Урок Давайте Родину сегодня будем славить

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Давайте Родину сегодня будем славить!

Мақсаты: Балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелей отырып, бір - біріне деген сыйластыққа және достық қарым қатынасқа баулу. (Мерекеге сай безендірілген залаға балалар қол ұстасып кіреді.)

Жүргізуші: Добрый день, дорогие ребята, педагоги и гости! 16 декабря вся страна отмечает День Независимости Республики Казахстан. Это главный государственный праздник. 23 лет Независимости!

Құрметті ұстаздар, қонақтар және кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Отан деп соққан жүрегім, тәуелсіздік тірегім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Мұз жастанып азаматтық жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолыңда.

Жеңіп шықты, бас имеді қасарып,

Сойыл таяқ ойнаса да жолыңда.

Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың жүректе

Ұрпақ өсер айналатын тірекке

Егемендік тиді міне еншіме

Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Жүргізуші:

- Біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?

- Қазахстан Республикасы.

- Елбасымыз кім?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Біздің еліміздің рәміздеріне нелер жатады?

- Ту, Елтаңба, Әнұран.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті Әнұранмен ашады.

Әнұран айтылады.

Жүргізуші:

«Тәуелсіздік таңы» атты көрініс.

Тарихым жатыр тасымда

Тіл қатып келер ғасырда.

Азаттық дейтін ұғымның.

Желтоқсан тұрар басында.

- Үй ішінде әже жүн түтіп отырады. Анда - санда өзімен - өзі күңкілдеп қояды.

Әже: Е ....тәубә!! Бергеніңе шүкір.(Бір кезде даладан немересі жүгіріп келеді.)

Немересі: Әже, әжетай, далада керемет болып жатыр. Аспанға жарқылдаған от шашу атып, адамдар қуанышқа бөленуде, жүріңіз көрейік.

Әже: Е - е ... Жарығым, бұл нышан Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет қой! Жақсылығымыз ұзағынан болсын!

Немересі: Әже, Тәуелсіздік деген не?

Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың балам! Біздің кезімізде бұндай еркіндік болған жоқ. Міне содан бері талай заман өтті. Байдың отымен кіріп, күлімен шықтық қой. Ендігі заман сендердікі. Әй, балам - ай «Түбін білмеген - тексіз».Тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па? Кешегі үш жүзді бір тудың астына жинаған Абылайхан тұсындағы төре билеріміз қара бала, қара қазан қамы үшін сөз саптаған еді. Егемендік пен Бірлік Төле бидің толғауында, Қазыбек бидің қаз дауысында, Әйтеке бидің шешендігінде көрініс тапқан. Ендеше үш бидің сөзіне құлақ түрейік.

Төле би:

Бір үйдің баласы болма,

Көп елдің санасы бол.

Бір үйдің атасы болма,

Бір елдің данасы бол,

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол.

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп бағала.

Өзіңе - өзің кәміл бол,

Халқыңа әділ бол.

Жауыңа қатал бол,

Досыңа адал бол.

Әйтеке би:

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болып жауыңа найзаң тисін.

Бай болып еліңе пайдаң тимесе,

Батыр болып еліңе пайдаң тимесе,

Елден бөлек үйің күйсің.

Қазыбек би:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт - береке кетпесін деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз

Достығымызды сақтай білген елміз,

Асқақтаған хан болса,

Хан ордасын таптай білген елміз.

Жүргізуші:

Балалар мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға, апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ләззат, Ербол, Қайрат апа - ағаларымызға 1 - минуттық үнсіздік жариялайық.

Слайд көрсетіледі.

Зулфия:

С Днем Независимости хочу вас поздравить!

Давайте Родину сегодня будем славить!

Поля и реки, горы и моря -

Все это ты, казахстанская земля!

Динара:

Жеңіс туын көтерген

Жарыстарда сан қыйлы

Жетіп бізге шет елден

Көкке әнұран шалқыды.

Назым:

Казахстан - это неба бескрайний простор

Казахстан - древний и молодой

Казахстан, мое сердце навеки с тобой!

Би: «Калинка»

Құралай:

Не вправе нынче промолчать я

Не зря свобода нам дана!

С Днем Независимости, братья!

Да здравствует моя страна!

Муниса:

16 - желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеде ел қуанып

Шаттанып ән салған күн.

Дінмұхаммед:

Моя земля!

Мой Казахстан!

Люблю твой просторы

Твой бескрайние поля

Твой холмы и горы.

Хор: «Желтоқсан желі»

Асылай:

Я люблю свою страну

И горжусь я ею

Казахстан - моя земля

Нет ее роднее.

Нұрхан:

Жасасын азат ерлік күн,

Жасасын бейбіт елмен жер.

Бостандық алған қазақтың,

Мәртебесін көрсін ел.

Назым:

Моя Родина - Отан

Край любимы - Казахстан.

Горы, степи и поля,

Это все моя земля.

Жүргізуші:

- Қанеки балалар, қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

- Асық ату, арқан тартыс, қыз қуу, тоғыз құмалақ.

- Ал ендеше сол арқан тартыс ойынын ойнап көрейік.

Ойын: «Архан тартыс»

Мақал - мәтел:

1. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.»

2. «Нет земли родной краше!»

3. «Джигита доля - за Родину стоять!»

4. «Родная землица и во сне снится»

5. «Родина - мат, умей за нее постоять!»

Би: «Вальс»

Осымен тәуелсіздік күніне арналған ашық тарбие сағатымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.



© 2010-2022