Мен және менің отбасым 1 сынып

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Айналаны қоршаған орта


Тақырыбы: Мен және менің отбасым.

Мақсаты:

  1. Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелеу.

  2. Отбасы мүшелерін атай білуге және олармен дұрыс қарым - қатынас жасауға үйрету.

  3. Ұйымшылдыққа және үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: әке, ана, ата, әже, аға, іні, әпке, сіңлі.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Е. Өтетілеуұлының «Біздің

Өлең сөздерін бірге

Сезімді

шаңырақ» өлеңін оқу.

қайталайды. Отбасы

ояту

мүшелерін атайды.

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар

Отбасым мыналар:

Ен жақын адамдар -

Әкем және анам бар,

Бір туған анам бар,

Бір туған апам бар.

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін, еремін.


  1. Балаларға ата-анасын, ересектерді тыңдап, кішкентайларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіреді.

  2. Е. Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңі оқылады. «Отбасы дегеніміз - әкесі, анасы, олардың балалары мен ата, әжесі» деген бала ұғымына сай анықтамаға түсінік береді. Отбасы мүшелерін бір-біріне деген сыйластық, бауырмалдық біріктіретіндігін, олардың бір үйде тұратындығы, бірге ұй шаруасымен айналысатындығын, бос уақыттарын бірге өткізетіндігін әңгімелейді. Сондай-ақ отбасындағы мерекелер мен сақталатын дәстүрлер, отбасындағы ересектердің мамандықтары туралы айтылады.

  3. Сергіту сәтін өткізу.

Орнымыздан тұрайық

Қарлығаш болып ұшайық.

Бір отырып, бір тұрып

Жақсы сергіп қалайық.

  1. Әліппе-дәптермен жұмыс.

  2. Тапсырмалар: 1. Өзің туралы айтып бер. 2. Суретте бейнеленген отбасы мүшелерін ата.

3. Отбасы мүшелерінің іс-әрекеті туралы әңгіме құрастыру.

Балалар тыңдайды. Өз отбасындағы сыйластық туралы әңгімелейді.

Тәрбиешінің айтқандарын тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Өлең мазмұнына қарай қимыл - қозғалыс жаттығуын жасайды.

Өлең мазмұнына қарай сұрақтарға жауап береді.

Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді, әңгімелейді.

Дидактикалық ойынды

ынтамен ойнайды.

  1. «Бізде былай, ал сіздерде ше?» дидактикалық ойыны

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтар:

  1. Өз отбасыңда кімдермен тұрасың?

  2. Атай, әжеймен қалай дұрыс амандасуға болады?

  3. Әкең мен анаң саған риза болып қуану үшін не істеуің керек?

Балалар отбасындағы өздері атқаратын іс-әрекеттерін әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже: отбасы мүшелеріне кімдер кіретінін білу.

Білуі тиіс: отбасы мүшелерін: ата - әжесі, ата-анасын, бауырларын құрметтеу керектігін, есейгеннен кейін ата-анасына қамқорлық жасап, көмек көрсету өзінің парызы екенін білу.

Түсінігі: бірлескен еңбек іс-әрекеті ата-ана мен балаларды

жақындастыратынын түсіну.

Көрсете білуі: сурет бойынша әңгіме құрастыра алады.

© 2010-2022