Презентация на тему Ойындар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ортаңғы топтарындағы қатынас білім бері саласы

көркем әдебиет бөлімінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

дидактикалық ойындары


"Сөйлемді аяқта"

Мақсаты: Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.

Мысалы: Тәрбиеші өлеңнің сөйлемін оқиды, балалар жалғасын табады.

Мен барамын .......(бақшаға)

Апайымның............(қасына)

Ойнаймын мен.........(бақшада)

Ұйықтаймын.............(бақшада)

Қайтамын үйге.........(баптай)

Жан әжем екуміз .........(асықпай)

Дидактикалық ойын "Интервью"

Мақсаты: Балаларды "Менің қалам" атты байланыстыра сөйлем құруға үйрету". Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сенімділікке, құрбыларымен сырласуға тәрбиелеу.

Шарты: Тәрбиеші ғазет корреспонденті болып балаларға микрофонды ұсынып, "Менің қалам" қандай деп әңгімеге тартады. (кейін газет корреспондентінің ролін бала да атқара алады).

Дидактикалық ойын «Мен бастаймын, сен аяқта»

Мақсаты: Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.

Мысалы:Тәрбиеші өлеңнің сөйлемін оқиды, балалар жалғасын табады.

Сипап өткен .........,

Тербеледі ...............,

Шолып едім ...........,

Қауын біткен......... .

Көрінді ......................,

Бел-белестер............

Дидактикалық ойын «Жыл мезгілі» (Күз)

Мақсаты: Жыл мезгіліне тән құбылыстар мен заттарды атап үйрету. Күз мезгілінің ерекшелігін ажыратуға үйрету.

Шарты: Балаларға күз мезгіліне байланысты сюжетті суреттер таратылады. Артық суреттерді анықтайды себебін түсіндіреді, күз мезгіліне байланы бар суреттерді алып себебін айтады.

Шығармашылық орталығына барып балалардың жұмыстарын талдайды.

Қапшықтар ұнатады рахмет деп айтады

Балалар мына жұмыстарынды қапшықтарға сыйлаңдар.

Өлең жолдарын қайта сурет арқылы қайталап бекітеді.


Дидактикалық ойын «Сары түске бес зат айт»

Мақсаты: Куз белгілерін ажырату арқылы сөздік қорын молайту, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Шарты: Тәрбиеші балаларға сары түсті карточканы көрсетеді. Осы түске күз мезгілімен байланысты бес заттын атауын айт.

Ойыннын шартын балалардың білім деңгейіне қарай өзгертуге болады.(басқа да түстерге, көлемге, пішінге).


Дидактикалық жаттығу «Кім көп айтады?»

Мақсаты: Ойлау тындау қабілеттерін дамыта отыра, ауызекі сөйлеулерін жетілдіру.

Шарты: ертегіге байланыстырып сұрақтар қойылады.

  • Қыздардың аты кім?»

  • Олар не істеді?

  • Өрік ағашын кім сындырды?

  • Гүлмира мен Арай қандай іс жасады?

Дидактикалық ойын «Егер де ...»

Мақсаты: Балалардың сын тұрғыдан ойлауларын одан ары қарай жетілдіру, сөйлем мәдениетін қалыптастыру.

Шарты:Тәрбиеші Балаларға сұрақ қойылады егер орманда ағаштар болмаса:

Онда басқа жан-жануарлармен не болмақ?

Дидактикалық ойын "Шыңжырға ертегілерді жинайық".

Мақсаты: Ауызекі сөйлеу және есте сақтау қабілетін дамыту.

Шарты:Балаларға таныс ертегі үзінділері оқылады, балалар қандай ертегілер және неше ертегі жинағы тізілгенің айтады.

Мысалы:"Ата мен әже өмір сүріпті, оларда шұбар тауық болыпты. Бір күні шұбар тауық жұмыртқа беріпті. Әже оны әйнек үстіне суысын деп қойыпты. Ал ата шалқанды тартуға кетіпті. Тартады, тартады, тарталмайды". ("Шұбар тауық", "Бауырсақ", "Шалқан ").

Ертегіні үш сөзден тауып ал:

1) Қатық, құйрық, сиыр. ("Мақтықыз бен мысық")

2) Ешкі, лақтарым, шырақтарым, қасқыр ("Қасқыр мен жеті лақ")

Дидактикалық ойын«Айтшы қандай?»

Мақсаты:Балаларды заттын белгілерін анықтауға үйрету

Шарты: Тәрбиеші (немесе бала) коропшаның ішінен, заттарды алып шығады, балалар заттын атауы мен белгісін айтады.

Мысалы: Мынау -әтеш. Әтеш дауыстап ән айтады, құйрығы, мен айдары әдемі.

Дидактикалық ойын "Кімнің сөздері".

Мақсаты: Ауызекі сөйлеу және есте сақтау қабілетін дамыту.

Шарты: Балаларға ертегі кейіпкердің сөзіне қарай, қандай кейіпкер және қандай ертегі туралы тауып айту керек.

