Тіл дамыту. Ғажайып текшелер

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ҚМҚК № 20 "Мерей " бөбектер бақшасы

Екінші санатты тәрбиеші: Темирова Гульбаршын Сейтбаталовна

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Құзыреттілік : Қатынас

Кіші сала : Тіл дамыту

Тобы: Естияр топ

Тақырыбы: Ғажайып текшелер

Мақсаты: Отбасы туралы түсінік беру.

Міндеттері:1. Отбасында кімдер тұратынын, не істеп жатқанын түсіндіру.

2. Балалардың ойлау, үш тілде сөйлеу қабілеттерін текшелер ,мнемотехника, тілтұмар электронды кітап, слайд, сызбалар , дидактикалық ойындар арқылы дамыту.

3. Табиғатқа,үй жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: отбасы

Билингвалды компонент: ата - дедушка -grandfather , әже - бабушка-grandmother, әке - папа - father, ана - мама - mother, аға - брат - brother , әпке - сестра - sister , қуыршақ - кукла - doll , доп - мяч - ball , машина - машина -ca , ит - собака - dog , мысық - кошка -cat , сиыр - корова - cow

Көрнекі құралдар:текшенің алты жақ бетінде отбасы, жануарлардың суреттері бейнеленген, мнемотехника, сызбалар, слайд, тілтұмар.

Инновациялық әдіс - тәсілдері: Зайцев текшелері,текшелер арқылы сөйлем құрастыру,электронды кітап" тілтұмар ", мнемотаблица.

Әрекеттің кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Талаптандыру,дәлелдеу

Шаттық шеңбері:

Гуд монин мистэ сан,

Ауа дэй хэс джаст беган.

Уи лаф ту си ио шайнин фэйс.

Гуд монин мистэ сан.

Балалар өлең жолдарын айтып, қимылмен жасайды.

Ұйымдастыру ізденіс.

Тілдік жаттығу:

Слайд № 1: Сағат

Слайд № 2: Әткеншек.

Слайд № 3: Ат шауып келеді.

Слайд №4: Бақа мен піл

Слайд №5: Тіс тазалау.

Тілтұмар " Отбасы мүшелерін ата "

-Балалар, отбасы мүшелерін үш тілде айтайықшы.

Ата , әже , әке, ана, әпке, аға, мен.


-Ал, енді Мерей сенің отбасында кімдер тұрады?

-Ералы сенің отбасында кімдер тұрады? ( орыс тілінде )

-Адиль сенің отбасында ше? ( ағылшын тілінде )

Тілтұмар " Әңгіме құрастыр."

- Енді балалар мына суретке қарап , отбасы туралы кішкене әңгіме құрастырыңдаршы.


-Ал, Рауана кәнеки сен сызба бойынша әңгіме құрастырып айтшы.


Сергіту сәті:

Иф ю хэпи энд ё нау ит

Клап ио хэнд

Иф ю хэпи энд ё нау

Энд ю рили уонт ту шау

Иф ю хэпи энд ё нау ит

Клап ё хэнд

-Балалар деңгейге бөлініп, ғажайып текшелермен дидактикалық ойын ойнаймыз.

Жоғары деңгей қызыл шеңбер: Д/ ойын:"Жануарды сипатта "

Шарты : Сызба бойынша текшелерді рет - ретімен қойып шығып, сипаттап айту керек. Жануарды үш тілде айтып беру керек.

Тіл дамыту. Ғажайып текшелер

Тіл дамыту. Ғажайып текшелер

Д/ойын:"Ойыншықты сипатта"

Шарты: сызба бойынша текшені лақтырып, ойыншықтың атауын үш тілде айтып, сипаттап береді.

Тіл дамыту. Ғажайып текшелер

Тіл дамыту. Ғажайып текшелер

Тіл дамыту. Ғажайып текшелер

Ортаңғы деңгей көк шаршы:

Д/ойын: "Сөйлем құрастыр"

Шарты: Сызбалар арқылы текшені рет - ретімен қойып сөйлем құрастырады.

