз беттерінше шапқылап жүгіріп кетеді. Бір күні лақтар өзен үстіндегі көпірдің екі басында кездеседі.

- Мына көпірден,мен бірінші өтемін,маған жол бер- дейді біріншісі.

-Жоқ,жоқ, көпірден,мен бірінші өтемін,маған жол бер - деп көпірдің дәл ортасында,бір-бірімен қырсықтанып,мүйіздерімен сүзісе бастайды. Бір-біріне жол бермеген лақтар суға түсіп кетіпті.(лақтар суға құлап түседі)

Қорытынды.

-Балалар,ертегі сендерге ұнады ма?

-Лақтар қандай екен?

-Лақтар неге суға түсіп кетті?

-Суға түсіп кетпеу үшін не істеу керек еді?

-Біздің кішкентай әртістерімізге рахметімізді айтып,ду қол шапалақ соғайық.



© 2010-2022