Мысалы: Бұл сөздерді қай ертегінің кейіпкері айтады:

"Бер менің құйрығымды"

(Мысық "Мақтақыз бен мысық" ертегісінен)

"Мен атадан қаштым, мен әжеден қаштым "

(Бауырсақ "Бауырсақ" ертегісінен)

"Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ"

(Көкек "Қарлығаш пен дәуіт"ертегісінен)


Дидактикалық ойын «Қыс мезгіліне байлынысты ертегілерді білесің?»

Мақсаты: Ауызекі сөйлеу және есте сақтау қабілетін дамыту.

Шарты: Балалар бұрын таныс ертегілерді естеріне түсіріп қайсысында қыс туралы айтылғанын айтады.

(жеңілдету үшін арнайы суреттер таратылады).

Мысалы: Екі аяз, Қолғап, Қоянның үйшігі, Ақшақар.

Дидактикалық жаттығу: «Кім көп айтады» доп арқылы

Мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшандылыққа баулу.

Шарты: Балалар шеңберде тұрып, допты ұстап алғанда шығармадығы кездесетін етістік сөздерді айту керек.

Мысалы: сырғанап, жарысып, жарысып, қалды

(ойын шартын жетекше сұрақтар арқылы қурделендіруге болады)

Мысалы: сырғанап кім жүр? «Бір топ бала сырғанап»


Дидактикалық ойын «Шырша қандай»

Мақсаты: Зат есімге сын есім сөздерін қатыстырып ауызекі сөйлеу қолданысында пайдалануға үйрету

Шарты: Балалардың қолдарына шырша макеті беріледі, балалар шыршаны қолдарына алып, ол қандай екенін айтып беру керек.

Мысалы: Шырша әдемі, биік.

Дидактикалық ойын «Тым-тырыс»

(өлеңдегі сөздерді есте сақтап қалу үшін)

Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін жетілдіру

Шарты: Тәрбиеші өлеңді оқыған кезде кейбір сөздерге дауыс ырғағын көтеріп оқиды, балалар сол сөздерді қайталап отырады.


Дидактикалық ойын "Біздің пәтер".

Мақсаты: Заттарды өз ара салыстыруға,ұлттық үй жиһаздарын танып білуге үйрету.

Шарты: Молебертке тәрбиеші үйдін бөлмелерінің суреттерін қояды. (Ас бөлмесі, қонақ бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, кіреберіс бөлмесі. Балаларға осы бөлмелерінде тұратын үй заттары таратылады)

Мольбертке не көріп тұрсыңдар?

Алда жатқан суретке қарап қайсысы қай бөлменікі екенін айтып, орналастырындар.

Керекті құралдар: улестірмелі суреттер (үй жиһаздары мен үй заттары: асадал, керует, дөнгелек үстел, орындық, шелек, шымылдық, тоңазытқыш, т.с.с.)

Дидактикалық ойын "Қандай ертегінің суреті?"

Мақсаты: Ауызекі сөйлеу және есте сақтау қабілетін дамыту.

Шарты: Ертегілердің суреттері көрсетіледі, балалар суреттерге қарап қандай ертегігі келетінің тауып айту керек.

"Мақтақыз бен мысық"

"Алма"В. Сутеев

"Қолғап"

Дидактикалық ойын «Нені жоғалттым?»

Мақсаты: сөздіқ корын молайту,есте сақтау қабілетін дамыту

Шарты: Заттардың ішінен 1-2 затты тығып қою, балалар көзін ашқанда сол заттың немесе киімнің атын атап жауап беруі керек.

Дидактикалық ойын "Мінездеме портреті" Салыстыру (ертегі персонаждары бойынша)

Мақсаты: Зат есімге сын есім мен етістіктерді сөздерін қатыстырып ауызекі сөйлеу қолданысында пайдалануға үйрету

Шарты: Ертегі мазмұнын бірізділігін бұзбай жануарлардың мінез-құлқын сипаттап беру керек.

Қоян қандай? -

Қасқыр қандай?

Дидактикалық ойын «Бұл қай ертегі кейіпкері»

Мақсаты: Таныс ертегі және әңгіме кейіпкерлерін тануға, олардың қимыл-қозғалыстарын айтып беруге үйрету.

Шарты: Қоржынға балаларға таныс ертегілер кейіпкерлеріне ұқсас ойыншықтары салынады. Тәрбиешінің ұсынысымен бір бала шығап қоржын ішінен бір ойыншықты алып: бұл қандай жануар? Қандай ертегіде кездеседі? Ол не істейді? Ол қандай?

Мысалы: Қоян ойыншығын алып: Мынау қоян. Қоян ақ, Түлкімен қоян ертегісінде кездеседі.

Дидактикалық ойын «Мен бастаймын сен жалғастыр»

(әңгіменін мазмұнын түсінуі үшін)

Мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып ауызекі сөйлеуін одан ары қарай жетілдіру.

Шарты:Тәрбиеші шығарманың мазмұнын бөліп оқиды, тоқтап қалған жерден бастап балалар жалғастыру керек.


