Балабақша балаларына арналған Сергіту сәттері

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СЕРГІТУ СӘТТЕРІ

Армысың , ардақты Аспан-ата !

Армысың ,мейрімді Жер-ана !

Армысың ,шұғылалы алтын күн !

Күліп шықты күн бүгін ,

Қуант бізді таңырқап ,

Қуанатын күн бүгін .

Қайырлы таң , қайырлы күн !

Күліп шықты күн бүгін .

Алма баққа барайық ,

Алма теріп алайық .

Ең үлкенін алманың ,

Анамызға сылайық .

«Көлеңке» ойыны

Көлбең , көлбең көлеңке

Көлбеңдеген көлеңкем .

Тасып піскен бидайды ,

Айтшы қалай жинайды ?

Көлбең , көлбең көлеңке

Көлбеңдеген көлеңкем .

Былай, былай жинайды .

/Бидай оруды қимылмен көрсетеді/

Көлбең , көлбең көлеңке

Көлбеңдеген көлеңкем .

Қаптап ұшқан торғайдан ,

Оны қалай қорғайды ?

Көлбең , көлбең көлеңке

Көлбеңдеген көлеңкем .

Қаптап ұшқан торғайдан ,

Оны былай қорғайды

/Кіш, кіш! Қолдарымен көрсетеді. Бәрі бірге айтады /

Қорғап қалған бидайды ,

Қырманға әкеп жинайды .

Астық орған байлығы ,

Қамбаға дән сыймайды.

Біз гүлдерше өсеміз ,

Жапырағы жайқалған .

Сабақтары салалы ,

Желмен бірге жайқалған.

-Сәлеметсің бе, табиғат! /тізе бүгіп , иіліп сәлем беру/

-Сәлеметсіңдер ме ормандар, өзен мен көлдер , теңіздер мен таулар!

/Тұрып екі қолын бұлғалайды/

Сәлеметсіңдер ме құстар! /Қолдары екі жанында, құс сияқты қанат қағады/

Сәлеметсіңдер ме аңдар ! /Орындарында тұрып, аю сияқты жүреді,қоян сияқты секіреді/

орманшы балаларды мақтап кетеді.

«Көгершіндер»

Біз ұшамыз , ұшамыз,

Бар әлемді құшамыз.

/Қолды екі жаққа қанатша керіп, бірінің артынан бірі шеңбер жасай жүгіру/

Әрбір үй мен қалаға,

Тыныштық бақыт сыйлаймыз.

/Бір-бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құру/

Бірімізбен біріміз,

Қанекей дос болайық.

/Қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру/

Көктегі құс пен шөп тербеген желдейміз,

Теңіздегі желкен мен жаңбырдан кейінгі селдейміз.

/Қолды толқындата қимылдату/

Біз бәріміз күнмен дос боламыз.

/қолды жоғары көтеріп, алақанға қарау/

Бойыңды сергек тік ұста

Емін -еркін тыныста

Деміңді ішке тез алда,

Сол қолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада.

Оң қол да бос тұрмасын,

Шеңбер жасап зырласын


«Менің отбасым ең...»

Қолымда тұрған добымды

Балаларға берем көңілді.

Отбасы жайлы өрелі,

Әңгіме айтып береді

/балалар! Мен сендерге доп лақтырамын,сендер оны қағып алып,

Отбасыларың туралы жақсы сөздер айтып, маған қайта лақтырасыңдар/

Мысалы:

Ең мейрімді,

Ең көңілді,

Ең спортшы,

Ең тату,

Ең сүкімді,

Ең қамқоршы,

Ең еңбексүйгіш.

«Достықта біздің күш»

/балалар шеңберге тұрады/

1,2,3.../санау/

Желбіре жалауша!/қолдарын жоғары көтеріп шайқайды/

Достықта біздің күш! /екі алақанын бір -бірімен түйістіреді/

Достармен бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз!

Бірге балық аулаймыз,

Міне біздер қандаймыз!

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашан да біргеміз!

