Ана - ән, бала - оның қайырмасы Шағын орталық Қарлығаш тобы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ана-ән, бала-оның қайырмасы»

Мақсаты: Балаларды әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, ана мен қыз бала арасындағы сыйластықты арттыруға тәрбиелеу.

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі

Армысың әжелерім, аналарым

Мейірбан аппақ көңіл даналарым

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен

Құттықтайды сіздерді балаларың.

Құрметті аналар, әжелер, біздің мектептің ұстаздары! 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңа амандық пен қуаныш тілеймін. Ал, бүгінгі күн балаларымыздың өнерлері мен білімдерін көрсету үшін «Ана -ән, бала оның қайырмасы» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Ән: «Анашым нұрым»

Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырып.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Жүргізуші: Әр бір ана- өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Біз бүгінгі сайысымыз арқылы Аналардың баласына деген сүйіспеншілігін сынап көреміз. Сонымен бүгінгі сайысымыздың Ару қыздары мен ардақты аналарымызды ортамызға шақырайық.

Жүргізуші:

1 ) Ару қызымыз Нурлыбаева Ақниет Нуркенкизи анасымен;

2) Ару қызымыз Қуанышбек Айтолқын Оралбекқызы анасымен;

3) Ару қызымыз Парахатова Айкен Сейфуллинқызы анасымен;

4) Ару қызымыз Кушекбаева Нағима Құдабайқызы анасымен;

Сайыс кезеңдері:

1)Таныстыру.

2) Өз өнерін көрсету.

3) Сұрақ -жауап.

4) Ас-адамның арқауы.

5) Сән әлемі.

Жүргізуші: Ал енді бүгінгі сайысымыздың бірінші шарты бойынша

Ару қыздар келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға,

Қорықпастан ортаға келіп жетті

Әдеппен, ізетпен танысуға- дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруға өтсін.

Жүргізуші: «Қарлығаш» тобы бүлдіршіндерінің орындауында би. Қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Таныстырып өздерін ән салыпты

Бүгінгі сайысымызға бәйге алуға

Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

Келесі кезекте қыздарымыздың аналары мен бірге дайындап келген өнерлерін тамашалау.

Жүргізуші:

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек оқу менен білімге.

Бұл сыннанда өтсең егер сүрінбей,

Жүлде саған қуана бер, күлімде, - демекші сұрақтарға жауап беру сайысы.

1Ананың көңілі балада (Баланың көңілі далада)

2Көктем мезгілінде неше ай бар, оларды ата (Наурыз, сәуір, мамыр)

3Сенің мамаң үйде бос кезінде немен айналысады?

1 Ананың- сүті бал (Баланың- тілі бал)

21-5ке дейін тура және кері қарай сана.

3Мамаңның сүйіп киетін көйлегінің түсі қандай?

1Ана сүтін ақтамағанды (Ешкім мақтамайды)

2Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын қандай салт жырларды білесіңдер?

( Той бастар,жар-жар, сыңсу ,беташар)

3Мамаң саған қандай тағамдар істеп береді?

1Әйелдің күші аз,...... көп.(Айласы)

2Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей (Шолпы)

3Маманның тағатын әшекейлерін ата.

Жүргізуші:Ал ендігі шартымыз «Ас адамның арқауы» демекші ана мен баланың алтын қолдарымен жасалған мерекелік дастарханға «салат даярлау»

Салатқа ат қойып, жасалуы туралы түсінік беру.Ал кәне арулар, іске сәт!

Жүргізуші: Көрермен ата-аналардың шеберліктерін сынау.

Жетелі өнер сүйіп еңбектенер, өмір жолы өшпестей өрнектелер деп тапсырманы орындауға рұқсат береміз.

Жүргізуші: Ал енді келесі кезекте біздің бүлдіршіндеріміздің аналарына арналған тақпақтарын сіздерге ұсынамыз. «Қарлығаш» тобы бүлдіршіндері.

Жүргізуші: Ару қыздар - Ай көрік, қылығы - күн

Сезбейсіңдер өздерің мұны бүгін

Сезбейсіңдер керемет, қыз тағдырдың сұлулығын.

Ал ендігі кезекте біз қыздарымыздың көркін тамашалаймыз. Сән әлемі.

Сері жігіттеріміздің орындауында ән «Аналар мерекесі»

" Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар", "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда", демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді. Сіздер бүгін аруларымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.

Жүргізуші:

Көңілдің ақ тілегін ақ етеміз

Тілектермен нығайсын мерекеңіз

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс

Осыменен аяқталды мерекеміз. Құрметті қонақтар міне біздің бүгінгі 8-наурыз мерекесіне арналған сайысымыз өз мәресіне жетті, көңіл қойып тыңдағандарыңызға алғысымыз шексіз, қош сау болыңыздар.


© 2010-2022