Әлеуметтік орта сабақ жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: Ауаның қасиеттері.

Мақсаты:

  1. Балаларды ауаның қасиеттерімен таныстыру; тәжірибе арқылы ауаның біздің айналамызды қоршап тұрғанына көздерін жеткізу.

  2. Ойлау белсенділіктерін, байқа,ыштықтарын арттыру.

  3. Қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: балалар санына қарай су құйылған ыдыс пен түтіктер; поролон, қарындаш, ауа толтырыған шар, шағын қорап.

Сөздік жұмыс: поролон.

Билингвальды компонент: ауа -воздух, самал жел - легкий ветерок.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекетінің кезеңдері.

Балалардың іс-әрекетінің кезеңдері.

1

2

3

Мотивациялық қозғаушылық

  • Балалар, бүгін біздің тобымызға

таңертең пошташы сәлемдеме алып келіпті. Сәлемдемені біздің досымыз - Самал жел жіберіпті. Не бар екенін көрейік. Самал жел бізге мынандай хат жазыпты: «Шардың ішіне не жасырылғанын табыңдар. Оның ішінде не болуы мүмкін?»

Балалар үрленген шарды айналдырып қарай бастайды. Олар өз пікірлерін айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Билингвальды компонент.

Ауа - воздух, самал жел -легкий ветер.

  • Біз мұрынымызбен не істейміз?

  • Біз немен тыныс аламыз?

  • Яғни, мұрын арқылы ауа біздің

өкпемізге өтеді. Тынысты шығарғанда пайдаланылған ауа қайтадан ауыз немесе мұрын арқылы сыртқа шығарылады. Кәне, бәріміз тексеріп көрейік.

Суретпен жұмыс:

Ауаның ластануы бейнеленген суреттер көрсету.

Проблемалық сұрақ: «Ауаның ластануын қалай азайтуға болады?»

Балалар педагогтың іс-әрекетін бақылайды.

  • Тыныс аламыз.

  • Ауамен.

Педагогпен бірге іс

қимылдарды қайталайды.


Сурет бойынша балалар ауаның қалай ластанатынын айтып береді. Проблемалық сұрақ бойынша өз ойларын айтады.

Рефлекисялық түзетушілік

«Ауа таза болу үшін не істеу керек?» деген сұраққа өз ойларын айту.

Балалар ойларын қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже

Орындайды: ауаның барлық жерде бар екендігін анықтау үшін тәжірибе жасайды,

Түсінеді: адамның табиғатты таза ұстаудағы негізгі ролін; тіршілік үшін таза ауаның қажет екенін.;

Қолданады: тсурет бойынша қорытынды ой айтуды; өз пікірін білдіруді.

© 2010-2022