Өзімді жақсы көремін, /қолды кеудеге айқастыру/

Күн сайын өсіп келемін. /қолды көтеру/

Ойынға кірем күнде мен, /бір орында секіру/

Ұйқыға батам түнде мен /қолды жаққа сүйеу/

Суға да барып түсемін, /жүзіп көрсету/

Содан соң тамақ ішемін /қасық ұстауды көрсету/

Мамамның тілін аламын /алға қарай иілу/

Міне сондай баламын! /қолды алға созу/


Достарменен бірге біз,

Күлімдейік күлейік.

Қолды созып күнге біз,

Шат көңілмен жүрейік

Жаңбыр жауып басылды,

Күннің көзі ашылды

Айналаның бәріне,

Шуақ-сәуле шашылды.

Көңілденген балалар,

Алақайлап қуанды.

«Жарқыратқан әлемді,

Мен де күндей болар ем».

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Желге ырғалып шайқалған.

Ал, балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға,оңға түзу тұр!

Солға,солға түзу тұр!

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

/Қимылдармен демеленеді/

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң-тозаңды қуамын!


Гүл ұйқыда жатыр еді,

Таң атуға жақын еді.

Күннің нұры шашылды,

Гүл қауығы ашылды.

Алдымен шығып бір желек,

Екіншісі тым зерек.

Үшіншісі бір бөлек,

Төртіншісі бір бөлек,

Бесіншісі де көрінді,

Тұтас гүл боп өрілді !

«Күн, ауа және су »

Күн мен ауа және су /қолдар.жоғары көтереміз/

Бәрімізге керек пе?

Иә, иә,иә! /алдыға қарай иілеміз/

Күн жылыну үшін бе? /қол соғамыз/

Иә, иә,иә! /бір орында жүреміз/

Ауа тыныс алу үшін бе? /қол соғамыз/

Иә, иә,иә! /отырамыз/

Су шынығу үшін бе? /қол соғамыз/

Иә, иә,иә! /қолдарымызды жан-жаққа сермейміз/

Денеңде күш арта ма ?

Иә, иә,иә! /қол соғамыз/

Күн, нұрыңды төге бер,

Жерге дәнін себеді ел.

Өскін жайып жапырақ,

Құлпырады атырап.

Өскінді күтіп-бағамыз,

Күн, саған қонақ боламыз.



«Тырау-тырау тырналар»

Тырау-тырау тырналар,

Жерлермен ұштың бірқатар.

Талай бел артта қалды ғой,

Қанаттарың талды ғой.

Қандай жер саған ұнады?

Деді ол сонда тыраулап:

-Туған жердей жер болмас !

-Еш жер оған тең болмас!

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер,

Үп-үлкен болып өседі.

Оң қолымда 5 саусақ

Сол қолымда 5 саусақ

Қосып едім екеуін,

Болып шықты 10 саусақ.

Бас бармақ- әкем,

Балан үйрек- шешем,

Ортан терек- ағам,

Шылдыр шүмек- әпкем,

Кішкентай бөбек-мен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы -қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Жел соқты гу-гу

Жаңбыр жауды тырс-тиырс,

Жаңбыр басталды

Күн ашылды.

Көжегім тұршы

Бетіңді жушы,

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Киіміңді киші

Бақшаға жүрші

Ал балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Үлкен шеңбер құрған соң,

Алақанды ұрайық

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға,

Шапалақта шапалақ

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен,

Теріп -теріп алайық.

Қалтамызға салайық.

Дөңгеленіп тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Ағаш үйді құрамыз.

Әтеш,әтеш, әтешім,

Алтын айдар әтешім

Майлы басты әтешім,

Мамық жүнді әтешім.

Винни Пух пен Пятачок

Қонақ күту қамында

Вагон, вагон алдыртты,

Айва,киви, бананды.

Дастарқанды жайнатты,

Вальс әуеннін ойнатты

Аққу болып ұшайық,

Көлдің бетін құшайық

Неге сонша шаршадың?

Жүк те жоқ қой арқаңда?

-Жерге түспей қанша күн,

Балам отыр қалтамда.

Чемоданын арқалап,

Гена кетіп барады.

Чебурашка мұңайып,

Артынан ұзақ қарады.

© 2010-2022