Дидактикалық ойын «Жүреді, жүзеді, ұшады»


Мақсаты:Көлік түрлерін ажыратуға үйрету. Сөздік қорын молайту.

Шарты:Топтын ішінде (жол, теңіз, темір жолы, аспан бұлттарымен, әуежай) тақта алдында қойылады. Балалар көлік түрлерінің суретін тандап алады да, тақтада орналасқан суреттерге қарап таңдаған суретін апарып қояды. Көліктердің қозғалу ұғымын түсіндіріп айтады.

Дидактикалық ойын«Сөз айт, көп айт»

Мақсаты: тақпақ мазмұнын, жекелеме сөздерді, есте сақтауды жаттықтыру.

Шарты: Балаларға таратпа суреттер таратылады. Сурет бойынша сөйлем айтады, тақпақ мазмұнына сәйкес жауап қайтарады.

-Бұл ненің суреті? Құс қайтті?-Құс. Құс келді.

-Көбелектер не істеді? -Көбелектер.Көбелектер гуілдесті.


«Суретті жандандыр»

Мақсаты: Өлеңдегі сирек кездесетін сөздерді айтқызып үйрету, жаттықтыру.

Шарты:Балалардың қолына тақпақ мазмұнына сай жекелеме заттар мен құбылыстардың бейнелері,суреттері таратылады. Балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдап, тиісті суретті ұстап тұрған бала фланель тақтаға орналастырады.

«Не қажет?»

Мақсаты: зейінді дамыту,шығармашылық сөйлеу қабілетін дамыту.

Шарты: Балалар суретте жетпей тұрған бөліктерді анықтайды. Атап айтады.(Күннің шуағы жоқ, жапырақсыз гүл, сусыз жылғадан су ішкелі тұрған лақ)

Дидактикалық ойын «Не көрдің?»

Мақсаты: бейнелі есте сақтауды дамыту, репродуктивті қиялдау қабілетін дамыту.

Шарты: Балалардан көздерін жұмып айтылған сөздерді қандай түрде көздеріне елестеткендерін сұрау арқылы оқиға желісін реттілігімен құрастыру.(Бейнелік суреттерді ,кейіпкерлерді өзгертіп,құбылтып айтуларына ерік беруге болады)

Мысалы: Тәрбиеші

-Қар еріді. Қандай болып еріді?

Бала:Шалшық, көл-көсір, ағып жатыр, батпақ болып езіліп.

Дидактикалық ойын «Не, қайтті?»

Мақсаты: Кейіпкер мен оның іс әрекетін үйлестіру. Сөздің гармматикалық құрылымын дұрыс сақтауға үйрету.

Шарты: Тәрбиеші оқиға желісіне сай кейіпкерлерді атап отырады, балалар оларға қатысты іс-әрекетті естеріне түсіріп байланыстырып айтады.

Мысалы Тәрбиеші:

-Жылан..

-Көкек...

-Қарға...

-Дәуіт...

Балалар:

-Жылан Қарлығаштың балапандарын жейін деп жатты.

-Көкек бүркітке қонаққа барады.

-Қарға үйленгелі жатыр.

- Дәуіт балапандарды құтқарды, жыланды өлтірді.

Дидактикалық ойын «Бұл кімнің сөзі?»

Мақсаты: Дауыс интонациясын айтылу мағынасына қарай өзгертуге машықтандыру.

Шарты: Тәрбиеші балаларға кейіпкерлердің мінез-құлқын түсіндіреді, олардың айтқан сөздерін айтады. Балалар дауыс ырғағы мен интонациясын келтіріп қайталайды.

-Балапандарымды жылан жейін деп жатыр!( үрейленіп)

-Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ.(немқұрайлы)

- Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма!(маңғаздана)

- Олай болса, мені тезірек жеткіз(құлшына)

Дидактикалық ойын «Көңілді доп»

Мақсаты: өлең жолдарындағы ұйқасып тұрған сөздерді есте сақтауға үйрету.

Шарты: өлең жолдарын реттілігін сақтап ұйқасты бастайды, балалардан жалғасын тауып айтады.

Мысалы:

-Ара, ара...

-Гүл...

-Оны...

Дидактикалық ойын «Кімнің заты?»

Мақсаты: Жалпы атауын атауға үйрету, логикалық ойлауын дамыту.

Шарты: Берілген суреттерге қарап қай әскер түрінде немесе кімде болатынын атап айту.

Мысалы: Дүрбі, ит, карта, компас.(Балалар: шекарашы)

Дидактикалық ойын «Сөз ойла көп ойла»

Мақсаты: зат есімге қатыстырып сын есімдер және етістіктер байланыстырып сөйлем айтуға үйрету.

Шарты: Берілген суретке қарап оған тән іс-әрекеттер мен сипатын береді.

Мысалы:Отан қорғаушы қандай болады?

Ол не істей алады?


Дидактикалық ойын «Жалғасын тап»


Мақсаты: Өлең жолдарын бекіту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Тәрбиеші бастаған өлең жолын аяқтайды немесе тәрбиеші толық бір жолын бала өлеңнің келесі жолын айтады.




© 2010-2022