Ашық сабақ Л дыбысы және әрпі

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Лл дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Лл дыбысы және әрпімен таныстыру.Л дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына, сөйлемді байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық: Дыбыстарды ажырата білуге, қолдарын көркем жазуға баулып, танымдылығын, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды төрт түлікке қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер мен буындар, Алдар көсенің суреті.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу, оқу - құралдарын түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ә) Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Қайырлы күн досым!

Қайырлы күн болсын!

Сәрсенбінің сәті, сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Тек бестікке толсын

ІІ. Өткен сабақты қайталау:

Біз сауат ашу сабағынан нелермен таныстық? (Дыбыстармен)

Дыбысты не істейміз? (Айтамыз, естиміз)

Әріптерді не істейміз? (Көреміз, жазамыз)

Дыбыстарды нелермен таңбалаймыз? (Әріптермен)

Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2 - ге. Дауысты, дауыссыз)

Ойын: «Сөз ойла - тез ойла!»

Шарты: Өткен дыбыстарға сөз ойлау

А - ата, апа, алма, асық....

Т - тауық, ата,тырма, тіс...

П - піл, доп, парта.кітап...

Н - нан, нар, науа,қоян....

Ғ - ғарыш, қарға ,аға....

Р - торсық, қасқыр,ара....

ІІІ. Жаңа сабақ:

-Балалар, бүгін бізге қонаққа Алдар көсе келіпті.(суреті ілінеді).Ол бізге бір жаңа әріпті өзімен бірге ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін «айтпаймын» дейді, ол әріпті табу үшін біз Алдар көсенің тапсырмасын орындауымыз керек.

1-тапсырма. Жұмбақ шешу:

Тастан тасқа секіреді,

Қалқиып қос құлағы,

Ойын болып көкірегі,

Аула оның тұрағы (Лақ)

  • Лақ қай малдың төлі және ол қалай дыбыстайды?

(Ешкінің төлі, мә-мә-мә)

- Лақ сөзінде неше дыбыс бар?

- Лақ сөзін буынға бөліп көрейік?

- Неше буын бар?

- Лақ сөзінің басында қандай дыбысты естіп отырсыңдар? (Хормен Л әріпін айтқызу).

- Кедергімен бе ,әлде кедергісіз бе? (Л дыбысы кедергі мен айтылып тұр)

- Дұрыс, тіліміз тісімізге тиіп. Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр.

- Өте жақсы, олай болса «Л»дыбыс қандай дыбыс екен? (Л дыбысы дауыссыз)

- «Л» дыбысы дауыссыз дыбыс болса онда оны қандай текшемен белгілейміз? (Көк түсті текшемен)

2-тапсырма. Тақтамен жұмыс:

Піл, лимон, балық. Осы сөздерге дыбыстық талдау жасату,буынға бөлу, «л» әрпінің орнын табу.

Ал, балалар Алдар көсеге қалай оқи алатынымызды көрсетейікші.

Л - а; а - ла, т - ал; ал - ға; Тал - ғат; Тал -ғар;

ІV. Сергіту сәті: Бала, бала, балақан

Қане, қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнап.

Топ-топ ,топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

3-тапсырма. Дәптермен жұмыс:

- Балалар, «Л»-дыбысын, кәне ауада жазып көрейік.

Дәптерімізді ашайық

Әдемі етіп жазайық.

Қаламды дұрыс ұстап, жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп, нүктелерді бастыртып жазу.Жаса-жаса Алтын күн!

Жаса-жаса Жарқын күн!

Тіл ұстарту жаттығулары:

Ла - ла - ла Лу - лу - лу

Бұл әдепті бала, Біздің Балнұр сұлу.

V. Cабақты қорытындылау.

- Балалар бізге Алдар көсе тапсырмасымен бірге «Дүкен » атты ойынын бірге ала келіпті.Алдар көсенің ойынын бірге ойнаймыз ба?

Жарайсыңдар ! Онда ойынның шартымен таныстырып кетейін. Ұнат- қан суретті көрсетесің.Ол суреттегі бейнені буынға бөлесің, сөйлем құрастырасың.Сосын Алдар көсе суретті сыйлыққа береді.

- Балалар біз қандай әріппен таныстық?

- Л-дыбысы қандай дыбысқа жатады?

- Жарайсындар балалар, осымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.





V.Бағалау: мадақтау,мақтау арқылы бағалау.

© 2010-2022