Ертеңгілік Бала біздің болашағымыз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ертеңгілік

«Бала біздің болашағымыз»

Ойын сабақ.

Іс - әрекеттің мақсаты: 1 маусым балаларды қорғау күні екенін түсіндіру. Балаларды Отанымызды құрметтеуге үлкендерді сыйлауға құрметтеуге тәрбиеле у. Өлең, тақпақтар айту арқылы тілдерін дамыту.

Көрнекілік: ту, жалаушалар, суреттер, гүлдер, буклеттер.

Әдіс - тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету.

Шаттық шеңбері: Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік.

Іс - әрекеттің барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Сұрақ - жауап ойыны

3. Өлең - тақпақтар, жұмбақ, мақал - мәтел.

4. Ойындар, сергіту сәті

5. Қорытынды.

Жүргізуші: Балалар бүгін 1 маусым балаларды, яғни сендерді, сендер сияқты жер бетіндегі барлық балаларды қорғау күні. Яғни бүгін сендердің мейрамдарың. Мейрамдарың құтты болсын! Балалар, сендерді ата-аналарың, Отаның, елің, барлық адамдар қорғайды. Сендердің ұйқыларың тыныш болсын деп, ағаларың, апаларың тыныштықты болдырып отырады.

Алаулап гүл тұрады,

Туған жер құлпырады.

Бейбітшілік болса!

Үйлер де құламайды,

Ешкім де жыламайды.

Бейбітшілік болса!

Балалар болады аман,

Аналар болады аман.

Бейбітшілік болса!

Балалар өлеңімізді орындайық.

1.Айзере: Ақ көгершін, көгершін.

Біз бақытты баламыз,

Ақпыз, сары, қарамыз.

Тату-тәтті достармыз,

Қыл өтпестей арамыз.

2. Алижан: Біз бақытты баламыз,

Қолға қамшы аламыз.

Мініп ойыншық аттарға.

Жоғары, төмен шабамыз.

3.Анел: Жаз, жайдары алақай,

Жатыр жайнап даламыз.

Жүр, қанеки, балақай,

Шомылуға барамыз.

Жүргізуші: Балалар, біздің тыныштығымызды ойлап, бейбітшілікті қорғап отырған батыр аталарымыз бен апаларымыз бар! Біздің Отанымыз Қазақстан! Қазақ елі, қазақ жері!

Мақал - мәтелдер.

Мерей: Батыр туса - ел ырысы,

Жаңбыр жауса - жер ырысы.

Ердос: Ердің туы - қамыс.

Азамат: Отан - оттанда ыстық.

Айсұлтан: Адал ұл ер боп туса - ел тірегі.

Жүргізуші: Отан, Отан.

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Абылай: Мен оның түйін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Ақниет: Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан әнін орындайды:

Ойын: «Орамал тастамақ»

Осы ойын арқылы Қазақстан Республикасы, Еліміз, жеріміз жайлы сұрақтар қойып, толық жауап алу.

  1. Біздің Республикамыз қалай аталады?

  2. Қазақстан Республикасының Елбасы кім?

  3. Елтаңбадағы шаңырақ, тұлпар нені білдіреді?

  4. Тудағы көгілдір түс, қыран және күн нені білдіреді?

  5. Әнұран дегеніміз не?

Жүргізуші: Ал қазір сергіту сәтін өткіземіз, өйткені біз шаршадық, ендеше демалайық.

Көтеріліп шаңырақ.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өріліп.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көріп.

Балалар бүгін қандай күн екен? Біз нені үйрендік?

Отан деген не?

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын анам!

Болайын менде аман!

Барлығы: Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата-бабадан,

Бірлік асыл мұрамыз!

Бейбітшілік жасасын!


© 2010-2022