Ашық сынып сағаты Жеңістің жырын жырлайық!

Раздел Дошкольное образование
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жеңістің жырын жырлайық!

Мақсаты:

Білімділік: Ұлы Отан соғысының тарихи маңызы, халықтың Отан сүйгіштік қасиеті қаһарман ерлігі мен еңбегі және бірлігі, егеменді еліміздің дамуы.

Дамытушылық:Оқушылардың ата - ағаларымыздың ерлік істерімен таныстырып, ерліктеріне еліктей білуге, олардан үлгі алуға баулу, ой - өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа,адамгершілікке, ержүректілікке баулу. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Жетпіс жыл - бейбіт көктем таң атқалы,

Жетпіс жыл - шуақты күн таратты әнін.

Есімде сонан бері жетпіс рет,

Ашылды Жеңіс күнінің парақтары.

Жетпіс жыл - үзілмеді құстар әні,

Кетті енді сұм соғыстың қыстағы әні.

Жетпіс жыл - жауымыздың ажал оғы,

Біздің ел үстіменен ұшпағалы.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлемінен қайта орнады.

Соғыста өлгендер тек оралмайды,

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

Құрметті қонақтар, оқушылар халқымыздың Ұлы жеңісіне 70 жыл толады. Бүкіл адамзат Жеңіс күнін жылда салтанатпен атап өтеді. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас , әрі көптен күнге 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.

Шехназ: 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4 - те фашистік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабылу жасады.

Ел басына күн туып, сыналар шақ келгенде әкелеріміз бен ағаларымыз «Отан үшін» деп небір қанды шайқастарға кірді.

Жанболат: Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.

Нұрдәулет: Соқ жас ұлан, соқ қуатпен,

Соқ сылқылдат барабанды.

Жылда есіне ал шабытпен,

Жеңіс үшін аққан қанды.

Бегімай: Соғыстың алдында елімізде 6 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 миллион 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикамыздан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді.Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери коммисариаттары арқылы 1 миллион 900 мың адам сапқа тұрды.

Көрніс: Ұлдар сапқа тұрып, соғысқа аттанады, ал қыздар шығарады.

Медет: Қош бол елім, қан майданға жөнелдім,

Жаным бар да, жаудың жолын бөгермін.

Я болмаса, омырауымнан оқ тиіп,

Жүрегімнің қанын жерге төгермін.

Дастан: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ кеңес халқы жан - тәнімен Отанды қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанышер неміс басшылықтарымен кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

Соғыс жалмап аға - іні,бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Соғыс туралы кино көру. (Ленинградты қоршау)

Мұғалім: 1418 күн мне түн майдан отты маздап соғыс қазаны сақылдап қайнап ажал оғы ойнап жатты. Қазақстанда құрамалар ұлы шайқастардан жылнамасында даңқты беттер жазып қалдырды.

Шамхан: 300 мың жауынгер қыз - келіншектердің ішінде 86 - сы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, оның екеуі бүкіл Шығыстың даңқыты қыздары - Әлия мен Мәншүк.

Шехназ: Әлия, Мәншүк -ер қыздары елімнің,

Әлия, Мәншүк - гүл қыздары жерімнің.

Әлия, Мәншүк - аттары әнге айтылған,

Әлия, Мәншүк - қос жұлдыз көкте жайнаған.

Соғысқа барлығы 1 млн 200 мың Қазақстандық аттанса, оның 603 мыңы майданнан оралған жоқ. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптан өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар, бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс жасады.

Көрніс: Тылдағы жұмыс.

Бірақ ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың бойындағы отандық сезімі, қолына алып сапта тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі жеңіс сағатын жақындата түсті.

Қонақтарға сөз беру. (Оқушылар соғыс туралы сұрақ қояды)

Диляра: Қ.Қайсенов, Т.Бигалдинов, Н.Әбдіров,Б.Момышұлы, Р,Қошқарбаев, Ә,Молдағұлова, М.Мамбетова, сияқты аты аңызға айналған, ағаларымыз бен әкелерімізді, апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.

Мұғалім: Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда биік шындай болып жүрген аталарымызға басымызда ұмытпауы тиіс (1 минут үнсіздік)

Медет: Сүйінші, халқым, сүйінші!

Сүйіншіге сүйінші.

Шаттан,ата - бабамыз,

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті Жеңіспен!

Дастан: Әрқашан әділдік жеңеді, Опасыздықпен шабуыл жасаған фашистер 1945 жылы 9 мамырда Берлинде тізе бүкті. Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жер бетінде бейбітшілік негізі қаланды.

Бегімай: Совет армиясы Москвадан Берлинге дейін даңқты жолдан өтті.Гитлершілер күйрей жеңілді.Фашизмнің орталығы Рейхстагқа батыр ағамыз Рақымжан Қошқарбаев алғашқыларының бірі болып ту тікті.

Көрініс: Ту әкеліп тігу.

Аяулым: Жеңіс!

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі бар балаға.

Жеңіс келді ән болып,

Келді ақылға сән - көрік.

Жеңіс келді алақай,

Тоя жейтін нан болып.

Камила: Жеңістің құны - қираған жамбас,

Жеңістің құны - құраған мың бас.

Жеңістің құны - кесілген біле,

Жеңістің құны - тесілген жүрек .

Күнтуар: - Жеңіс күні Адамзат аңсап күкен күн.( Хормен 9 мамыр - жеңіс күні)

Мұғалім: Дүние жүзі халық бостандық алды, халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық,басқыншылдық тізе бүкті бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.

Мөлдір: Бейбітшілік нұрына,

Дүние жүзі сенеді.

Соғыс өртін өшіріп,

Бейбітшілік сенеді.

Биік үш бейбітшілік көгершіні. Асып өт небір шыңды қаққанда қанатыңда бірге етілсе әлем жас ұрпақтың өршіл үні.

Ән: «Ақ көгершін»

Қорытынды: келген қонақтарымызға мың алғысымызды білдіреміз.Әрқашан жасай берсін бейбітшілік!

© 2010-2022