Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған Толағайэстафеталық жароыс

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Толағай» спорттық сайыс

Маңғыстау облысы,
Тақырыбы: «Толағай» спорттық сайыс
Ашылуы: «Қазақ биі»
1. Салем достар
2. Армысыздар құрметті көрермендер бүгін бізде спорттық сайыс «Толағай»
Толағай спорттық сайысымызды бастамас бұрын сөз кезегі балабакша директоры: Бултекова Гүлайым Тоқсанбайқызына беріледі.
Жүргізуші:Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар Бүгінгі «Толағай» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер
Уа халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың дені сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы абай данамызда
Жүргізуші:Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

Жүргізуші:Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«Барыс»тобын шақырамыз.
Жүргізуші: Салауатты өмір салтын сақтайтын
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын
Қыран тобы келді бүгін сайысқа
Өз топтарын жақтайтын - деп ортаға «Қыран»тобын шақырамыз
Жүргізуші:Ұстанған салауатты өмір салтын
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық «Тұлпар» тобын

Жүргізуші:Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Мектепке дейінгі қазақ гимназиясының әдіскері:Амирова Нұргүл Ануарбекқызы
Жүргізуші:Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады
І кезең: «Таныстыру»
(Топты таныстыру, ұраны)
ІІ кезең: «Кеңгуру» сайысы
(Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп барып есеп шығару)
ІІІ кезең: «Кім жылдам» сайысы
(Крукты айналдырып барып жұмбақ шешу)
Жүргізуші:IV кезең: «Көпірден өту»
(Тақтайша арқылы жер баспай жүріп келу)
V кезең: «Ептілік сайысы»
(Шелектегі суды қасықпен тасу)
VI кезең: Секіртпемен жүгіру
(Секіртпемен кедергілер арасымен секіру)

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Жүргізуші: Сайысымызды бастаймыз.
Камшат: Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру»

Бейбарыс тобы топтың ұраны: (4 адам)
Жеңістерге бет алдық
Спортта сұлтан атандық
Жетсін деп топ мақсатқа
Бейбарыс деп атадық
Бейбарыс тобы алға, алға

«Қыран»тобының ұраны. (4 адам)
Қыран тобы алға биіктерге самға
Толағайда топ жарып жеңістерді
Жалға алға, алға, алға

Тұлпар тобының ұраны: ( 4 адам)
Тұлпар болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.

Жүргізуші:Құрметті әділқазылар сайыстың бірінші бөлім бойынша бағаларыңызды
беруіңізді сұраймыз.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.- деп келесі екінші бөлімге көшеміз
«Кеңгуру» сайысы
Шарты. (Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп барып есеп шығару)

Жүргізуші: Әділқазылар сайыстың екінші бөлімі бойынша бағаларыңызды
беруіңізді сұраймыз.

Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің - деп
Сайысымыздың 3 бөліміне көшейік «Кім жылдам»
Шарты: Крукты айналдырып барып жұмбақ шешу»

Жүргізуші:Сайысымыздың 4 бөлімі «Көпірден өту»
(Тақтайша арқылы жер баспай жүріп келу)
Әділқазылар сайыскерлеріміздің ұпай санын көтерейік.
Би: №4 ересектер тобының «Спорттық биі»
Топтар міне отыр сынға түскелі
Сыналмақшы ептілікпен күштері, олай болса

5 кезең «Ептілік сайысы»
Шарты: Шелектегі суды қасықпен тасу
Жүргізуші:Спорт десе таза біздің арымыз
Жалындайды жанымыз
Олай болса 6 - сайыс «Секіртпемен жүгіру»
(Секіртпемен кедергілер арасымен секіру)
Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды
шығарып жеңімпаздарды анықтау үшін, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

Жүргізуші:Сонымен қатар міндетті оқу қорының атынан оқушыларымызға
сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше.


© 2010-2022