Баяндама Бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі.

Бала тәрбиесі- ықылым заманнан бастап, адамзатты толғандырып келе жатқан өмірдің өзекті мәселесі. Түптеп келетін болсақ «Отбасындағы бала тәрбиесі нәрестенің ана құрсағында жатқан кезінен басталады, ана құрсағында жатқан балаға тәрбие анасының, көңіл -күйі, мінез-құлығы арқылы дариды» деген пікірлер бекер айтылмаған. Ал нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап,ата-анасының мейірімді жүзі, жылы жүрегі ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылады, оның дүниетанымы, өмірді білуі басталады. Адам баласы өмір көшінде қандаукез келсе де ,ұрпақ қамын,оның тәрбиесін, бір сәт те ұмыт қалдырған емес. Өйткені әркім өзі өмірге әкелген ұрпағына ғұмырының жалғасы, болашағы ретінде қарайды. Атамыз қазақтың «бала -шағаңның қызығын көр»деп бата беруді де сол үміттің ақталуына деген тілектен туғаны анық. Неге десеңіз, ата- анаға қуаты кетіп қартайған шағында қас-қабағына қарап, бағып-қағатын, көңіл- қуанышын сыйлайтын азамат балалары болғанынан артық бақыт жоқ.

Сол бақытқа кенелетіндер де, оған жете алмай, қалған өмірі өкінішпен, қасыретпен өтетіндер де бар.

Неге олай? Ата-ананың үміті неге ақталмады? Баласына берген тәрбиесінің ұйқысыз түндерінің, күлкісіз күндерінің , еш болғаны ма?

Мәпелеп өсірген ұл-қыздан неше алуан бұзақы, ұры-қоры, қатыгез-қайырымсыз жандар өсіп шыққанда міне, осындай түрлі-түрлі сауалдар әркімнің көкейіне ұлаятыны хақ. Оның шешімін таба алмай дал болатындар қаншама?

Тіршіліктегі бар нәрсе бір-бірімен тығыз байланыста өзара сабақтас келетінін ескере бермейміз.Отбасында өскен ортадағы , бірге араласып жүрген айналадағы адамдардың да жарық дүниені танып келе жатқан бүлдіршін санасына , мінез- құлқына ықпалы зор екен. Көргенін айнытпай қайталайтын, әр нәрсеге еліктейтін, көруге, білуге құштар баланың нәзік жанын көбіне ескере береміз бе? Үй ішіндегі ерлі-зайыптылардың керісі, ене мен келіннің ң туыстар арасындағы дүрдараздық, екі кісінің басы қосылса арақ ішу, теледидардан сұрықсыз,әдепсіз көріністерді қызықтау, оңай жолмен олжа табу сияқты жағдайлардың бәрі көз алдында өтіп жатқанда баланың бойында небір жолмен қасиеттердің қалыптасуына әсері тимей қала ма? Осының бәрін ой сарасынан өткізсек, баланың жақсы, не жаман адам болып өсуі ең алдымен оны тәрбиелейтін ата-анасына үйдегі басқа да ересек адамдардың іс-әрекетіне, өскен ортасына тікелей байланысты екеніне көзіміз жетеді.Әрине ешкім баласын жаман болсын деп тәрбиелемейді. Кез келген ата-ананың баласына жақсылыұтан басқа тілейтіні жоқ. Өз әке-шешесін

Жек көретін бала да кездеспейді. Алайда өсе келе жаман жолға түссе, оның себебін басқа жақтан емес, тәрбиеде мүлт кеткен кемшіліктің баланы жақсы көру деген осы екен деп айтқанын екі етпей шектен тыс еркелетудің, кімдер мен қайда жүргеніне назар аудармаудың салдарынан іздеген жөн.

«Баланы бастан» демекші ата-ана әуел баста бала тәрбиесіне өте ыждаһаттықпен мән беріп, аса қырағы болмаса, үміті оқтала бермейтіні белгілі. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» деген халық даналығы тегін айтылмаған ғой. Өнегелі шаңырақтан жақсы тәрбие алып өскендер қатарынан жаман адам шықпауы да сондықтан болар. Кейде дұрыс адамдардың балаларынан да ішуге құмар, төбелескіш, ұрлық, жасайтын, тағы да басқа жаман әдеттермен әшкереленіп, сотталып жататындарда кездеседі.Сонда ойпырмай, бұл қалай, отбасында көрген өнегесі қайда кетті, ешнәрседен кенде емес, мұндай қылыққа қалай барды?-деген толып, жатқан сауалдар туады. Оған жауап іздеп көрсек, біріншіден жақсы өнегелі көре білуге, ұйренуге саналы ой, көреген көз керек. Осы қасиетті сол жақсы ата-ананың өзі кезінде баланың бойына сіңіруді ескермей қалады. Екіншіден, бала деген өте сезімтал халық. Олар ата-ананың әлдеқалай еренсіздігінен, байқаусызда мүлт жіберген, ескерусіз қалдырған сәттерін де пайдалана қояды. Сондай сәттер жиі қайталана берсе, оған еті үйреніп,өз пайдасына іске асыра береді. Сондықтан да баланың титтей де кемілігін ескерусіз қалдырмай, сол сәтінде қателігін мойындатып, оны енді қайталанбайтындай түсіндіріп отырған жөн. Өрескел қателігі үшін ұрып-соғудан гөрі қалаған нәрсесін алап бермеу,киноға жібермеу, белгілі мерзімге далаға шығуға тыйым салу сияқты әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жазалау да теріс емес.

Баланың әр нәрсеге бейімі барын ерте байқап, соған қарай баулу жақсы нәтиже берумен бірге , бос сандалып, еріккенінен не бір жаман жолға түсуден сақтайды. Мұндайда спорттың бір-екі түрі,музыка, қол-өнер, сурет, кітап оқу, техника тетігін үйрету сияқты дағдыға баулудың пайдасы зор. Кезінде осындай әдістерге мән бермей еренсіздік танытып, баланың уақытын қадағаламай бетімен жіберудің арқасында, кейін бармағын тістеп отырған ата-аналар аз дей алмаймыз.

Балаға ойын баласы ғой, есі кірген соң басылар деп қарайтын бейқамдық орны толмас өкінішке ұрындырады. Халақ даналығында «Баланы бастан» деп тегін айтылмаған. Тәрбие негіздері нәресте дүние есігін ашқан сәттен басталып, мектепке барғанға дейін қалыптасып қалуы тиіс.

Қорыта айтқанда балаға жақсы өнеге беру үшін ата-ана, тәрбиеші, мұғалім,қысқасы тәрбиеге қатысты барлық ересектер өзін айнытпай қайталайтын ұрпақ барын ескеріп, өз іс-әрекетіне, мінез-құлқына, жүріс- тұрысына , сөйлеген сөзіне дейін есеп бере әрекет еткені жөн. Өйткені өнеге өзімізден.


«Балбөбек» шағын орталығы.



Баяндама.

Тақырыбы:

«Бала тәрбиелеудегі ата-ана рөлі»


Дайындаған тәрбиеші:

Кужасова А.Е.



2013 - 2014 жыл.



© 2010-2022