Ашық сабақ Аққала Шағын топ сыныбына арналған

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта № 1 Жылы:2015 айы: 12 апта: 02 күні:11 Тақырыбы: "Аққала". Білім беру салалары: Шығармашылық.Таным. Кіріктірілген білім салалары: Таным. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу. Мақcаты: Балаларға қар және оның қасиеті туралы түсінік беру,домалақтарды біріктіру арқылы бейне құрастыра білуді дамыту,қысқы табиғат әсемдігі арқылы табиғатты суйе білуге тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі, оқу құралдары: Балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар,үлгі,ермексаз,тақтайша,сулық. Әдіс - тәсіл: Үйрету,көрсету,тусіндіру. Сөздік жұмыс: Қар ұшқындап,жапалақтап,борандатып жауады. Билингальді компонент: Аққала - снеговик.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті















Мотивация-



лық



қозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар,мұғалімдермен амандасып алайық!
- Ал енді,балалар,барлығымыз жылулық шеңберіне тұрайық!

Кәне,кәне,тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға.
Шапалақта,шапалақ,
Шапалақта,шапалақ.


- Жарайсыңдар!балалар отыра қойыңдар.


- Балалар,жылдың неше мезгілі бар?


- Қазір жылдың қай мезгілі?


- Қыста не жауады?


-Қардың түсі қандай?


- Қар қатты бола ма,әлде жұмсақ бола ма?


- Қар қандай суық па,жылы ма?


- Балалар қыста қандай ойындар ойнайды?



- Қар күнге шағылысқанда қандай болады?


- Қар таза ма,жеуге бола ма?

- Қар ұлпалары неге ұқсайды?








Балалар мұғалімдермен амандасып алады.


Барлығы жылулық шеңберіне тұрады.










-Төрт мезгілі бар

( Күз,Қыс,Көктем,Жаз ).



- Қыс мезгілі.


- Қар


- Ақ


- Жұмсақ


- Суық


- Шанамен,шаңғымен,

конькимен сырғанақ тебеді,
аққала жасап ойнайды.



- Күмістей жарқырайды.


- Қарды жеуге болмайды.Таза емес,Тамақты ауыртады.


- Жұлдызшаға ұқсайды.

















Іздену



ұйымдас-



тырушы

Билингвальды компонент: Аққала - снеговик.

- Аққала неше бөліктен тұрады?

- Мұрынын,көзін неден жасайды?


- Түстері қандай?

- Аққаланы неден жасайды?

-Енді осы аққаланы жасайтын қарды зерттеп көрейік.Ыдысқа салынған қарды балаларға көрсету.


- Бұл қарды қайдан алдым?
- Қар қайдан пайда болды?

Аспан әлемінен мұз талшықтарынан пайда болып,жерге жауып түседі екен.Олар әртүрлі болып жауады:


- ұшқындап жауады;


- жапалақтап жауады;


- борандатып жауады т.б турлері бар.


Балаларға жауған қардың суретін көрсету.


Сергіту сәті.
- Балалар,қардың қалай жауатынын қимылмен көрсетіңдерші.


- Балалар,қардан Аққаланы қалай жасағанымызды еске түсірейікші:бірінші - үлкен домалақ жасадық,екінші - орташа домалақ жасадық,оны үлкен домалақтың үстіне қойдық,үшінші - кішкене домалақты жасадық та,орташа екінші домалақтың үстіне қойдық.Басына шелек кигіздік.


- Балалар,бұл Аққала менің досым.Сендер өздеріңе Аққаладан дос жасап алғыларың келе ме?

" Аққала - снеговик" сөзін қайталайды.
- Үш бөліктен тұрады.



-Сәбізден,көмірден жасайды.


-Қызғылт сары,қара.



- Қардан жасайды.





- Даладан.


-Аспаннан жауып,жерге түседі.








Балалар қардың әртүрлі болып жауғанын тамашалайды.










Балалар қардың жауғанын қимыл-қозғалыспен көрсетеді.

- Балалар қардан жасаған аққаланың жасалу жолдарын естеріне түсіреді.


- Иә.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп,түсіндіру:


- Ермексазды әртүрлі 3 бөлікке бөлу;


- бөліктерді алақан арасына салып,домалақтау;


- үлкен бөлікті астына қою,орташа бөлікті ортасына,кіші бөлікті үстіне қою;

- бөліктерді бір-бірімен біріктіру;


- қолын таяқшалардан жасау.

Балалардың өз бетінше жұмысы.


Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі.


Аққалаға - досына ат қойдыру.

Аққаланы

мүсіндеудің

әдіс-тәсілімен

танысады.





Балалар Аққаланы мүсіндейді.



Аққалаға - досына ат қояды.















Рефлексивті



коррекция-


лаушы

Қорытындылау кезеңі.



  • Балалар,бұл жасаған достарыңды ата- аналарыңа көрсетемін.


  • Балалардың жұмысын талдау,жаксы қатысқан балаларға қуанышты хабарлама тапсыру.



Балалар жасаған аққалаларымен ойнайды.Өз текшелеріне қояды.Бәрі қуанышты болады.

Күтілетін нәтиже: Біледі: Әртүрлі көлемдегі домалақтарды біріктіреді,ұсақ элементтерін толықтырады; Игереді: Аққаланың қыста ғана болатынын; Меңгереді:Әртүрлі көлемдегі дөңгелектерді алақан арасына салып домалақтау тәсілін. Картаны толтырған тәрбиеші: Рысжанова Жанна Жарылғасынқызы.



© 2010-2022