Технологическая карта по рисование (на казахском языке)

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Гүлдене бер, Қазақстан!

Мақсаты: кең - байтақ Қазақстан туралы мәліметтерін кеңейту,туған жердің көрнісін қағазға түсіре білуге үйрету,өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Отан,туған ел.

Қолданылатын құралдар: түрлі түсті бояулар,үлгі көрнекілік, автобус, ТСО, сүлгі, тұға, қылқалам.

Билингвалдық компанент: қалалар- города, бояу- краски, Астана- Столица

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Психологиялық сәт:

-Балалар,бір сәт көзімізді жұмып,көз алдымызға туып өскен жерімізді елестетейік.

Ал енді көзімізді ашайық.

  • Балалар, Қазақстан еліне саяхат жасайық, автобуспен барайық, үйткені біздің еліміздің жері кең-байтақ,

  • Ал, еңді автобусқа кірейік, орындарға отырып орналасайық

Балалар көздерін жұмып,әуен ырғағымен көз алдарына туған жерлерінің көрікті жерлерін елестетеді.

  • Саяхатқа жиналады

Ұйымдастыру-іздестіру

- балалар, қарандашы менің қолымда біздің еліміздің картасы, не коріп тұрсындар?

-Ия, көптеген қалалар белгіленіп тұр, біздің еліміздің Астанасы қай қала?

-Қазақстан туралы,Қазақстан қалалары туралы қандай тақпақтар білесіңдер. -Қазақстан туралы тағы не айтасыңдар? -Біз қай жерде тұрамыз? -Біз тұратын жердің көрікті орындарын айтып беріңдерші?

-Ал, енді автобустан түсейік.

-Балалар, не көріп турсындар?

-Балалар,болашақта Қазақстанның қандай болғанын қалайсыңдар? -Соны суретпен бейнелеп көрейік. - Бастайық.,еліміздің астанасы әсем қаламызды бейнелеп,сурет салуды бастайық.Көзге бірден түсетін,аса биік «Бәйтеректің» суретін салуды неден бастаймыз? -Алдымен тік төртбұрыш саламыз,оның орта бөлігі жіңішке,төменгі және жоғарғы бөліктері жуандап келеді.Енді оның жоғарғы бөлігіне дөңгеле,яғни шар тәрізді «жұмыртқа» саламыз,көрік беру үшін үлгідегідей етіп дөңгелек жаққа қарай күннің шуағындай етіп ұзынша сызықтар жүргіземіз. «Бәйтеректің түсін өздерің таңдауларыңа болады,өйткені ол түнде алуан түрлі болып өзгерді. -Енді, жолдан шаршадық, сергіту сәтің жасайық.

-Демалдық, енді өз орымызға отырайық

Жұмысымызды бастайық(есімізге түсірейік,неден сурет салуды бастаймыз), тамаша жұмысымызды аяқтаған сол не істейміз?(қылқаламды жуамыз, сүлгіге сүртеміз, сосын оны кептіруге тұғырға қоямыз)

-Картаға қарап өз еліміздің қалаларын айтады.

Көршілес мемлекеттерді атайды

- тақпақтарын айтады

- «Бәйтерек», «Хан шатыр», «Медеу» мұз айдыны, «Көктөбе» спорт кешені.

Күннен - күнге көркейіп келе жатқандығы туралы т. б.

Тақтада сурет салынып тұр.

Суретке қарап, тарбиешінің сурет салғанын мұқият тыңдайды





Балалар музыка ырғағымен тақтадағы суретті үлгіге қарай отырып,өздері сурет салады.

Рефлексивті - түзетушілік

-Балалар,бүгінгі салған суреттерің өте әдемі шықты,олардан көрме жасайық.Суреттер сендердің туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді көрсетіп тұр.

Ал, енді өз қаламызға қайтайық.

Балалар өздерің суреттерді жайлы әңгімелеп береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:туған жердің кең-байтақ екені,өз елің әсем жерлері мен ерекшеліктері туралы білімі кеңейеді.

Игереді:көз алдарына елестету арқылы сурет салу дағдыларын игереді.

Меңгереді:өз ойларын суретте жеткізе білуі,жұмысты орындаудағы тиянақтылығы мен ептілігі қалыптасады.



© 2010-2022