Урок конкурс для подготовительного класса

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе қаласы

Благодар орта мектебі

дайдындық топ тәрбиешісі Қасымхан Марсқызы Лаура

Тақырыбы: «Ынтымақты отбасы»

Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата -ана мен баланың арасындағы қарым- қатынасты нығайту. Ата -анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата- ана үштігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайрымдылық, достық қарым -қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Түрі:дәстүрлі емес бас қосу кеші

Керекті құралдар:шар,мультимедиа,үнтаспа.

Тәрбиеші Армысыздар, құрметті ата - аналар, жанкүйерлер! Ана- жарық сыйлаған жан екенсің, Ана- шуақ шашқан таң екенсің. «Ана-өмір,ана-бақыт,ана-жүрек» Деп соққан жүрегімнің әні екенсің. Әке мен ананың бала үшін алатын орны ерекше емес пе? Ендеше,бүгінгі «Ынтымақты отбасы»атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі «Ынтымақты отбасы» атты сайысына «Жұлдыз», «Қонжық», «Ботақан», «Інжу» мектепалды даярлық шағын орталық топтарының ата - аналары қатысқалы тұр. 4 топтың сайыскерлерін құрметтеп ортаға шақырайық.(жеребе тастау)

1. «Қонжықтар» тобы

2. «Ботақан» тобы

3. «Жұлдыздар» тобы

4. «Інжу» тобы

Ендігі кезекте сайыскерлерімізді әділ бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.Аймангүл Шайкуловна Исабекова

2.Бекзада Мәлікқызы Халикова

3.Бақыт Шаяхметқызы Ахаева

4.Жания Шындауылқызы Усманова

Тәрбиеші:Бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.Сайыс 7бөлімнен тұрады.

I - бөлім: «Сәлем-сөздің анасы»

II - бөлім: «Ынтымағы жарасқан менің отбасым»

III- бөлім: «Тұжырымды ой айтайық»

IV- бөлім: «Мақал-сөздің мәйегі»

V- бөлім: «Жалғасын тап» ойыны

VI- бөлім: «Бала тілі-бал»

VIІ-бөлім:«Көңілді күй сыйлайық»

1 бөлім. Сәлем-сөздің анасы

Өнер қуып аналар өтер деймін

Бір басына өнерлері жетер деймін

Бәсекеге түскен аналар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін. «Сәлем-сөздің анасы» деп басталатын бірінші кезеңімізді бастаймыз. Әр топ бір ерекшеліктерін көрсете отырып, тақпақ ретінде ме, өлең ретінде ме таныстырып өтеді.

Сайыскерлер өздерін таныстырып шығады.

2 бөлім. «Ынтымағы жарасқан менің отбасым»

(Әр отбасы өздері дайындаған слайдын көрсетеді.)

3 бөлім. «Тұжырымды ой айтайық» 1.Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп әртүрлі сүрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, алде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?

Бала дегеніміз кім?

2.Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбің тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармағаныңызды қалай түсіндіресіз?

Бала жақсы өмір сүруі үшін қандай жақсы қасиеттер керек?

3.Сабақтан кейін балаңыз ескертпестен жолдасының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай, қатты уайымдап отырғанда балаңыз келеді. Сіз не істейсіз?

Баланы мадақтау дегеніміз не?

4. Бала тәрбиелеу үшін ата-ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?

Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз?

4 бөлім. «Мақал - сөздің мәйегі» - дер даналар,
Білмегендер мақалды артта қалар.
Мәнін ұғып жаттап алған аналарымыз,
Бүгінгі күн алдарыңда дараланар - деп төртінші сайысымыз мақалдарды жалғастыру сайысын бастаймыз.

Бұл бөлімде кім қанша отбасы туралы мақал айтады және де экранға мақалдың басы жазылған аяғын аяқтау керек. Әр отбасыға екі мақалдан беріледі.

Атаға қарап........(ұл өсер), Анаға қарап.......(қыз өсер).

Әке-асқар тау,Ана-(бұлақ),Бала-(жағасындағы құрақ).

Ана сүтін ақтамағанды.....(ешкім жақтамайды)

Атаның баласы болма.....(адамның баласы бол)

Жақсы бала ата-анасын мақтатар,.....(жаман бала ата-анасын қақсатар)

Қарағайға қарап тал өсер,.....(атаға қарап бала өсер)

Үйінде ұлы-қызы бардың(төбесінде жарық жұлдызы бар)

Ананың көңілі- балада,....(баланың көңілі- далада)

5 бөлім. «Жалғасын тап»ойыны

Бұл бөлімде ойыншыларға 4сөз беріледі: Ана,Бала,Дана,Асығу.Осы сөздерді қолдану арқылы өлең шумақтарын құрастырамыз.

6 бөлім. «Бала тілі- бал» Бөлімнің шарты: Балалар тәрбиеші берген сұрақтарға жауап береді.

1. Үйдің шатыры төртбұрышқа ұқсайды.

2.Қарбыздар талдың басында өседі.

3.Жазда шанамен сырғанаймыз.

4 .Жұлдыздар аспанда түнде көрінеді.

5.Лимон тәтті болады.

6.Алма шыршаға ұқсайды.

7.Сиырдың 4аяғы болады.

8.Балмұздақ ыстық болады.

7 бөлім. «Көңілді күй сыйлайық»

Бөлімнің шарты: Әр отбасы өз өнерін көрсетеді.

Тәрбиеші: Бүгінгі күн әр шаңырақтың той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым еткен байқауымыздың соңында

Ақ тілекпен әділқазы сөз алар.

Әділ - қазылар қорытындысы беріледі. Сыйлықтармен марапаттау.

Тәрбиеші: Осымен біздің бүгінгі «Ынтымақты отбасы» атты танымдық сайысымыз аяқталды. Қатысқан ата - аналарға,көрермендерге көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!

© 2010-2022