Отбасы мен бала - бақша бірлігі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:











«Отбасы мен балабақша бірлігі»































Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан - тәрбиелік орта. Отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті. Тіптен «балалық шақ» деген ұғым отбасы мен балабақшаның бірігіп ұйымдастырған бүлдіршіндер тәрбиесімен шектеседі.

Халық әні «Қара жорға» жәй әуенмен ойналып тұрады.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар! Жаңа оқу жылдарыңызбен! Біз сіздермен бірінші ата-аналар жиналысында кездескенімізге қуаныштымыз. Біз бен сіздерді байланыстырып тұрған әрине балалар. Сол балаларымыз аман болсын! Балаларыңыз тек сіздерді жақсы қылықтарымен қуанта берсін дей келе бүгінгі оқу жылындағы жиналысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі ата-аналар жиналысымыздың тақырыбы: «Отбасы мен балабақша бірлігі»

Тақырыпшасы: Викториналық сұрақ-жауап: «Не? Қайда? Қашан?»

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1.Психогимнастика «Күншуақ»

2.Дидактикалық ойын: «Менің атым немесе есімдер сыры»

3. «Отбасы мен балабақша бірлігі»

4.Викториналық сұрақ: «Не? Қайда? Қашан?»

5.Қорытынды «Қонаққа барғанда»


1.Психогимнастика «Күншуақ»

Ата-аналар ортаға шығып шеңбер бойымен дөңгеленіп тұрады. Ортада жарқырап тұрған күннің сәулесі мен жылуынан біздің ата-аналарда, балабақшада да жайлы. Олай болса, әрқайсымыз мына ғажап баулар арқылы күннің жылуын қабылдайық. Күннің жылуын қабылдаған оң қолымызды жүрегіміздің үстіне қоялық. Күннің мейірім жылуы біздің өн бойымызға тарап, біздің жылуымыз көбейді. Енді осы жылуды қолдарымызды ұстасып, бір-бірімізге беріп үлкен шеңбер жасайық. Міне көрдіңіздер ме, кішкене күннің мейірім жылуын бір-бірімізге беру арқылы үлкен жарық күн де пайда болды. Әрдайым осындай күн шуағындай бір-бірімізді жылытып, бір-бірімізге мейірімді, сүйіспеншілікте болады.

2.Дидактикалық ойын: «Менің атым немесе есімдер сыры»

Сіздердің ата-аналарың сендерге ат қойды, есім берді. Әр адамның аты бір мағынаны білдіреді. Адам өз атын құрмет тұтады. Атын атап шақырған кімге де ұнайды. Ал енді сіздер өз аттарыңыз туралы не білесіздер? Осы мақсатта сіздермен дидактикалық ойын: «Менің атым немесе есімдер сыры» ойыны арқылы жақынырақ танысқым келіп тұр. Ойынның мақсаты: Ата-аналар өз аттарын айтады да оның қандай мағына білдіретінін сурет мазмұнымен көрсетеді.

3. «Отбасы мен балабақша бірлігі»

Қазақтың отбасы көбінесе көп балалы болып келеді. Осыған байланысты «Балалы үй базар» деген нақыл сөз де бар. Отбасы мен балабақшаны байланыстырып тұрған балалар. Бала ең алдымен отбасында ата-анасын танып, жақсы көреді. Кейін айналаны сезініп, көбірек білуге тырысады. Ең алғаш тәрбиені отбасынан алады. Отбасынан келген бала үшін топ ең алғашқы ұжым екенін ескере отырып, тәрбиеші балаларды жолдастыққа, достыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Тәрбиеші топ балаларымен қандай қарым-қатынаста болса, балаларда бір-бірімен сондай қарым-қатынаста болады. Бүгін біз сіздерге «Отбасы мен балабақшадағы бақытты балалық шақ» деп аталатын көрме ұйымдастырып отырмыз.

  • Сіздер қалай ойлайсыздар, отбасы деген не?

  • Отбасы бір-біріне қамқорлық жасайтын, бәрі бірге тұратын үлкен адамдар мен балалар. Отбасы әртүрлі: үлкен де, кіші де болады.

  • Отбасы неге ұқсайды? Немен теңестіруге болады?

  • Бес саусаққа, үюлі жидекке, ағашқа ұқсайды.

  • Меніңше отбасы ағашқа көбірек ұқсайды. Олай болса, алдарымыздағы ағаш бөліктерін дұрыс орналастырсақ үлкен бір ағашты құрастырамыз.

  • Жемістер - балалар

  • Ал жеміс неде өседі?

  • Бұтақта

  • Жемістер кімге риза болып өседі?

  • Ата-анаға. Бұтақ - ата-ана

  • Ал бұтақтар да бірдеңеде өседі ғой?

  • Ағаш діңінде өседі. Ағаш діңі - ата-әже

  • Ағаштың мықты болып өсуі неге байланысты?

  • Тамырына байланысты.

  • Тамыры - үлкен ата-әжелерің.

Олай болса, дәл осы ағашты пайдалана отырып, «Қарлығаш» ересек тобының жаңашыр, ұйымшыл, ата-аналардың белсенді тобының құрамының тірек, мәулім ағашын құрастырайық. (Ата-аналар берілген тірек ағаш макетінен (тамыры, бұтағы, жапырақтары, діңі, алма) белсенді топ ағашын құрастырады.) Ата-аналардың белсенді тобының құрамы нешеу?

1.Төрайым

2.1-ші мүшесі

3.2-ші мүшесі

Міне, біз жаңа ата-аналардың белсенді тобының құрамының тірек ағашын қағаз жүзінде құрастырсақ, шынайы түрдегі ата-аналардың белсенді тобының құрамының тірек, мәулім ағашы міне.

4.Викториналық сұрақ: «Не? Қайда? Қашан?»

1.Балабақша күн тәртібін білесіз бе?

2.

5.Қорытынды «Қонаққа барғанда»

Сауалнама: «Жанұядағы бала тәрбиесі»

Бүгінгі ата-аналар жиналысын қорытындылайық.

Ата - аналар жиналысының шешімі:

1.Жаңа оқу жылының жоспары бойынша балалар жұмысы тәрбиеші мен ата-аналар арасында бірігіп жүргізілсін.

2.Балаларға балабақшада беріліп жатқан сапалы білім мен тәрбиені отбасында жалғастыру ата-аналарға жүктелсін.

3.Балалардың тазалығы мен денсаулығына көп көңіл бөлінсін.


© 2010-2022