Поурочный план на тему Дайын пішіндерді орналастыру

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Дайын пішіндерді орналастыру

Мүбаракова Гүлшара Қаратауқызы

" Балдәурен " МҚКК тәрбиешісі

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Мақсаты: Тәулік бөліктерін қайталау, өлең жолдары арқылы естеріне түсіру. Таныс заттарды көлеміне қарай ( үлкен - кіші, биік - аласа, жуан - жіңішке ) салыстыруды үйрету. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

- Балалар, бүгін ерекше күн! Біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

Балалар жарты шеңберге тұрады.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы күн достарым!

Енді орнымызға отырамыз.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? ( күз )

- Күздің неше айы бар? ( үш )

- Қандай? (қыркүйек, қазан, қараша)

- Күздің қандай ерекшеліктерін білеміз? ( Күн салқын болады, жаңбыр жауады, жел болады, жапырақтар жерге түседі т.б. )

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Өте жақсы.

Енді өткен оқу іс-әрекеттерін естерімізге түсіреміз.

Біз тәулік бөліктерімен танысқанбыз.

Несібелі: Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті-қолды жуамыз.

Әжемізге ереміз,

Бақшамызға келеміз.

Бұл қай кезде балалар? ( таңертең )

Бауыржан: Біз тәртіпті баламыз,

Сабақты да оқимыз.

Серуенге де шығамыз,

Бұл қай кез? ( түс )

Сымбат: Күн батады қызарып,

Анамызды күтеміз,

Бұл қай кез? ( кеш )

Кәусар: Үйлерде шам жанады,

Дем алады бар әлем!

Деп әлдилер ақ әжем.

Бұл қай кез? ( түн )

" Айырмашылығын тап " ойыны.

Тәрбиеші: Балалар, суретке мұқият қараймыз.

- Бұл екі аю бір-біріне ұқсайды. Олардың айырмашылығы неде екенін табамыз.

Балалар: Біреуі үлкен, екіншісі кішкентай.

" Дұрыстап дайын пішіндерді жабыстыр "

Үйшікте қоян, бақылдауық бақа тұрды,

Қасқыр, түлкі, жертесер тышқан тұрды.

Тек қана аю оған сыймай қалды,

Үйшікке ол кіремін деп қиратты.

Сұрақтар:

- Бұл тақпақ қай ертегіден? ( Әдемі үй)

- Үйшікті кім ұиратты? ( Аю )

- Аю неге оны қиратты? ( Симай қалды )

Онда оларға жаңа үй салып көмектесейік.

Сергіту сәті: " Менің отбасым "

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз:

Атам, әжем, әкем,

Шешем және мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Ал, балалар сендердің үйлеріңнің төбесі қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

Міне, енді кімнің үйіне қайсысы тұратынын айтайық.

Мысалы: Менің үйіме " Аю " тұрады.

Ал Бауыржан сенің үйіңе қайсысы тұрады? ( Тышқан )

Ал Несібелінің үйіне қоян т.б.

Қайталау, пысықтау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: таң, күндіз, кеш, түн - тәулік мезгілдерін.

Түсінеді: геометриялық фигуралардан құрастыруды түсінеді.

Қолданады: дайын пішіндерді дұрыс жасауды.

© 2010-2022