Қоршаған ортамен таныстыру Судың түрі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Таным Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы:Судың түрі Мақсаты:Балаларды судың түрімен, сипатымен таныстыру.Судың қадір қасиетін білуге ойларын қалыптастыру.Суға түкірмеуге және ластамауға тәрбиелеу. Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Интерактивті тақтамен слайдтар көрсетіледі, карточкалар, суреттер, кесте, сызбанұсқалар, су құйылған ыдыстар. Сөздік жұмыс: материал Билингвальді компонент: су - вода

Оқу іс-әрекеттінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация

лық қозғаушы

лық

Жылулық шеңберге тұрайық. Қазір қай жыл мезгілі? Табиғатта қандай өзгерістер байқалады?
«Көктем»суреті І слайд көрсетіледі
Ал енді осы суретке қарап бір бірлеріне жылы тілектер айтыңдар.
Балаларды карточкалар арқылы үш топқа бөлу. Раушан гүл, түймедақ гүлі, фиалка гүлі.

Балалардың қызығушылығын ояту

Жұмбақ шешу

Сұрақ-жауап

Ұйымдасты

рушылық-ізденістік

Топпен жұмыс:
І тапсырма.
Балалар, мен балабақшаға келе жатып жолда бір тамшыны кездестірдім, ол бізге қонаққа келе жатыр екен. Тамшы жалғыз емес, қасында кішкентай тамшылары бар екен, олар бізге жұмбақ жасырып алып келіпті. Біз жұмбақты шешейік па?

Өзен, бұлт, жаңбыр осы сөздердің бәрін біріктіріп ойланып бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар, балалар?
Дұрыс су, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Судың түрі»

ІІ тапсырма
1-топ. Су адамға не үшін қажет?
2-топ. Су жануарларға не үшін қажет?
3-топ. Су өсімдікке не үшін қажет?
ІІ, ІІІ, ІV Слайд көрсетіледі
Ал су құрып кетсе не болады? «Судың да сұрауы бар» деген халық мақалын қалай түсінесіңдер?
V слайд көрсетіледі

Сергіту сәті
Балалар, ортаға шығамыз. Ал енді балалар сендер білесіңдер ме табиғаттағы судың айналымын?
VI Слайд

Сергіту сәті:
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолын жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетін маңдайын.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.

Балалар, біз бүгін зерттеушілер боламыз.
Зерттеуші деген, ол кез келген нәрсені зерттейтін адам.
Бүгін біз суды зерттейміз.

Бір стақаннан екінші стақанға суды құяды
Су қандай?
Судың иісі бар ма?
Судың дәмі бар ма?
Судың түсі бар ма?
Тақтаға суреттері ілінеді

Қорытынды:
Балалар, сендер су деген сөзді естігенде көз алдарына не елестетесіңдер?
Тақтаға суреттер ілінеді

Рефлексивті - түзетуші
Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса күнге шуақтарын жапсырамыз, ұнамаса бұлтқа тамшылар жапсырамыз.



1-топ. Жазда сылдыр қағады, қыста тыным табады.(өзен)
2-топ. Көзі жасты - жылауық, келе жатыр бір алып (бұлт)
3-топ. Аспандағы көлеңке, жерге суын шашады (бұлт пен жаңбыр )

Рефлексия

лық түзетушілік

Мадақтау, қорытындылау

Күтілетін нәтиже: Орындайды: Су тіршілік көзі
Түсінеді: Судың адамға, жануарларға, табиғатқа не үшін қажет. Суды қадірлеу керек Қолданады: көрнекіліктер



© 2010-2022