Тіл дамыту. Ғажайып текшелер

Тіл дамыту. Ғажайып текшелер

Тіл дамыту. Ғажайып текшелер

Тіл дамыту. Ғажайып текшелер

Төменгі деңгей жасыл үшбұрыш:

Д / ойын: " Кім не істеп отыр?"

Шарты: баланың алдында екі текше берілген, бірінші текшеде отбасы мүшелері, екінші текшеде не істеп отырғаны бейнеленген. Олардың не істеп отырғанын айтып береді.

Тіл дамыту. Ғажайып текшелер

Тіл дамыту. Ғажайып текшелер

Тіл дамыту. Ғажайып текшелер

Тіл дамыту. Ғажайып текшелер

Жеке жұмыс: Мнемосызба " Жануарды сипатта "

Шарты: Мнемосызба арқылы бала жануарды сипаттап айтып беруі керек.

Тіл дамыту. Ғажайып текшелер

Балалар слайд бойынша тілдік жаттығуларды жасайды.

Балалар үш тілде жауап береді.

Ата - дедушка - грендфазэ,

Әже - бабушка- грендмазэ,

Әке - папа- фазэ

Ана - мама - мазэ

Аға - брат - бразэ

Әпке - сестра - систэ.

Мен - я - ай

Менің отбасымда ата, әже, әке, ана, әпке және мен.

В нашей семья живут дедушка, бабушка, мама, папа, сестра и я.

Ай хэв фазэ, мазэ, бразэ.

Балалар суретке қарап, бір сөйлемнен айтады.

-Ата, әже теледидар көріп отыр.

-Ана теледидарға қарап тұр.

-Әке жұмысқа кетіп барады.

-Әпке ән айтып тұр.

-Балалар билеп тұр.

-Ана, әже, ата теледидар көріп отыр. Әке жұмысқа кетіп барады. Әпке ән айтып тұр. Балалар билеп тұр. Отбасы тату тәтті.

Балалар музыка ырғағымен қимыл қозғалыс жасайды.


Сызба бойынша текшелерді рет- ретімен қойып, сипаттап айтып беруге тырысады.


-Ит - собака - дог. Көлемі үлкен, түсі қоңыр, басы, денесі,екі құлағы, төрт аяғы бар, үй жануары, адамдарды күзетеді.

Мысық - кошка - кэт. Көлемі үлкен, түсі сары, оның басы, құлағы, денесі, төрт аяғы бар, үй жануары, тышқан аулайды.



-Мынау - доп- мяч- бол. Оның түсі көк, көлемі үлкен, резеңкеден жасалған, ол домалақ, оны лақтырып ойнауға болады.

Қуыршақ - кукла - дал. Оның түсі қызыл, көлемі үлкен, пластмассадан жасалған, басы,денесі, екі қолы, екі аяғы бар, онымен ойнауға болады.

-Мынау - машина, машина, ка. Оның түсі қызыл, көлемі үлкен,пластмассадан жасалған, рөлі, төрт доңғалағы,отыратын орны бар, онымен ойнауға болады.


-Әже қызыл қолғап тоқыды.


-Айсана түрлі түсті көбелек көрді.

-Анам сәбіз турады.


-Иман жасыл түсті шар алды.




-Әже көк түсті көйлек тікті.

-



-Қыз секірді.

-Ұл машинамен ойнап отыр.

-Әке жұмыс істеп жатыр.

Әже тоқып отыр.



-Анам тамақ пісіріп жатыр.



-Ата газет оқып отыр.



-Сиыр - корова - кау. Жабайы аң емес, үй жануары, басы домалақ, денесі сопақша, төрт аяғы бар, терісі қалың, құйрығы ұзын, екі мүйізі бар, ол шөп жейді, адамдарға сүт береді.

Қорытынды

Бүгінгі оқу іс - әрекетінде не істедік?Алгоритм бойынша қорытындылау.

Балалар алгоритм бойынша жауап береді.

Күтетін нәтиже : Біледі:

-Отбасы туралы әңгіме құрастыруды біледі.

Игереді:

- Слайдпен, тілтұмар электронды кітаппен жұмыс істеуді.

- Отбасы мүшелерін үш тілде айта білуді.

Меңгереді:

- Текшемен, мнеможолмен, сұлба бойынша жұмыс істеуді.


© 2010-2022