Поурочный план по ДВиО на тему Көлемдер

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3,4-сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Жуан. Жіңішке. Қалың. Жұқа. Жалпақ. Жіңішке.

Сабақтың мақсаты:

Балаларды жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір-бірінен ажырата білуге үйрету:

Баланың тілін, ойын, танымдық қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

а) Математикалык, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, санамақтар мен балалардың зейінін пәнге аудару.

ә) Сабаққа қажет құрал-жабдықтарды дайындау.

II. Жаңа сабақ мазмұны:

а) Жаңа материалды өткен сабақпен байланыстырып, биіктіктерін салыстырған ағаштардың жуандықтарын салыстыратынын хабарлайды.

Ағаштың пайдасы, оның қолданылу аясы жайлы әңгімелейді. Ағаш діңдерін салыстырып, жуан-жіңішке ұғымдарымен таныстырады.

ә) Оқулықпен жұмыс.

Оқулық дәптерде берілген суреттердегі екі ағаштың жуандығын салыстырып, қайсысы жуан, қайсысы жіңішке екенін ажыратады. Енді сол ағаш кесінділерінің қалыңдығы салыстырылады. Қайсысы қалың? Қайсысы жұқа? Оны практикалық жолмен, ағаш кесінділерін балалардың қолдарына ұстатып, анықтауға болады. Бірнеше тақтайшаларды салыстырып біреуі - жалпақ, екіншісі жіңішке екендігін анықтайды. Жіңішке ұғымының жуан сөзіне де, жалпақ сөзіне де қарсы мағыналы сөз екендігі ескеріледі. Ұғымдарды тиянақтау мақсатында екі қарындаштың жуандығы, кітап пен дәптердің қалыңдығы, екі сызғыштың жалпақтығы салыстырылады. Тапқышбек тапсырмасындағы балалардың киімдері (қалың-жұқа) үстел бетінің жалпақтығы, аяғының жуандығы салыстырылады.

Дәптермен жұмыс

Дәптерде көрсетілген үлгідегі үзік сызықпен берілген заттардың суретін бастырып салып, бояйды. Жұмысты орындау кезінде бала, езі салған заттардың қалыңдығын, жалпақтығын, жуандығын кез мөлшермен, әрі торкөзбен есептеп салыстыруды жетілдіреді.

Ойындар

"Өз пәтеріңе жайғас", "Өз үйіңді тап", "Қапшықтан неше ойыншық алдың?" ойындарын осы ұғымдарды тиянақтауға септігін тигізеді.

Қорытынды

Сонымен, бұл сабақта жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдарын бір-бірінен ажыратып ұғымдарды дұрыс, орынды қолданып, торкөзбен жұмыс жасауға үйренеді.



© 2010-2022