Технологиялық карта «Ана-өмір гүлі»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Техналогиялық карта

Күні__04_/03_2015 жыл

Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық,Әлеум. орта

Оқу іс-әрекеті: Экологиялық орта,Музыка,Көркем әдебиет.

Апта тақырыбы: «Ана-өмір гүлі»

Ұйым, оқу іс-әрекеті тақырыбы: «Әжем мен анам»,»Ақ мамам», «Таңғажайып та-у»

Мақсаты: Отбасындағы ана мен әженің рөлі мен орны туралы.

Білімділігі:.Мереке туралы балалардың түсінігін кеңейту.

Дамытушылығы:.Қарапайым көңілді әндерді табиғи дауыспен орындай білу.

Тәрбиелілігі,.Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: Тіл дамыту.

Әдіс-тәсілі:.

Көрнекілігі: апта тақырыбына сәйкес суреттер топтамасы.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Жылулық шеңбері

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзді тыңдаймын,

Анашымды сыйлаймын..

Тәрбиешімен бәрі бірігіп қосылып айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру.

Аналар суретіне деген сүйіспеншілік

Тақтада ілулі тұрған ана,әжелердің суреттеріне мұқият қарап,олардың кімді көріп тұрғандарын айтып берулерін сұрайды.

-Сендерді кім ұйықтатады?

-Сендерді кім еркелетеді?

-Сендерді кім жылы сөз айтып жұбатады?

-Сендер бәрінен кімді ерекше жақсы көресіңдер?

-Кім аналар мерекесі туралы біледі?

-Бұл мерекеге сендердің отбасыларың қалай дайындалады?

Бұл балалардың өз ойларын бөлісуге, қуаныш сезімдерін білдіруге мумкіндік беру.

Желілі-рөлді ойын: «Қызы мен анасы»

Аналары балаларына қалай қамқорлық көрсететінін естеріне түсіру арқылы ,балаларды рөлдерге бөліп ойнауға шақырады.

Тәрбиешінің көмегімен балалар қуыршаққа жылы сөз айтып,ойнайды.Мыс;»Ботқа қандай дәмді ,жей ғой қызым,сен менің сүйікті ,ең әдемі қызымсың,жүр, киініп серуендеп келейік...»

-Балалар ,сендер аналар туралы әнді ұмытып қалған жоқсыңдар ма?

-Жарайды ,онда өзіміз үйренген «Ақ мамам» әнін бәріміз бірге айтып ,үйренейік.

Ән «Ақ мамам»

Әнін қайталап ,жаттау.

«Жылы сөз айту» ойыны.

Тәрбиеші Ойыншық көжекті көрсетеді.Көжек балалардан анасы жұмыстан келгенде,оны қалай қарсы алу керектігін үйретуді сұрайды.Балалар қуыршаұтарына айтқан сөздерін естеріне түсіреді,көжекке көмектеседі.

Ертегі оқу. «Таңғажайып тарту»

«Еркелету» ойыны

Ортаға екі бала шығып, аналардың рөліне еніп, өздерін қалай еркелетіндігі туралы айтып, бір-бірін еркелетеді.



Балалар тәрбиешіні мұқият ,қызыға тыңдайды

Сұрақтарға жауап береді.

.





Балалар өздеріне тапсырылған рөлдерді қызығушылықпен ойнайды.





Әнді қайталап жаттайды.

Балалар бір-біріне жылы сөздер айтып ойын шарты бойынша ойнайды.

Ертегіні мұқият зейін қоя тыңдайды.

Ойынды ойнауға қызығушылық білдіреді.

Рефлексифті коррекциялаушы

Қорытынды.

Жылулық шеңбері «Кұттықтаймын мама туған күніңмен!»әнін

қайталап жаттау.

Балаларға сұрақтар қою.

Балаларды мадақтау.

Балалар өздеріне қойылған сұрақтарға жауап береді.

Әнді қайталайды.

Балалар қуана қолдарын шапалақтау арқылы өз ризашылықтарын білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Мен әжемді ,анамды жақсы көремін

Нені игерді: Аналар өз балаларын жақсы көреді айтады,еркелетеді. Нені біледі: Балалар да аналарына жылы сөз айтуды ұмытпау керек.

Технологиялық картаны толтырған:Биханова.К.А



© 2010-2022