Тәуелсіздік төрінде тәрбие сағаты

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәуелсіздік төрінде тәрбие сағатыТәуелсіздік төрінде тәрбие сағатыЖамбыл бастауыш мектебі




Орындаған: Әбдуова А. А



2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз елім - Қазақста!»

Сабақтың масаты:

1.Білімділік: Оқушылардың Қазақстан республикасы туралы алған білімдерін байқау. Жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру, ауызекі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Оқушының алдыңғы өткн сабақтарды қайталай келіп, тілдерін, ой-өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Қазақстанелінің жері, рәміздері, тіл саяхатын, тәуелсіздік жолындағы белестерге тоқталып, оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін тудыру.

Сабақтың көрнекіліктер: Плакат: «Менің елім - Қазақстан!», мемлекеттік рәміздер, карточкалар, кестелер.

Сабақтың түрі: Ойын

Сабақтың барысы:

Ұйымдасу кезеңі:

Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып мына өлең жолдарын бірге қайталайды.

Жайлауымдай жазықпын

Өзенімдей өршілмін.

Гүлдерімдей нәзікпін.

Қуат алған өзіңнен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

Мұғалім:

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып.

Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін.

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мынды бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Мен қазақпын, қазақ елінің азаматы екенін дәлелдеу үшін мына сұрақтарға жауап береміз.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Берілген сұрақтарға тез жауап беру.әр сұраққа жұлдызша жауап береді.

Сұрақтар:

1.Қазақстан Республикасының астанасы?

Жауаптар:Астана

2.Оның өз рәміздері бар ма?

Жауаптар: Ия, бар.Бұл байрағы, елтанбасы, әнұраны,

3.Қазақстан республикасының байрағында не бейнеленген?туының түсі қандай?

Жауабы: Онда алтын күн мен дала қыраны бейнеленген.Көк түсті

4.Мемлекеттік әнұран нені мадақтайды?

Жауабы: Мемілекеттік әнұран достықты, татулықты жырлайды.

5.Қазақстан республикасының мемілекеттік тілі?

Жауабы: Қазақ тілі

6. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Жауабы: Қазақстан - егемен, тәуелсіз мемлекет.

Өте жақсы балалар. Енді біз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған тақпақтарымызды айтайық.

1-ші оқушы:

Тәуелсіздік бізге онай келмеді,

Туымызды бізге ешкім бермеді.

Ел тізгінін қолға алу жолында,

Қыршын кетті талай қазақ ерлері.

2-ші оқушы:

Көк аспандай таулардың,

Желбірейтін күні бұл.

Елім дейтін ұлдардың,

Елжірейтін күні бұл.

3-ші оқушы:

Атамекен-ақ үйдің,

Азат еткен күі бұл.

Құндытағы сәбейдің,

Қазақ болған күні бұл.

4-ші оқушы:

Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі.

Мықты болсын елімнің керегесі,

Мәңгілік желбіресін көк туымыз.

Кетпесн туған жердің берексі.

Оқу іс-әрекетін қортындылау:

Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын молайту және ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Сұраққа аз жауап берген оқушы төмендегі кестеден бір санды тандап алады. Сол санның сұрағына ия немесе жоқ деп жауап береді.

Кесте:

2

1 Қазақстан Республикасының

3

4


Сұрақтар: 1.Қазақстан Республикасының призпденті кім?

Жауабы: Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев

2.Республика күні?

Жауабы:25-қазан

3. Күйгіз үйдің төбесі?

Жауабы:Шанырақ

4. Тәуелсіздік күні?

Жауабы: 16-желтоқсан

Өте жақсы балалар біздің бүгінгі сабаққа жақсы қатыстындар. Келесі сабаққа қызығушылықтарын ояту үшін сабақта жақсы қатысқан балаларды мадақтау.



© 2010-2022